Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластардың арасындағы генетикалық байланыс.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 665
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20479


Байбатырова Айгүл Қайырқызы
М.Ахметбекова атындағы орта мектебінің
химия пәнінің жоғары санатты мұғалімі

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластардың арасындағы генетикалық байланыс.

Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластарының арасындағы генетикалық байланысы тақырыбы бойынша өткізген сабағымда оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлігін, икемділігін қалыптастыру, қоғамдасып химия пәніне құштарлықтарын ояту мақсатында өткіздім. Оқушылар әр топқа бөлініп, берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, ізденіп, өз ойларын ортаға сала отырып, зерттей, саралай білуді үйренді. Қолданған әдіс-тәсілдерім оксидтердің, негіздердің, қышқылдар мен тұздардың формуласын дұрыс құруға үйрете отырып, қасиеттерін түсіндіруге, химиялық теңдеуін құруға, білімін жетілдіруге көмектеседі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың маңызы кластары жөніндегі алған білімін жинақтау, жүйелеу, қорытындылау, сондай-ақ осы білімдерін тұрмыста, күнделікті қажетке қолдануға, олардың арасындағы байланысты химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеу.
2. Дамытушылық: Түрлі ұлттық элементтерін пайдаланып, пәнаралық байланыстарды қамту арқылы пәнге қызығушылығын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Топтасып жұмыс істеуге, белсенділікке, іскерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, қазақ әдебиеті.
Қолданатын әдіс – тәсілдер:
Кубизм стратегиясы
1. Сипаттаңыз
2. Салыстырыңыз
3. Байланыстырыңыз
4. Зерттеңіз
5. Қолданыңыз
6. Саралаңыз
Бөлімдерінің негізінде жазу және оқу арқылы сыни ойлау тұрғысынан топтастыру, Бес жолды өлең, Венн диаграммасы бойынша өткізіледі.
Құрал –жабдықтар: Кодоскоп, сызба нұсқалар, магний, тұз қышқылы, темір хлориді, натрий гидроксиді, мыс оксиді, күкірт қышқылы, магний хлориді, су, қыздырғыш, пробирка ұстағыш, сіріңке Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Жоғары сыныпта биология генетика бөлімінен
АТА →АНА→ГЕН→ҰРПАҚ
Р Q ♂ ХУ – ХХ ХУ сызбасымен танысысыздар. Қалай түсінесіңдер? Ген нені білдіреді? Генетикалық байланыс деген не?
Ал біз бүгінгі сабақта
металл
Жай-
Бейметал
За ттар→Атом, Молекула→ күрделі
(оксидтер, негіздер
Қышқылдар, тұздар)
Сызбасы бойынша білімдерімізді жүйелеп қорытындылаймыз, жеке кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды анықтаймыз.
Топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Үстел үстінде төрт қалташық бар. Онда металдар, оксидтер, қышқылдар, тұздар деп жазылған тапсырмалар берілген. /Әр топ басшысы таңдап алады./
І- топ Металдар
ІІ- топ Оксидтер
ІІІ- топ Қышқылдар
IV- топ Тұздар
І – тапсырма: Туысыңды тап!
Салт-дәстүрімізде Ата-тегім түп тамырым.
Кім өзінің жеті атасын айтады? Жеті ата.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Әр топтың бір оқушысы жеті атасын айтады.
Бір-біріңе туыс екенсіңдер. Барлығымыздың шығу тегіміз Атығай.
Ал енді бейорганикалық затардың туыстарын табайық.
Химиялық ойын:
1) Үстелде химиялық заттар бар: Fe, N2O5, H3PO4, ZnO, H2SO4, K3PO4, KOH, NaOH, NaNO3, Ca, H2O, HNO3, S, Zn, P2O5, Al.
2) Әр топтан бір оқушы шығып:
І- топ Металдар
ІІ- топ Оксидтер
ІІІ- топ Қышқылдар
IV- топ Тұздар – бөліп алып бейорганикалық заттарды атайды.
2. Халқымызда ата-бабалар дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бар. Бұл дәстүрдің түп тамыры – шежіре. Қазір «Кубизм» стратегиясын пайдаланып бейорганикалық қосылыстардың шежіресін анықтаймыз.
1. Сипатта 2. Салыстыр 3. Байланыстыр 4. Зертте 5. Қолдан 6. Сарала
Осы стратегиямен әр топ жұмыс жасайды.
І Сипатта
Топтастыру стратегиясына сәйкес әр топ мүшелері ақылдаса отырып, алдарындағы қағазға әр топ өз аттарына сипаттама берсін. (Әр топтың бір оқушысы қорғайды.)
І топ – Жәй зат дегеніміз не? Металдардың физикалық қасиеті қандай?
ІІ топ – Оксидтердің физикалық қасиеттеріне және жіктелуіне сипаттама бер.
ІІІ топ – Қандай заттар қышқылдар деп аталады? Қышқылдар құрамы бойынша қалай бөлінеді?
IV топ – Тұздар дегеніміз не? Тұздардың физикалық қасиеттеріне сипаттама бер. Тұздар қалай жіктеледі?
ІІ Сипатта
Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиетін Венн диаграмасы арқылы салыстыр.
І топ – натрий мен күкірттің химиялық қасиетін;
ІІ топ – натрий оксиді мен күкірт оксидінің қасиетін;
ІІІ топ – натрий гидроксиді мен күкірт қышқылының химиялық қасиетін.
IV топ – натрий хлориді мен күкірт қышқылының химиялық қасиетін; (Әр топтан бір оқушы шығып химиялық теңдеулерін құрады)
Қышқылдық оксидтердің Ортақ қасиеттері Негіздік оксидтердің
өзіндік ерекшеліктері. өзіндік ерекшеліктері

ІІІ Байланыстыр
Венн диаграммасындағы орты қасиеттерін пайдалана отырып, әр топтпн бір оқушы шығып, мына сызбаны байланыстырады.
Заттардың басқаға айналуын басқаруға және сонымен қатар халық шаруашылығына қажетте химиялық өнімдер алуға мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасын қорғау:
Күнделікті тұрмыста қажетілікте пайдаланылатын заттарын қолдануын сурет арқылы түсіндіру.
VI Сарала
Оқушы не үйренгенін бес жол өлең арқылы қорытындылайды.
1. Оттегі
2. Түссіз, иіссіз
3. Дем аламыз, қолданамыз, жағамыз
4. Тіршілік үшін ағзаға қажет
5. Өмір өзегі.

1. Тұз
2. Ақ, ашшы
3. Ериді, пайдаланылады, тұздайды
4. Қажеттілігі жағынан адамға керек
5. Натрий хлориді

1. Алюминий
2. Жылтыр, қатты
3. Өткізеді, майысады, тапталады
4. Жеңіл болғандықтан техникаға керек
5. Металл

Қолданған әдебиеттер
Н.Нұрахметов К.Сарманова . Химия- 8
Химия мектепте журналы 2009№4
М.Қ. Құрманәлиев .Химияны оқытудың қазіргі технологиялары. Тәрбие.орг сайтынан Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластардың арасындағы генетикалық байланыс. Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байбатырова Айгүл Қайырқызы

СҚО Шал ақын ауданы . Ыбыраев аулы . Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебі Химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar