МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1311
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 24/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18114


Элементтер сыртқы белгілері мен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді.
Адамдар ертеден металдарға иілгіштік, созылғыштық, металдық жылтыр, жылу өткізгіштік және т.б. белгілі бір қасиеттер тән екенін байқаған. Металдар мен бейметалдардың атомдары – сыртқы электрондық қабаттарының құрылысымен, валенттік электрондар санымен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта металдарға жататын 88 және инертті газдарды қоса алғанда 22 бейметал элемент бар екені белгілі.
Металдар I-III топтың негізгі топшаларында, сонымен бірге барлық қосымша топшаларда орналасқан. Олар s- және d-элементтер p-элементтер ұяластарын түзеді. Металдарға тән негізгі қасиет – олардың валенттік электрондарын жеңіл беруі. Барлық бейметалдар p-элементтер. Олардың сыртқы энергетикалық деңгейінде 3-тен 8-ге дейін электрондар болады.
Сілтілік металдардың атаулары сумен белсенді әрекеттескенде сілті түзуіне байланысты алынған.Сілтілік металдар IА тобын түзеді. Бұл топқа алты метал: литий Li, натрий Na, калий K, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr жатады.
Натрий және калий табиғатта кең таралған, литий, рубидий, цезий сирек элементтер, франций жер қыртысында болмайтын радиоактивті элемент. Тәрбие.орг сайтынан МЕТАЛДАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.. СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бердіғалиева Мейрамгүл Мұратбайқызы

Жаңаөзен қаласы, "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі Химия пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar