Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.
  • 25.04.2016
  • 736 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18819

Мектеп: Шарап Ниязов атындағы ж.о.м. Мұғалім: Оқу ісі жөніндегі директор орынбасары К.Ибрагимходжаев Сыныбы: 8 А, Пәні: Химия

Тақырыбы: § 45 Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы.

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға оксидердің құрамы,химиялық қасиеттері, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, химиялық реакция теңдеулерін жазып, теңестіре білуге баулу. Оксидтер туралы білімін қорыту.

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, әңгімелеу, слайд арқылы көрсету

Сабақтың типі: Интеграт
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту кезеңі
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: § 44 Оксидтердің жіктелуі, алыну жолдары түсінігін сұрау, есептерін тексеру.
Жаңа сабақ:

Қышқылдық және негіздік оксидтердің қасиеттері әртүрлі.
Бірінші қышқылдық оксидтердің химиялық қасиетін қарастырайық.
1. Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді
Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;
SO2+H2O=H2SO3;
СO2+Н2O=Н2СO3
SO3+H2O=H2SO4;
Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.
қышқылдық оксид + су = қышқыл
2. Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді
CO2 + CaO = CaCO3
P2O5 +3Na2О = 2Na3PO4
қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз
3. Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су береді
SO2 + 2NaOH = Na2 SО3 + H2O
CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3+ H2O
қышқылдық оксид + сілті =тұз+су

Енді негіздік оксидтердің қасиеттеріне тоқталайық.
1.Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді
Na2O+H2O=2NaOH
CaO+H2O=Ca(OH)2
Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.
2. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз және су түзеді
CaO + 2HCl = CaCl2 + H2O
CuO + H2SO4 = CuSO4+ H2O
негіздік оксид + қышқыл = тұз + су
Енді екідайлы оксидтердің қасиеттері. Олар қышқылдармен де негіздермен де реакцияға түсе алады. Олар негізінен қатты күйде кездеседі.
1) Қышқылдармен әрекеттескенде негіздік оксидтің қасиетін көрсетеді:
ZnO + 2HCl = ZnCl2+Н2O
2)Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді:
ZnO + 2NaOH = Na2Zn О2 + H2O
мырыш цинкаты
+
+ → +
Бекіту кезеңі

1.Формулалары берілген мына оксидтердің: Na2O, CaO, P2O5,CO2 сумен қосылу реакциясының теңдеулерін жазып, қайсысы сілті, қайсысы қышқыл түзетіндігін түсіндіріңдер.
Na2O + H2O = 2NaOH сілті
CaO + H2O = Ca(OH)2 сілті
P2O5 + 3H2O = 2H3 PO4 қышқыл
СO2 + Н2O = Н2СO3 қышқыл
2. Төмендегі айналуларды жүзеге асырыңдар.
а)Cu→ CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO→Cu
2Cu + O2 → 2CuO
CuO + 2HCl →CuCl2 + H2O
CuCl2 +2NaOH→Cu(OH)2 + 2NaCl
Cu(OH)2→CuO + H2O
CuO + H2→Cu + H2O
б) P→P2O5→H3PO4→Ca3(PO4)2
4P + 5O2 → 2P2O5
P2O5 + 3H2O →2H3PO4
2H3PO4 + 3Ca(OH)2→Ca3(PO4)2 + 6H2O

в) C → CO2→ Na2CO3 → CO2 → CaCO3
C + O2→ CO2
CO2 + Na2O → Na2CO3
Na2CO3 + HCl→ NaCl + CO2↑ + H2O
CO2 + CaO→ CaCO3↓

3. (5.25) Көптеген металл оксидтері сәйкес металдар алу үшін қолданылады.Сутекпен әрекеттестіріп 10 кг мыс алу үшін:
а) мыс (I) оксидінің;
б) мыс (II) оксидінің қандай массалары қажет болатынын табыңдар.
Шешуі: Cu2O + H2 = 2Cu + H2O
х -------- 10 кг
144г/моль --------128г/моль
х = 11,25 кг
CuO + H2 = Cu + H2O
х -------- 10 кг
80 г/моль -------- 64 г/моль
х = 12,5 кг
4. 0,04кг мыс (II) оксидін толық еріту үшін күкірт қышқылының массалық үлесі 24% , тығыздығы 1,170 г/см3 ерітіндісінің қандай көлемі керек екендігін есептеңдер.
Бер: m (CuO)=0.04кг=40г
W(H2SO4)=24%
Ρ = 1.170 г/см3
т/к: V-?
CuO+H2SO4= CuSO4+ H2O
40кг-------------х
80г/моль------- 98г/моль х=49кг
Енді 100% дағы заттың массасын табамыз.
49г -------- 24%
х --------- 100%
х=204г
m = p • V V= m/p 204/1.170

Үйге тапсырма: § 45 Оқсидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Тақырып соңындағы 5,7,10 жаттығуларды орындау
Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Оксидтердің химиялық қасиеттері, қолданылуы. Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ибрагимходжаев Карим Мухамбетович

Түркістан қаласы Ш.Ниязов мектебі Хими пәні

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 736 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar