«Химия әлеміне саяхат»

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 638
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 24/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18122


Сабақтың тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың
білімін қорытындылау, тақырыпты меңгеру
дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат
арқылы білімдерін жинақтау, пәнге қызығуын,
логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Д.И. Менделеев кестесі, интерактивті тақта, реактивтер:метилоранж индикаторы, Ca(OH)2,
HCL, H2O, мүсәтір спирті, шыны таяқшалар, т.б..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 1) Сәлемдесу
2) Психологиялық дайындық
ІІ. Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Көңілді тапқыштар ,білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді , көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күні жеңімпазы болады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар.
Біреуінің қатты істейтін миы бар.

Сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілеймін
Сабақтың жоспары:
І. «Сәлемдесу»
ІІ. « Кім жылдам»
IIІ. «Тапқыр болсаң , тауып көр»
IV. «Мақалдарды аяқта»
V. «Үй тапсырмасы»
VІ. «Капитандар сайысы»
VІІ. «Жұмбақ шешу»
І-бөлім
«Сәлемдесу»
«Атом», «Молекула» топтары. Топтың атымен, ұранымен таныстыру.
ІІ-бөлім
« Кім жылдам»
1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлігі (атом)
2.Ең жеңіл металл ( Li)
3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын сан ( коэффицент)
4.Күкірт неше валентті ( 2/4/6)
5.Валенттілік қалай бөлінеді ( тұрақты айнымалы)
6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы ( 16)
7.Период нешеге бөлінеді кіші және үлкен
8.Периодтық жүйе неше топтан тұрады ( 8)
9.Топтар қалай бөлінеді ( негізгі және қосымша)
10.Атом молекулалық ілімді ашқан кім ( Ломоносов)
11.Алашқы көмекке пайдаланатын бейметалл ( I)
12.Сұйық металл ( Hg)
13.Ток желісінде қолданылатым металдар (Cu / Al)
14.Сүйекті қатайтатын элемент ( Ca)
IIІ бөлім « Тапқыр болсаң , тауып көр»
Құрамында 78% азот, 21 % оттегі 0,03 % көмірқышқыл газы, инертті газдары бар затты табыңдар.
Жауабы(ауа)
ІV бөлім. Мақалдарды аяқта»
1.Ескі мата бөз болмас, ескі …… біз болмас.
2.Қойдың сүті- ……
3.От көмір жейді, тот …… жейді
4.Арпа бидай ас екен, …… тас екен.
5.Шебердің қолы алтын, шешеннің сөзі …….
6.Аз сөз ……. , көп сөз көмір.
7……. тоттанып тозар.
8.Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай,
…… кессең қысқа , ұзартуың оңай.
V. Үй тапсырмасы :
Әр топтан екі оқушы шығып, өздері дайындап келген тәжірибелерін көрсетеді.
1 топ «Атом» «Отсыз түтін».
Мүсәтір спиртіментұз қышқылы ерітіндісіне екі таяқшаны салып, біріктіргенде түтін пайда болады.
2 топ «Молекула»Түссіз ерітінді: Ca(OH)2, HCL, H2O метилоранж индикаторы арқылы анықтау.
VІ. Капитандар сайысы
Есептер шығару
1 – есеп. SiO2 құрамындағы оттегінің массалық үлесін есепте.
2 – есеп. H2O құрамындағы оттегінің массалық үлесін есепте.
1 – есеп.
Берілгені Шешуі:
SiO2 Mr(SiO2)=60
Табу керек ω(О)? ω(О=32/60 ·100=0,53 немесе 53%

2 – есеп.
Берілгені Шешуі:
H2O Mr(H2O)=18
Табу керек ω(О)? ω(О=16/18 ·100= 0,88 немесе 88%

VІІ Жұмбақ шешу
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Жауабы(темір)

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер .
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. -Сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Химия әлеміне саяхат» Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қашкеева Манат Рыскулбековна

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ленин атындағы орта мектебі химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar