«Маңызды S, Р, D, F –элементтер және олардың қосылыстары»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 995
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 27/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21363


ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Химия және биология пәнінің оқытушысы:
Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Пәні: Химия пәнінен үйірме
Үйірме сағатының тақырыбы: «Маңызды S, Р, D, F –элементтер және олардың қосылыстары»

Сабақтың мақсаты: Металдар жөнінде алған теориялық білімді нақтылау, ізденіс, өзіндік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту, кеңейту, топтасып жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын қалыптастыру, ойлауды дамыту, баланың талабын ұштап, қиялын дамытып, ой – өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, студенттердің белсенділігін, химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың оқу құралдары: оқулық, дидактикалық карточкалар, кестелер, интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, химиялық реактивтер

Сабақтың типі: Қайталау сабағы – (сайыс)
Қолданатын әдістер түрлері: топ жұмысы, есеп шығару, шығармашылық өнер, мақал – мәтелдер, қызықты тәжірибе жасау.

Сабақтың жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, студенттерді түгендеу);
II.Сабақтың мақсатымен таныстыру;
III.Сабақтың барысы: топ студенттерін 2 топқа бөліп, топ басшысымен таныстыру.

І-топ: Электрон
ІІ-топ: Протон
Сайысқа түсуші екі топқа сәттілік.
Сәлемдесу
“Электрон” командасы:
Сәлем саган “Протон”
Зарядтың оң,ісің де оң
Жарыста жет деп жеңіске
Жолдайды тілек “Электрон”
Ұраны: “Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады”

“Протон” командасы:
“Электрон” командасы сәлем сізге,
Жолдапсыз жақсы тілек дос деп бізге.
Білімді сарапқа сал,сайысайық,
Ұпайды көп алайық сіз де,біз де!
Ұраны: “Білім-инемен құдық қазғандай”

I.Сайыс: Қызығушылықты ояту. Ой қозғау стратегиясы.
«Химиялық ой жинау»
А.1.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі металлдардың санын көрсетіңіз.
2. S элементтердің орнын көрсетіңіз.
3.Металдардың физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
4.Металдардың химиялық қасиеттерін атаңыздар.
В.Жұмбақты шешу:
1.Ақ металл айналды тыным таппай,
Жүргендей су бетінен орын жақпай
Аздан соң суға сіңіп, жоқ болады,
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай.
(Сілтілік Na сумен әрекеттесуі.)
2.Тоңмай деп қолмен ұстап жүрме кетіп,
Денеңді күйдіреді күлдіретіп,
Ерітіндісі мөп-мөлдір судан тұнық,
Алатын майға қосып сабын етіп.
(Na,K-сілтінің ерітіндісі)
Кім тапқыр?:
1. Ең жеңіл металл (литий)
2. Ең жұмсақ металл (цезий)
3. Алақанда балқитын металл (цезий)
4. Ас содасы құрамына кіретін металл (натрий)
5. Хлорофилл құрамында кездесетін металл (магний)
6. Жүрек қызметін реттейтін металл (калий)
7. Қанның құрамында кездесетін металл (Са ) және (Fe)
8. Калий металды арапшадан аударғанда «Өсімдік күлі » болып аударылады.(калий)
9. Жарық және жылу бөле жүретін реакция (жану)
10. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек (молекула)
11. Химиялық элемент таңбасының төменгі жағына жазылып, атом саныны білдіретін сан (индекс)
12. Бастапқы заттың түрленіп жаңа затқа айналуы (химиялық құбылыстар)
13. Заттарды қоспалардан бөлу әдістері (тұндыру сүзу кристалдау айдау)
14. Бастапқы заттардың құрамы мен қасиеті өзгермей сақталады (физикалық құбылыс)
15. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)
16. Өнеркәсіпте оттегін неден алады (ауадан)
17. Ауаның салыстырмалы молекулалық массасы (29)
18. Периодтық жүйеде неше бейметалл бар (22)
19. Химиялық элемент ұғымын алғаш енгізген (Р.Бойль)
20. Заттардың оттегімен әрекеттесуі (тотығу)
21. Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі (Озон)
22. Периодтық жүйеде «Түз түзушілер» деген мағына білдіретін элементтер қалай аталады (галогендер)

II.Сайыс, Мағынаны тану, топтастыру.
1.Төмендегі металл қосылыстарын білесіз бе?
CaO, K2 SO4 , CaCO3 , KCl, Ca(OH)2 , KNO3 , CaCl2 , KOH, K2O, Ca(PO2)2, Ca(HCO3)2 , K2SO4.
Тапсырма: Калцийдің (1 оқушы ), калииді (2 оқушы ) қосылыстарын теріп жаз.
Әр топтан бір оқушы шығып орындайды.
2. «Химиялық лото » сайысы металдардың химиялық қасиеттеріне негізделген лото ойыны.
Тапсырма: Ойын картасында затардың 8 комбинациясын және 8 сәйкес реакциялардан шыққан өнімдері жазылған карточкалар берілген. Осы реакцияларды сәйкестендіріп, коэфиценттерін қойыңыздар.


1-топ
K + H2
Ca + H2O
CaO + CO2
CaCO3
KH
Ca OH
2-топ
Na + Cl2
Na – H2O
Ca+ HCl
NaCl
NaOH + H2
CaCl2 + H2



Жауаптар:
2K + H2 = 2KH
Ca° + 2H₂⁺O = Ca²⁺(OH)₂ + H₂°
CaO + CO2 → CaCO3
CaCO3 CaO + CO2
2KH = 2K + H2
Ca(OH)2 → CaO + H2O

2Na + Cl2 → 2NaCl
2Na + 2H2O → 2NaOH + H2
Ca + 2HCl → CaCl2 + H2
NaCl→Na+Cl
NaH + H2O = NaOH + H2
CaCl2 + 2H2 CaH2 + 2HCl


3. «Химиялық эстафета» сайысы
1. Алгоритмі:
1.Қосылу реакциясы
2. Айырылу реакциясы
3.Орынбасу реакциясы
4. Алмасу реакциясы
Fe+S=FeS;
CaO+H2O=Ca(OH)2;
Cu(OH)2=CuO+H2O;
CaCO3= CaO+CO2
Fe+CuCl2= Cu+FeCl2
Zn+2HCl= ZnCl2+H2
CuO+H2 SO4= CuSO4+H2 O
2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
1. Өзі ауыр металға жатады, емшілер шошығанды қорықтық құюға қолданады (Қорғасын, свинец, плюмбум)
2. Ел іші - ... бесік ( алтын , золото, аурум)
3. Бактерицидтік қасиеті бар металл (Күміс, серебро, аргентиум)
4. Өзім газбын менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (Оттегі, кисларод, оксигениум)
5. Машинамен трактордың жаны, қара металгурияның наныи (темір, железо, феррум)

4. Металдар туралы мақал –мәтелдер, өлеңдер сайысы
«Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен»
«Егер сен нағыз адам болсаң, болаттай берік бол»
«Ақыл арымас, алтын шірімес»
«Темірсіз – халық, тұзсыз тағам болмайды»
«Темірді қызған кезде соқ»
III. Қорытынды. «Қызықты тәжірибе көрсету»
Студенттер үстелінің үстінде алдын –ала дайындалған өздерінің жұмыстарын көрсетеді
Сайысты аяқтап жеңімпаз топты марапаттаймыз.
ІҮ. Үйге тапсырма. «Маңызды S, Р, D, F – элементтер және олардың қосылыстары» тақырыпқа
Ү. Бағалау: Топтағы белсенді қатысып отырған студенттерді бағалау. Тәрбие.орг сайтынан «Маңызды S, Р, D, F –элементтер және олардың қосылыстары» Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы

Пікірлер: 0

avatar