ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ САНДЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 810
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22714


«Тексерілді» __________
Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Экологиялық мазмұндағы сан есептер. «Құрамындағы қоспа өнімінің массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу»
Сабақтың мақсаты: Экологиялық мазмұндағы сан есептерін шешуге жағдай жасау
1.Білімділік мақсаты: Экологиялық мазмұндағы сан есептерін шешудің әдіс-тәсілдерін оқып үйренеді,меңгереді.
2.Дамытушылық мақсаты:Сандық есептерді бір – бірінен ажыратады,сараптайды.
3.Тәрбиелік мақсаты:Экологиялық және экономикалық тәрбие бере отырып, белсенділік, іскерлік икем -дағдысын жетілдіру.Оқушыларға қышқылмен жұмыс жасағанда сақ болуға,қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың өту әдісі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Периодтық жүйедегі элементтерге қарап топқа бөлемін,амандасып,түгендеймін.
Күні:

Қызығушылықты ояту.Үй тапсырмасын сұрау

1. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін анықтаңдар:

III I V II VI II I II VI II
NH3, P2O5, CrO3, H2S, SO3
2. Массасы 6,5 г мырыш оттекпен әрекеттессе мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

Бер: 2Zn + O2 = 2ZnO
m (Zn)=6,5 г. Ш: М(ZnO) = 65+16=81 г/моль
т/к: υ (ZnO)-? υ= = = 0,08 моль (ZnO)
3. Төмендегі химиялық реакция теңдеулерін теңестіріп, типін анықтаңдар.
а) 2 Fe(OH)3 = Fe2O3 + 3H2O айырылу реакциясы
ә) 2 Na + CI2 = 2NaCI қосылу реакциясы
б) 4 Na + 4H2O = 4 NaOH + 2H2 орынбасу реакциясы Тәрбие.орг сайтынан ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ САНДЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кужаниязова Айтолкын Аркадьевна

БҚО Шыңғырлау ауданы А.Тихоненко атындағы ОЖББМ химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar