Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Фосфор және оның қосылыстары.
  • 04.03.2016
  • 350 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16975

Сабақтың тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Фосфор және оның қосылыстары жөнінде жалпы мәліметтерге сүйене отырып, нақты теориялық білімді ізденіс, өзіндік жұмыстар арқылы толықтыру, меңгерту, бекіту
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып ғылыми дүниетанымын кеңейту, ізденіс жолымен мақсатқа жетуге баулу
Тәрбиелік мақсаты:
Өзара ынтымақтастыққа, өз ұлтын шексіз сүюге, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
1. Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алу.
2. Фосфордың ашылу тарихы, таралуын есте сақтау.
3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында білу
4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алу
5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар есептер орындай алу
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, есеп шығару
Пәнаралық бай.ланыс: Медицина, биология, тарих,география, математика, физика
Көрнекілік:Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, видеороликтер, сызба-суреттер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) топтарға бөлу
ә) топ басшысын сайлау
б) бағалау парағын тарату

II. Негізгі бөлім
1. Ой қозғау (Сюжет)
2. "Қара жәшік" Өткен сабақ бойынша жәшікке түскен сұрақтарға жауап беру
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Кубизм әдісі

I топтың тапсырмасы:
а) азот қышқылы қайда қолданылады?
ә) азот (IV) оксидінен азот қышқылын алу реакциясының теңдеуін жазып бер
б) 176,4 грамм азот қышқылының зат мөлшерін есепте

II топтың тапсырмасы:
а) Нитраттар дегеніміз не?
ә) азот қышқылының диссоциациялану теңдеуін жазыңдар
б) 10 кг. калий селитрасы күкірт қышқылымен әрекеттескенде алынған азот қышқылының массасын табыңдар.

III топтың тапсырмасы
а) Нитраттардың физикалық қасиеттері қандай?
ә) "Патша арағы" дегеніміз не?
б) Концентрлі азот қышқылы мен мыс арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Инсерт тәсілі
Білемін: Фосфордың периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің жалпы сипаттамасы, аллотропиялық түр өзгерістерін, табиғатта таралуы және адам ағзасындағы фосфор туралы білгендерін айтады
Білгім келеді: Периодттық жүйедегі орны.



Алынуы:

Біліп алдым:
Жаңа тақырыпты бекіту үшін әр бір топқа тапсырма беріледі.
I -топ тапсырмасы:
1. Берілген тұздардың :
а) темір (II)-гидрофосфаты
ә) темір(II)-ортофосфаты
б) темір(II)-дигидрофосфатының формулаларын жазыңдар.

2.Құрамында 58% кальций фосфаты бар 50кг сүйекте неше кг фосфор болады?

II-топ тапсырмасы:
Фосфордың адам организміндегі маңызы туралы постер түзу.

III-топ тапсырмасы:



Рефлексия. "Екі жұлдыз, бір тілек"
Үйге тапсырма: §8.13 № 6,8 есептер. Тәрбие.орг сайтынан Фосфор және оның қосылыстары. Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алимбетова Разия Бурхановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 350 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar