Галогендер. VІІА топ элеметтерінің жалпы қасиеттері

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1009
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 01/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21452


Топ: ЭМ А - 01
Тақырыбы: Галогендер. VІІА топ элеметтерінің жалпы қасиеттері
Сабақтың мақсаты:1. Периодтық жүйені пайдаланып VІІА топ элеметтерінің ашылу тарихын,табиғатта таралуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну жолын,биологиялық маңызын, қолданылуы туралы білімдерін тереңдету.
2.Білімгерлердің ойлау қабілеттерін,шығармашылық қасиеттерін, химия ғылымына деген көзқарасын кеңейту.
3. Бір - біріне көмектесе білуге,табиғи байлықтарды ұқыптылықпен қарауға, отанға деген сүйіспеншілігін жоғалтпауға үйрету.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, модульдік оқыту технологиясының ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тақта, калькулятор,оқулық,карточкалар, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі.
Пән аралық байланыс: Биология, математика,медецина.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Білімгерлермен амандасу, белгілеу, топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Слайд №1
«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны. 5 балл,4 балл және 1 балл көрсетілген карточкалар таратылады.
1.Оттек және күкірт элементтерінің периодтық жүйедегі орны.( 1балл)
2.Оттек және күкірт қосылыстарының формуласын жазыңдар?( 4балл)
3. Күкірт элементінің табиғи минералдарын ата? ( 4балл)
4. Күкірттің химилық қасиеті қандай бір мысал келтір?( 5балл)
5. Оттек элементінің аллотропиялық түр өзгерістерін ата?( 1балл)
6. Аллотропия деген сөз қандай мағына береді? ( 1балл)
7.Оттекті ашқан ғалымдарды ата?( 5балл)
8.Жер қыртысында оттек қанша пайыз кездеседі? ( 5балл)
9.Оттек газының физикалық қасиетіқандай?( 4балл)
10.Озон газының физикалық қасиетіқандай? ( 4балл)
11.Сутегінің асқын тотығының формуласы қандай?( 4балл)
12. Сутегінің асқын тотығын не үшін пайдаланады?( 4балл)
Слайд №2
«Жарысты жалғастыр» ( эстафета) оқыта үйрету ойыны
Оттек және күкірт элементінің қосылыстарының формулаларын тақтаға кезекпен жазып көрсетіңдер.Қай команданың жауаптары толығымен дұрыс болады сол топқа ең жоғарғы 5 балл беріледі.
Слайд №3
«Шпаргалка» оқыта үйрету ойыны
Конспект түрінде алдарыңа реакция теңдеулері таратылады, сендер сол реакция теңдеулерін аяқтаңыздар әр дұрыс жауапқа 5 балл беріледі.

1 топ
1.S + H2=?
2.H2O + SO3=?
3.H2SO4+ Na=?
2 топ
1.S + Cu =?
2.FeS + HCl=?
3.H2S + CaO=?
3топ
1.SO2 + H2O=?
2.SO2+O2=?
3.Zn + H2SO4=?
ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақты білімгерлерге тапсырмалар беру арқылы меңгерту
Жаңа сабақ тақырыбы галогендер VІІА топ элементтері
Бүгін галогендердің периодтық кестедегі орнымен,ашылу тарихымен,химиялық қасиетімен,қолданылуы,табиғатта таралуымен таныс боламыз
Слайд №4
«Білімдарлар» оқыта үйрету ойыны. «Білгірлер» өздеріне топ құрады мынадай тапсырмалар орындайды.(Оқулықпен жұмыс), (3,4 ,5 балл) бағаланады.
1.Галогендерді ХЭПК орнын көрсетіңдер.Оларды атаңдар.
2.Галогендердің атом құрылысы.( реттік нөмірі,атомдық массасы,валенттілігі)
3.Галогендердің мүмкін болатын тотығу дәрежелері
Слайд №5
«Аукцион» оқыта үйрету ойыны тақырып бойынша топтарға сұрақтар беріледі.
(3,4 ,5 балл) бағаланады.
1.Галогендер қандай агрегаттық күйде кездеседі?
2.Галогендерді ашқан ғалымдарды атаңдар?
3.Галогендердің қолданылуы туралы айтыңдар?
Слайд №6
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны әр топқа тапсырмалар беріледі
(3,4 ,5 балл) бағаланады.
1.Галогендердің басқа заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
( бірнеше реакция теңдеуін жазыңдар)
2. Галогендерді қандай жолдармен алуға болады мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
Слайд №7
ІV.Жаңа сабақты бекіту:
1.Есеп шығару Қалыпты жағдайда көлемі 33,6 м 3 күкірт сутек газының(H2S) массасын табыңдар.

V.Баға қою.
№ Білімгерлердің аты -жөні Тапсырмаға қойылған баға Балл Қорытынды баға
№ 1 № 2 № 3 № 4 № 5 № 6 № 7
1 топ
2 топ
3 топ

VІ.Үй тапсырмасы. Тәрбие.орг сайтынан Галогендер. VІІА топ элеметтерінің жалпы қасиеттері Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Желдикарева Белес Муратбековна

Жамбыл облысы Шу ауданы шу қаласы Шу темір жол колледжі химия және биология пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar