«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 671
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20665


«МАҚАТ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК
Атырау обласы,Мақат ауданы,Доссор кенті
Химия мен биология пәнінің оқытушысы:
Тастанова Жанар Бақытжанқызы

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!»
Күні: «___»__________2016ж
Тобы:
Мақсаты:
а) білімділігі: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ә)дамытушылығы: Білім алушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
б) тәрбиелілігі: Білім алушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты Отан,жер туралы нақыл сөздер,видеокөрініс, презентация. ҚР рәміздері,сөзжұмбақ

Әнұран орындалады
Оқытушы: Салеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, білім алушылар.
Кіріспе бөлім:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне – 24 жыл
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде:
«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты шарамызды бастаймыз.
«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деген мағына үстейді. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.
Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздер жалпы ұлттық және біріктіруші күш ретінде ұғынылады. Рәміздер діни, партиялық, рулық бөліністерінен биік мәртеге ие.
Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдалану тәртібі контитуциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген. Бұл заң Қазақстан Республикасы рәміздерінің 15 жылдығына орай – 2007 жылдық 4 маусымында күшіне енген болатын
Жас мемлекеттің рәміздерін жасауға бүкіл Қазақстанның халқы ат салысты. Оған сол кезде жарияланған байқау куә. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптармен бірге, тарихи, экономикалық, саяси мәні анық айшыұталған шешімді табу қажет болатын.
Бейнебаян көрсетіліп, талқыланады. «Мемлекеттік рәміздер экспозициясы»
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2.Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
1.Еңселі Елтаңба

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

2.Тұғырлы туымыз
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын
Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
Қазақтың көк байрағын Олимпиада төрінде желбіреткен оғландарымыз! Міне, ұлт мақтанышына айналған ұл-қыздар! Кеуделерінде жарқыраған алтыны бар Серік Сәпиев,Елдос Сметов,Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Светлана Подобедова, Ольга Рыпаковалардың өнері болашақ ұрпаққа үлгі болмақ. Олжалы оралған олимпиадашыларды әуежайға жиналған халықпен бірге аймақ жетекшісі, спорт және туризм басқармасының басшылары күтіп алды. Құшақтары гүлге толған спортшылар салтанатты түрде шаһар көшелерінде авто шерумен жүріп өтті. Лондон Олимпиадасы Қазақстанның спорт тарихындағы ең жарқын беттеріне айналды. Еліміздің әнұранын Лондон аспанында 7 рет шырқатып, көк туымызды 13 рет биікке желбіреткен толағайларды арқашан құрметтейміз.

3.Асқақтаған Әнұран.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қ-сы
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай.
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң – Қазақстаным!

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Білім алушылардың ойларын тыңдау

Тапсырмалар
1-тапсырма: «Сәйкестендіру»

1.«Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты? 1992 ж, 4 маусым
2.Қазақстан тәуелсіз республика болып қай жылы жарияланды ? Жандарбек Мәлібеков
3. Қазақстанның ел басшысы сайлауы қай жылы болды? Шәкен Ниязбеков
4. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары? 1991 жылы
5. Тудың авторы кім? Шәмші Қалдаяқов
6. Мемлекеттік Әнұранның авторы? Рақымжан
Қошқарбаевтың
7. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық 1991жылы
халық қаһарманы кім?
8.Қазақстан Респуликасының «Мемлекеттік нышандары туралы» 1998ж
заң қай жылы қабылданды?
9.Алғашкы Ата Заң 1993 жылы 28 ақпан

2-тапсырма:
Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, білім алушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

3-тапсырма: «Сұрақ-жауап» ойыны
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?
4. Қазақстанда қанша облыс бар?
5. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
6. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі?
7. ҚР - ның тұңғыш президенті кім?
8.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз
9. ҚР - ның рәміздерін атаңыз

4-тапсырма:
« Сен білесің бе?» Қазақстанға саяхат
Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань)

5-тапсырма: «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, (Адал адам Отанын сүйеді)
2.Отаны бірдің жүрегі бір,(жүрегі бірдің тілегі бір)
3. Отан үшін күрес — (ерге тиген үлес)
4. Туған жердің қадірін (шетте жүрсең білерсің)
5.Пәлен жерде алтын бар ( Өз жеріңдей қайда бар)
6. Туған жердің ауасы да шипа,
(Туған жердің жуасы да тәтті)
7. Бөтен жердің гүлініен (Туған жердің тікені артық)

Қорытынды:
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі шарамызды аяқтаймыз
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз!» Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тастанова Жанар Бақытжанқызы

Пікірлер: 0

avatar