Фосфор және оның маңызды қосылыстары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 612
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20660


Сабақ №
Күні:
Сыныбы: 9-сынып.
Пәні: Химия.
Мұғалім: Кереева Гулим Сайлаубаевна
Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның маңызды қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларға фосфордың оттекті қосылыстары жайлы ғылыми білім қалыптастыру;
2. Дамытушылық – Оқушылардың ойлау, ойын жеткізе білу және оны қолдана білу тәрізді қасиеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік – Оқушыларды Отан сүйгіштікке әрі мамандық негізіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ-жауап, түсінік айту түрінде.
Сабақта қолданылған технология: Сатылай кешенді талдау.
Қажетті көрнекіліктер: Оқулық және әр түрлі химиялық сызба-нұсқалар, т.б.
Пәнаралық байланыс:
Физикамен Фосфор қышқылының физикалық қасиеттері
Өндіріспен Фосфор қышқылының және оның тұздарының қолданылуы
Күтілетін нәтиже: Оқушылар фосфордың оттекті қосылыстары аясы туралы нақты білім меңгереді.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып оқушыларын түгелдеу;
ә) оқушыларды сабақ мәзіріне дайындау;
б) сынып тазалығына назар аудару.
ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: §20-ны сұраймын және дәптерлерінен 8-жаттығуды тексеремін.
ІІІ) Үй жұмысын қорытындылау кезеңі: Негізінен алғанда, оқушыларға үй тапсырмасы бойынша жалпылама сұрақтар легін қоямын.
ІV) Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: Фосфор (V) оксиді Р2О5 – ақ түсті ұнтақ зат. Кәдімгі жағдайда ылғал тартатын қасиетіне сәйкес оны газдар мен сұйықтарды ылғалдан құрғату үшін қолданылады. Фосфор (V) оксиді Р2О5 қышқылдық қасиет көрсетіп, сумен, сілтілермен және негіздік оксидтермен реакцияға түседі.
Фосфор қышқылы. Су мен фосфор (V) оксиді әрекеттескенде судың мөлшеріне қарай әр түрлі фосфор қышқылдарын түзетінін берілген реакция теңдеулерінен көруге болады:

Р2О5 + Н2О = 2НРО3 метафосфор қышқылы

Р2О5 + 2Н2О = Н4Р2О7 дифосфор қышқылы

Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4 ортофосфор қышқылы

Фосфор қышқылдарының ішіндегі аса маңыздысы ортофосфор қышқылы Н3РО4, оны көбіне фосфор қышқылы деп атайды. Оның құрылымдық формуласы:
Н – О
Н – О – Р = О
Н – О

Физикалық қасиеттері. Фосфор қышқылы – түссіз кристалды, улы емес зат. Суда жақсы ериді. Фосфор қышқылы Н3РО4 – орташа қышқыл қатарына жатады.
Алынуы. 1. Лабораторияда фосфор (V) оксидіне су қосып алады:

Р2О5 + 3Н2О = 2Н3РО4

2. Өнеркәсіпте кальций фосфатына күкірт қышқылын қосып қыздыру арқылы алады:

Са3(РО4)3 + 3Н2SO4 = 3СаSO4↓ + 2Н3РО4

Ортофосфор қышқылының судағы ерітіндісі әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Фосфор қышқылы суда ерігенде сатылап диссоциацияланады:

Н3РО4 Н+ + Н2РО4- дигидрофосфат ион

Н2РО4- Н+ + НРО42- гидрофосфат ион

НРО42- Н+ + РО43- фосфат ион

Ортофосфор қышқылының алғашқы сатысына қарағанда келесі сатыларында иондарға ыдырау мүмкіндігі біртіндеп төмендейді. Сондақтан ерітіндіде басқа иондарға қарағанда дигидрофосфат Н2РО4- ионы көбірек болады.
Химиялық қасиеттері. Фосфор қышқылы барлық басқа қышқылдарға тән қасиеттерді көрстеді.
1. Негіздік оксидпен әрекеттескенде ортофосфат түзіледі:

2Н3РО4 + 3СаО = Са3(РО4)3↓ + 3Н2О

2. Ерітіндідегі фосфор қышқылы сілтімен сатылап әрекеттескенде үш қатар: орта және екі қышқыл тұз түзеді:

Н3РО4 + NаОН = NаН2РО4 + Н2О
натрий
дигидрофосфаты
Н3РО4 + 2NаОН = Nа2НРО4 + 2Н2О
натрий
гидрофосфаты
Н3РО4 + 3NаОН = Nа3РО4 + 3Н2О
қатты натрий
фосфаты

3. Қышқыл аммиакпен әрекеттесіп, аммоний дигидрофосфатын түзеді:

Н3РО4 + NН3 = NН4Н2РО4

Фосфор қышқылының азот қышқылынан айырмашылығы, тотығу-тотықсыздану қасиетін көрсетпейді.
4. Табиғи фосфаттар суда ерімейді. Оларды фосфор қышқылымен өңдеп ерімтал тұздарға айналдырады да, тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мысалы:
Са3(РО4)3 + 4Н3РО4 = 3Са(Н2РО4)2
кальций дигидрофосфаты

Фосфат ионға РО43- сапалық реакция: күміс нитратының 3-4 мл ерітіндісін Н3РО4, Nа3РО4 немесе Nа2НРО4 ерітінділеріне тамызса сары түсті күміс (І) фосфаты тұнбаға түседі:

Н3РО4 + 3АgNO3 = 3НNO3 + Аg3РО4↓
сары тұнба

Қолданылуы. Фосфор қышқылы дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте пайдаланылады. Кальций дигидрофосфаты Са(Н2РО4)2 нан пісіруде пайдаланылатын және алкогольсіз сусындар алуға арналған ұнтақтар ретінде қолданылады. ал сілтілік металдардың фосфаттарынан жуғыш заттар алынады. Фосфор қышқылы және оның тұздары көбінесе минералдық тыңайтқыш алуға жұмсалады (22-сурет).
V) Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Жаңа сабақты бекіту оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
1. Фосфор (V) оксидіне жалпы түрде сипаттама беріңдер.
2. Фосфор (V) оксиді сумен әрекеттесіп, үш түрлі қышқыл түзеді. Неліктен?
3. Фосфор қышқылының физикалық қасиеттерін атаңдар.
4. Фосфор қышқылының алыну жолдарын көрсетіңдер.
5. Фосфор қышқылының химиялық қасиеттері қандай?
6. Фосфат ионға РО43- сапалық реакцияны анықтаңыз.
7. Фосфор қышқылының және оның тұздарының қолданылуы жайлы не білесіңдер?
VІ) Сергіту сәті кезеңі: Оқушыларды 2 нұсқаға бөліп, сәйкесінше төмендегідей тапсырмалар беріледі:
І-нұсқа – Фосфор қышқылының пайдасы;
ІІ-нұсқа – Фосфор қышқылының зияны.
VІІ) Сабақты қорытындылау кезеңі: Осы сәтте оқушыларға тақырып соңындағы 3-5 жаттығуларды орындауды тапсырамын.
VІІІ) Үй тапсырмасын беру кезеңі: §21. Фосфордың оттекті қосылыстары тақырыбын оқу және 6-8 жаттығуларды орындау.
ІХ) Бағалау саясаты: Сабақ кезінде үй тапсырмасын айтқан, жаттығуларды орындаған және қосымша сұрақтарға жауап берген оқушылар әділ бағаланады.

№1-тапсырма

1. Фосфор қышқылының физикалық қасиеттерін сипаттаңдар.
2. Фосфор қышқылын өнеркәсіпте қалай алады? Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Мына берілген реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер және коэффициенттер қосындысын табыңдар:
КСlO3 + Р → ?

№2-тапсырма

1. Фосфор қышқылының құрылымдық формуласын жазып, түсіндіріңдер.
2. Фосфор қышқылын зертханада қалай алады? Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Күштілік қасиетіне қарай ортофосфор қышқылын қандай қышқылдарға жатқызуға болады?


№3-тапсырма

1. РО43-, НРО42-, Н2РО4- иондарының аттарын атаңдар.
2. Фосфор қышқылы сілтілермен қалай әрекеттеседі. Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Фосфор неше негізді қышқыл және суда ерігенде қанша сатыда диссоциацияланады? Тәрбие.орг сайтынан Фосфор және оның маңызды қосылыстары Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кереева Гулим Сайлаубаевна

Пікірлер: 0

avatar