Химия біздің айналамызда

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 558
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 10/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22564


Тақырыбы: Химия біздің айналамызда
Мақсаты: Химия пәніне деген сүйіспеншілікті арттыру, оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Түрі: топтық жарыс
Көрнекілігі: слайд, плакаттар, видеоролик
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Химия біздің айналамызда» атты 8-9 сыныптар арасындағы химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар.
Білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейік:
1 топ – «Оксидтер» тобы
2 топ – «Қышқылдар» тобы
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсақ:
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырып өтейік.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 кезең «Сәлем сөздің анасы»
2 кезең «Элементті анықта»
3 кезең «Ойлы болсаң, тауып көр»
4 кезең «Тәжірибелер сыры»
5 кезең «Химиялық эстафета»
6 кезең «Ғажайып химия»
Сайысымыздың 1 кезеңі «Сәлем сөздің анасы». Әр топ өздерін таныстырсын.
Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Химия пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. Әр топ топтарының атын, ұранын таныстырады.
Екінші кезең әр топқа мақалдар беріледі,оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды.
1 – топқа. Оксидттер тобына
1 . Қойдың сүті .............
2. ......... қайнауда шынығады
Батыр майданда шынығады
3. Ел іші ........бесік
4. Мақтаның анасы жер
Атасы ...........
5. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, ....... тас екен
2– топқа. Қышқылдар тобына
1.От көмір жейді,
Тот ....... жейді.
2.Өшпейтін өмір жоқ,
Сынбайтын ........ жоқ.
3.Ақыл арымас,
........ шірімес.
4.Аз сөз алтын,
Көп сөз .......
5.Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі .............
3 кезең «Ойлы болсаң, тауып көр» Екі топқа тақтадағы 5 cынауықтың суреттерінде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап береді.
1 сынауық. Қант қызылшасы мен картоп түсіміне ерекше әсері бар тыңайтқыш элемент? (Калий)
2 сынауық .Жүйкені жайландыратын дәрі – дәрмек құрамына кіретін элемент? (Бром)
3. сынауық. «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев)
4 сынауық . Теңіз орамжапырағы – ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент? (Иод)
5 сынауық. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка ретінде қолданады. Оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бұл қай дәрі? (Активтелген көмір)
4 кезең. Екі топқа тәжірибелер көрсетіледі. Әр топ тәжірибенің барысы мен реакция теңдеуін айтып жарысады.
Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсың,
Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-
дей келе «Химиялық эстафета» кезеңіне де кезек келген сияқты. Кезең бойынша әр топқа генетикалық қатар беріледі, сол қатарды жүзеге асыру үшін реакция теңдеулерін топ мүшелері эстафетадағыдай бірінен соң бірі жазу керек.
1 топ.
Fe →FeO →FeSO4 →Fe(OH)2→Fe(NO3)2
1) 2Fe+O2→2FeO
2) FeO+H2SO4→FeSO4+H2O
3) FeSO4+2NaOH→Fe(OH)2+Na2SO4
1) Fe(OH)2+2HNO3→Fe(NO3)2+2H2O
2 топ
CrCl3 → Cr(OH)3 → Cr2O3 → Cr2(SO4)3


1) CrCl3 + 3NaOH → Cr(OH)3↓ +3NaCl
2) 2Cr(OH)3 = Cr2O3 + 3H2O
3) Cr2O3 + 3H2SO4 = Cr2(SO4)3 + 3H2O
4) Cr(OH)3 + 3KOH = K3CrO3 + 3H2O
Сөз әділ-қазыларға беріледі. Топтардың жазғандарын тексеріп, кателерін айтып, ұпай сандары берілсін.
Ғажайып нәрсе химия
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңалап бірі жаралған-
Келесі кезең. Ғажайып химия. Бұл кезеңде әр топқа 10, 20, 30, сандары беріледі.Әр топ сол сандарды таңдап, сандарға сәйкес сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бұл сұрақтар слайдта берілген.
Қорытынды сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз.
Сонымен бүгінгі «Химия біздің айналамызда» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыскерлерге алда әлі де биік-биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Химия біздің айналамызда Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шамуратова Жазира Хангерейқызы

Пікірлер: 0

avatar