КОУЧИНГ ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДА АЛҒАН БІЛІМІМ

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1052
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 05/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18938


Қызылорда облысы
Сырдария ауданы,Ақжарма ауылы
№130 Абай орта мектебінің
химия,биология пәнінің мұғалімі
Тұяқова Зиягүл Оразалықызы

КОУЧИНГ ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДА АЛҒАН БІЛІМІМ

"Коучинг-әріптестермен бірлесе құрылған құпия,белсенді және жасампаз өзара әрекеттік үдеріс.Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру,идеялармен алмасу,оларды тереңірек дамытып,жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін,игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді".(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,129-бет)
Коучинг жүргізу нәтижесінде әріптестеріммен бірлесе отырып, оларды толғандырып жүрген мәселелерді бірге шешуді жоспарлауды үйрендім. Олардың идеяларымен алмасып, коуч ретінде рефлексивті диалогқа тарту негізінде коучингке қатысқан мұғалімдердің жұмысының жекелеген салаларын жетілдіруге ықпал еттім.
Коучинг өткізу барысында үлкен жауапкершілікті сезінемін. Әріптестерімнің де оқытудың жеті модулін негізге ала отырып,өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізгенін қалаймын. Осы өзгерістерді енгізуге менің әріптестермен өткізген коучинг сабақтарымның әсері болатынына сенімдімін. Әріптестерім өткізілген коучинг сабақтарымның ұнағанын және алған әсерлерін айтып,мені қуантып отырады.
XXI ғасырда оқыту үдерісінде мұғалімдер өздерінің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуі керек. Мұғалім кәсіби дағдыларын оқушыларға үйретуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы тиіс. "Ол жағдайда мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданылатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейте түседі."
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 14- бет.) Осы мақсатта коучинг жүргізу өте тиімді екенін түсіндім.
Дәстүрлі білім беру үдерісін бір сәтте өзгерту қиын. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін түсінгеннен кейін, коучинг сабағында әріптестерім өздерін оқушылардың орнына қойып,көзқарастары өзгере бастады. Коучинг сабақ соңында кері байланыс жасай отырып, әріптестерімнің дәстүрлі білім беру үдерісіне аз да болса өзгеріс енгіздім деп ойлаймын.
Мен өз мектебімде коуч ролін сәтті атқарып жүрмін. Коучинг өткізу арқылы өз әріптестеріме Бағдарламаның идеясын толық жеткізе алдым, оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыдан толық қамтыдым деп ойлаймын. Және практика жүзінде мектебіме өзгеріс енгізуге алғашқы қадамды жасадым. Коучингті саны10-15 мұғалімдер арасында өткізіп жүрмін. Алдағы уақытта коучингті тәжірибесі аз, жас мамандарды тыңдап, пікірлесіп, олармен әріптес ретінде емес, тәжірибелі ұстаз,жақын сенуге болатын жанашыр ретінде, оның кәсіби бар мүмкіндіктерін ашуға көмектесуге бағыттауды өз жоспарыма енгіздім.
Сонымен бірге, коучинг өткізуде тек жас мамандармен ғана емес, өз мүмкіндігін аша алмайтын, білетіні мен түйгені көп, бірақ оны бағалай алмайтын, қолынан іс келетін, бірақ оны жасап көрмеген кейбір әріптестеріме бағыт-бағдар беруді, коуч ретінде қолдау көрсетіп жүрмін.
Коучингті оқушылармен әр түрлі тақырыпта жүргізу де тиімді болатынын түсіндім. Бұл арқылы олардың оқу сапасын арттырып, тәрбиесіне де ықпал етуге болады. Кез-келген оқушының өзіндік ерекшелігі бар және әр оқушы дарынды, әр оқушының өзін таныта алатын мүмкіндігі бар және әр оқушының өзі ұнататын пәні болады. Осы қағидаға сүйене отырып, олардың мүмкіндіктерін ашуға да көмектесіп отырамын.
Коучинг-сессияда мұғалімдер өздеріне қажетті көптеген мәліметтер алады. Ең біріншіден, мен әріптестеріме, мұғалімнің өз тәжірибесіне өзгеріс енгізудің кезі келгендігін мойындаттым. Екіншіден, бағдарламаның мақсат, міндетімен, негізгі идеясымен таныстырдым. Коучинг мұғалімдерге жаңа мәлімет берудегі тамаша әдіс екенін мен де, әріптестерім де түсінді. Өткізген коучинг сабақтарым өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ұсыныс білдірген мұғалімдер саны көбейді.
Өткізген коучинг-сессияға қатысқан мұғалімдер алғашқы өзгерістерін енгізе бастады. Сабақтарын топтастыру арқылы өткізіп, сабаққа қажетті құралдарын дайындады. Сабақта балаларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін, топтық жұмыстарды енгізіп, Блум таксономиясын пайдалана отырып, балаларды өз ойын еркін айтуға, қиын мәселелерді шешуге қолданылатын стратегияларды пайдалана отырып, оқушыларды зерттеп және олардың ерекше қабілеттерін ашуға әрекет жасай бастады. Өз сабақтарында бұрын байқай бермейтін өзгерістерімен бөлісіп,(оқыту үшін бағалау, көшбасшылықты анықтау ) жақсы пікірлерін білдірді. Әсіресе, оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың айырмашылығы жайлы пікірлері қалыптасты. Мұғалімдердің бағалауына қарағанда оқушының өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы оқушы ынтасын арттырып, сабаққа қызығушылығын да арттыратыны жұмысымызды нәтижелі болуға бағыттап, сапалы оқытуға негіз болатынын түсінді.
Коучинг өткізу кезінде әрбір оқушының жеке қажеттіліктерімен байланысты мәселелер және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру арқылы өз білімімді жетілдіре отырып, үнемі ізденісте боламын. Өйткені коучинг өткізу кезінде мен коуч ретінде өз білімімді жетілдіріп отыруым керек.Мектепте мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құрып, сол арқылы оқушылардың жетістіктерін, танымдық дамуына септігін тигізетін даму бағыттарын анықтап, нәтижесінде оқушылармен, әріптестермен, ата–аналармен сындарлы кері байланыс жүргізіп, тығыз байланыс жасап,жұмыс бағытын анықтап отырамын. Мектепте мұғалімдерді оқушылардың іс-әрекетін зерттеп, оқыту сапасын арттыру мақсатында "Lesson Study-ге" тарту мәселелерін де жүзеге асырамын.
Менің кәсіби даму үдерісімнің нәтижесі жоба барысында көрініс табуы керек.
Жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге ендіріп, қолдану оқыту сапасының өзгеруіне әсер етеді. Тәжірибедегі өзгерiстер, оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi практика жүзінде көрініс табуы тиіс. Бұл айтылғандар мұғалімнің кәсіби дамуында маңызды болады деп ойлаймын. Мектептегі тәжірибе кезіндегі менің жобам нәтижелі болып, әріптестерімнің қызығушылығын оятып,түсіндіре алсам, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау табады. Бұл өзгерістерді әріптестерім өз тәжірибесін жетілдіру жұмысына жақсы бастама деп қабылдайтындығына сенімдімін. Мектеп ұжымы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңаша жұмыс жасайтын болады.Сол себепті әріптестерімді коучинг сабағы арқылы қызықтырып, оларға бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін түсіндіре білдім деп ойлаймын. Әлемдік білім деңгейіне жеткізу мақсатымен мұғалімдердің желілік қоғамдастығы маңызды роль атқарады. Сондықтан, аудан бойынша бірінші деңгейде оқып жатқан әріптестеріммен желілік қоғамдастық құрдық. Желілік қоғамдастық арқылы идеяларымызды бір-бірімізбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Идеядан идея туып, жаңа идеяларды оқыту сапасын жақсарту мақсатында қолдана аламыз. Білімді және сыни тұрғыдан ойлау жұмыстарын жинақтау үдерісі дамып, үздіксіз жүріп жатады. "Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады".(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 80 бет).
Қазіргі кезеңде әрбір мұғалім алдына оқытудың әдіс- тәсілдерін өз тәжірибесіне енгізіп, жетілдіріп отыруды және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруді мақсат етіп қою керек. Сабақ барысында оқушылардың ұжымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, еліміздің болашағы оқушыларға жүйелі, нақты білім беру қазіргі заман талабы.
Уильям Уорд айтқандай : "Жай мұғалім хабарлайды".
"Жақсы мұғалім түсіндіреді".
"Керемет мұғалім көрсетеді".
"Ұлы мұғалім шабыттандырыды", демекші әріптестерімнің "ұлы мұғалім" болуларын қалаймын. Оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалану арқылы жаңашыл мұғалім болуға , өз тәжірибеме үнемі сараптама жасап, өзгерістер енгізуге тырысамын.
Коуч ретінде әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға көмектестім. Әріптестерімнің өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізіп, шығармашылық еңбегі мен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына,кәсіби дамуларына септігімді тигіздім.



"Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері"
тақырыбында өткізілген коучинг-сессияның жоспары

Коуч: Тұяқова Зиягүл Оразалықызы
Тақырыбы "Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері".

Сілтеме Жоспар ,интернет.

Мақсаты Инклюзивті оқыту - барлығына қолжетімді оқыту екендігі туралы түсінік беріледі.
Мектептегі инклюзивтік оқытудың міндеттерін айқындау, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын қарастыру.
Негізгі идеялар Мұғалiм балалармен жұмыс iстегенде, оқушының жеке қажеттiктерiн ғана емес, сонымен бiрге мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін, балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайды жасау. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалар бірге оқығанда олардың даму мүмкіндіктері жақсаратындығы туралы түсінік алады.
Коучтің әрекеті
Мұғалімдердің әрекеті уақыты ресурстар
Псих.ахуал Бір-бірімен танысу
2 мин. музыка
Топқа біріктіру Үш топқа бірігеді (лента арқылы)
2 мин. Түсті ленталар
Кіріспе тапсырма Бейне жазба "Сынық құмыра".
(коментарий б/ша топтар өз пікірін білдіреді) 7 мин.
Сергіту Бейне жазба "Тілек сөздер".
5 мин. музыка
Бірлескен топтық жұмысқа негізделген тәсіл Әлеуметтік бейне ролик "Уақытқа тәуелді тағдырлар". 5 мин. Интерактивті тақта
Тапсырма
1.Инклюзивті білім беруді жетілдіру жолдары.
2.Инклюзивті білім берудегі қиындықтар.
3.Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары. 15 мин. Интернет,
постер
Сабақты бағалау "Ақылдың алты қалпағы" бойынша 2 мин. Талаптар б/ша
Кері байланыс Кері байланыс парағы 2 мин. Рефлексия ж/е тілек



Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2.Интернет ресурс.
3.Тәжірибелік есеп. Тәрбие.орг сайтынан КОУЧИНГ ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДА АЛҒАН БІЛІМІМ Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тұяқова Зиягүл Оразалықызы

Пікірлер: 0

avatar