Қазақстандағы қара және түсті металлургия

  • Жүктеулер: 91
  • Көрсетілім: 2702
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 03/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19437


Сыныбы:

Пәні:

Химия

Күні:

20.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы,
металдар және олардың құймаларын алу әдістері

Мақсаты

 

Оқушыларға  металлургияның  маңызы, түрлері мен кен орындары туралы мағұлмат бере отырып, Қазақстанда кездесетін металл кендерінен металдардың алу жолдарын ұғындыру. Металл алу әдістерін түсіндіру.

Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту. Оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру.

Білім алушыларды іздемпаздыққа, әр құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіре білуге тәрбиелеу. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге және сол арқылы шығармашылықпен ойлануға үйрету.

Сабақ типі

Жаңа материалды меңгеру

Керекті жабдық

тар

Интербелсенді тақта, слайдшоу, химиялық элементтердің периодтық кестесі, ҚР пайдалы қазбалар  картасы, Қ.И.Сәтбаевтың суреті, деңгейлік тапсырмалар және т.б.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Сөздік әдіс (баяндау, сұрақ – жауап), АКТ (слайд арқылы, есептеу құралдары т.б.), алты ойшыл қалпақ әдісі т.б.

I. Ұйым

дастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгендеу

2. Оқушылар назарын сабаққа аудару

 

II.Үй тапсырмасын тексеру:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Миға шабул:

а) Оқушыларға жеке –жеке сұрақтар қойылады.

1. Сұр және ақ шойынның айырмашылығы неде?

2. Шойынды қандай пеште өңдейді?

3. Мартен пешінен алынатын болаттын қасиеті?

4. Конвентор әдісі?

5. Болатты лигирлеу дегеніміз?

6. Не себепті болаттың құрамына хром мен никель қосады?

ә) Үйге берілген есептердің шығарылуын тақтада талқылйды.

1. Массасы 20г болатты оттегі қатысында қаздырғанда 0,4г көмірқышқыл газы түзілсе, болаттығы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.

Жауабы: 0,55%

2. Массасы 10 грамм мыс пен алюминий қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 литр (қ.ж.) сутек бөлінген. Қоспаның құрамын анықтаңдар.

Жауабы: Аl – 54%; Сu – 46%

3. Массасы 500кг пириттен 120л күкірт (IV) оксиді түзілсе, пириттің тазалығы қандай?

Жауабы: 64%

4. Массасы 0,89г мырыш пен магний қоспасына сұйылтылған күкірт қышқылымен әсер еткенде 0,448л сутегі бөлінсе, қоспаның құрамы қандай.

Жауабы: 26,97%Mg, 73,03%Zn.

III. Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Металлургия (грек. metallurgeo – металл өңдеймін) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның  базалық және ескіден келе жатқан  салаларының бірі. Қара және түсті металдарды  алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.

Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі  прокат  пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді.

         Металдарды алу әдістері. Қазақстандағы металдардың кен орындары

Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.

         Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі металды бос жынысынан айыру арқылы байыту жүргізіледі - олардың бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың химиялық белсенділіктеріне негізделген.

        (Қазақстандағы қара және түсті металлургия кендерін стикерлерге жазу арқылы картаға сол қаланың тұсына ілу).

Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.

•        Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;

•        Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);

•        Мn - Қаражал, Жезді;

•        Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы;

•        Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы;

•        Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск;

•        W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы);

•        Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;

•        Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді:

1.      пирометаллургия,

2.      гидрометаллургия,

3.      электрометаллургия.

         Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.

1. Пирометаллургия (грек. руr - от және металлургия) - жоғары температураларда өтетін металлургиялық процестердің жиынтығы (күйдіру, қорыту, конвертерлеу, тазарту және айдау). Пирометаллургия - металлургияның негізгі және көне салаларының бірі. Күйдіру процестерінде материал қатты күйін сақтай отырып, құрамын өзгертумен бірге біршама іріленеді. Қорыту процесінде шикі құрамы толық балқып, 2 немесе 3 қабатқа (қож) бөлінеді. Отынның жануынан бөлінетін жылу және оттекпен үрлеп тотықтыру арқылы металл қорыту процесінің бір түрі - конвертерлеу. Тазартылмаған металдың балқымаларын тұздар, сілтілер және металдар арқылы өңдеу, арнайы әдіспен қождау, вакуумдау, т.б. тәсілдер тазарту процесі деп аталады. Тотықсыздандырылған металды қайта сұйықтыққа (конденсациялау) айналдыру тәсілі - айдау процесі.

2. Гидрометаллургия (гр. 'һуdor' – су, metallurgео - кен өндіремін, металл өңдеймін) - түрлі еріткіштер жәрдемімен руда мен өндірістік қалдықтардан металдарды бөліп алу тәсілі.

Гидрометаллургия - химиялық реагенттердің көмегімен суға ерітіп кеннен, концентраттардан және әр түрлі өндіріс қалдықтарынан металды ажыратып алудың металлургиялық процесі. Таза металл кейіннен бұл ертінділерден бөлініп шығарылады.

3.  Электрометаллургия -  электр тогы күшімен металдар олардың қоспаларын жасап шығаратын өнеркәсіп тәсілдері, яғни таза металл алу үшін қолданылатын әмбебап әдіс.

Жаңа тақырып барысында айтылған мәліметтер арқылы қара және түсті металлургия саласын салыстыру арқылы Венн диаграммасын толтыру:

 

              Қара      Ұқсастығы         Түсті

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Сабақты бекіту

 

Тірек білімді нақтылау. «Ой шақыру».

1. Қара металлургия шикізаты (темір кені)

2.Толық циклді зауыт орналасқан қала (Теміртау)

3.Темір рудасын өндіретін негізгі кен орындары (Соколов-Сарыбай, Қашар, Аят; Лисаков, Атасу, Қаражал)

4. Қазақстанның ферроқорытпалар мен прокатын негізгі сатып алушы елдер (Ресей, Қытай, Европа елдері)

5. Қарағанды металлургия комбинатының негізгі өнімі (болат, шойын, прокат)

6. Ең ірі ферроқорытпа зауыт орналасқан қалалар (Ақсу, Ақтөбе)

7. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты орналасқан облыс (Қостанай)

8. Елімізде қай тауда хромит пен никельдің көп қоры шоғырланған (Мұғалжар)

9. Марганец кені кездесетін кен орындары (Жезді, Қаражал)

10. Қара металлургия өндірісін орналастыру шарты (еңбек қоры, шикізат, отын, көлік)

Есептер шығару:

1. Егер  таза күйінде 112кг темір  алынған болса, алюминотермия реакциясына қанша темір (III) оксиді қатысқан? Жауабы: 160кг

2. Сутектермия реакциясына 336л сутек (қ.ж.) қатысқан  болса, вольфрам (VI) оксидінен  қанша вольфрам алынады? Жауабы: 920г

3. Алюметермия әдісімен темір алғанда массасы 20г Fe (III) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады?

4. Құрамында 80% Al2O3 бар 1 кг боксит күкірт (VI) оксидімен  әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді. Реакцияның жылу эффектісі 578 кДж.

5. Массасы 200 кг алюминий оксидінен 80%-дық шығыммен қанша алюминий алуға болады.

«Шағын тест» әдісі

Берілген слайдтағы тестер арқылы сабақты бекіту.

V. Бағалау

Бағалауға нұсқау беру, оқушылардың бағаларын саралай отырып журналға түсіру. Бағалау критерийлері бойынша алты ойшыл әдіс тәсілімен бағаланып қорытындыланады.

VI. Үйге тапсырма

Үйге тапсырма беру. Сабақты аяқтау.

§41

№1-8

х.е.ж. 11-28, 30, 53

             
Тәрбие.орг сайтынан Қазақстандағы қара және түсті металлургия Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметова Гульназ Шахдаркызы

Алматы қ. Ж.Жабаев атындағы №161 лицей Химияәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar