Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
  • 12.09.2016
  • 725 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19472

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (142.0Kb)

Сабақтың тақырыбы:Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Валенттілік туралы түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауға үйрету. Белгілі валенттілігі бойынша екі элементтен тұратын заттың формуласын құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Химиялық қосылыстардың формуласын құруға есептер шығара отырып ойларын терең дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу. Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Жоспар:
1. Химиялық элементтердің валенттігі дегеніміз не?
2. Заттың химиялық формуласын құру үшін нені білу керек.
3. Құрам тұрақтылық заңы .
4. АВ2,АВ3,А2В3,АВ4 типті қосылыстарға сипаттама.
Элементің валенттігі дегеніміз – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті.
Құрам тұрақтылық заңы- алыну жолына қарамастан әрбір күрделі заттың сапалық және сандық құрамы тұрақты болады. (Ж.Пруст)
N2 + 3H 2 → 2 NH 3
NН4Cl + NаОН → NH 3 + Н 2О + NаCl
NН4Cl = NH 3 + HCl
Амиак қандай әдістермен алынса да сапалық құрамы жағынан азот пен сутегінен, сандық құрамы жағынан бір атом азоттан және уш атом сутегінен тұратынын көреміз.сондықтан оның массасы және құрамындағы элементтердің проценттік мөлшерлері тұрақты болады.


Қызығушылықты ояту. Тапсырма №1.
Бір кездерде химия патшалығында Су Ханшайым мен Күкірт алты валентті Ханзада отбасында жас сәби дүниеге келіпті.
Барлығы қуанып, көптен бері өзінің артынан мұрагер болып қалатын ұлды асыға күтіп жүрді.
Медбике келіп ұл деп оған көк лента таққанда бірден қызарып кетті, дүниеге қыз келгенін жанындағылардың барлығы үнсіз түсінді.
Бұл жерде дүниеге қыз келгенін қалай байқады. Медбике нәрестеге қандай лента таққан ?
№ Лента түрлері Ия және жоқ
1 Индикатор лентасын Ия/жоқ
2 Қарапайым лентасын Ия/жоқ
3 Индиский лентасын Ия/жоқ
Тапсырма №2.
Көлік ішіндегі заттар
Дидар ескі үйді жөндеп жатыр. Көлігінің жүк салғышына бір бөтелке су, алюминий сымның, ағаштың кесіндісін қалдырды.
Көлік күннің астында 3 сағат тұрғаннан кейін, оның ішіндегі температура 400С болды.
Көлік ішіндегі заттар қандай жағдайда болды?
Ескерту: әр жауапты түсіндіру (неге «иә», неге «жоқ»)
№ Заттар қандай өзгеріске ұшырады? Иә немесе жоқ
1 Заттардың температурасы бірдей болды Иә/жоқ
2 Сәлден соң су қайнады Иә/жоқ
3 Сәлден соң алюминий сымы балқыды Иә/жоқ
4 Ағаш қызды Иә/жоқ
1. Кім жылдам?
Қисынын табыңыз
(І) валенттілік көрсететін металдар қатарын табыңыз
K Ni Na
Ag F Zn
Cu Co Fe
(ІІ) валенттілік көрсететін металдар қатарын табыңыз
Мg Zn Be
Li F Zn
Cu AI Pb

Ойлан тап
1.Көміртектің валенттігі ІV екенін ескеріп, мынадай заттардың химиялық формуласын құрыңыз.
СО, СН, СS, CF, NaC.
2. Хлордың валенттіктері І,ІІ,V,VII болатын оттекті қосылыстарының формуласы қандай.
3. Төмендегі формуладардан бір,екі,үш,төрт,бес валентті элементтерді бөліп жазыңдар. Na2O, HCI, CI2O5, PH3, Fe2O3, CrO3 ZnO, SiO2, Аs2O5.
4.Мына металдардың хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар: алюминий; калий; мыс;
1.Темір – ауыспалы валенттілік көрсететін химиялық элемент. Темірдің (ІІ),(ІІІ) валенттігін оттегімен, күкіртпен (ІІ), хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар.
2.Азот оттегімен қосылысында бірден беске дейін валенттілік көрсете алады. Азоттың оттегімен қосылысының формулаларын жазыңдар.
3.Марганец оттегімен қосылыстарында 2,3,4,6,7 валенттілік көрсетеді. Марганец оттегімен қосылысының формулаларын жазыңдар.
4.Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.

«Мені таңда»
Берілген қосылыстардың ішінен АВ2,АВ3,А2В3,АВ4 типті молекулаланы табыңыз және аттарын атаңыз
P2O5 ,NаОН , SO3 , CаO , MgO, H2 SO4, HCl , NН4.
KCl, Н2СО3, ВаO, SiО2, Са(OH)2 , СО2 ,
Fe(OH)3, BaO, Cl2O7.
KOН, BaSO4, CO, HCl, Al2О3, Na2O, Н3PО4, FeO.
Ой шақыру
Үйге тапсырма:§10,11. Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі.Зат құрамының тұрақтылық заңы. № 1-10 жаттығулар. “Валентілік” сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. Тәрбие.орг сайтынан Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі. Зат құрамының тұрақтылық заңы. Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мурзагалиева Жанылсын Исатаевна

БҚО, Зеленов ауданы, Рубежин жалпы орта білім беретін мектеп – балабақшасы химия пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: Жанылсын_Мурзагалиева
Көрсетілім: 725 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar