Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оттектің аллотропиясы
  • 05.02.2016
  • 558 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15619

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (117.5Kb)

Сабақтың тақырыбы: Оттектің аллотропиясы. Озон және озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы. Заттардың ауада жануы.
Мақсаты: Аллотропия туралы ұғымды қалыптастыра отырып, Озон және оның тіршілік үшін маңызын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Озонның табиғатта таралуы, физикалық,химиялық қасиеттері жөнінде мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен және топтық жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік:озон қабатының ластануының негізгі көздерін және оны қорғау шаралары жөнінде мағлұмат бере отырып, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиеже: - Оқушылар тақырыпты өз бетімен меңгере отырып тапсырмаларды орындай алады;
- Озон мен оттекті салыстыра отырып, сипаттама бере алады;
- Озон қабатының маңызы және оны қорғау шаралары туралы мәліметтерді айтып бере алады.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: Аралас
Сабақ әдісі: АКТ, топтық жұмыс, СТО әдістері.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІУ. Бекіту
У. Қорытынды
УІ. Бағалау
УІІ. Рефлексия

І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа даярлықтарын тексеру;
- Оқушыларды топқа бөлу (түрлі стикерлер арқылы 3-топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша білімдерін тест арқылы тексеру.
1) Тест тапсырмалары
1. Оттектің химиялық таңбасы
А) O2 Б) О В) O3
2. Оттектің атомдық массасы нешеге тең ?
А) 32 Б) 8 В) 16
3. Ауадағы оттектің пайыздық мөлшері
А) 78% Б) 21 % В) 1%
4.Төменде келтірілген заттардың ішінен оксидтерді табыңыз:
А) Na2O, CuO, CrO3 Б) HCI, NaOH, NO В) H2SO4, K2O, KCI
5. Мына оксидтің атын атаңыз АІ2О3
А) алюминий (ІІ) оксиді Б) Алюминий (І) оксиді В) Алюминий (ІІІ) оксиді
6.Негіздік оксидті көрсетіңіз:
А) P2O5 Б) CaO В) SO3
7.Жарық және жылу бөле жүретін реакция
А) жану Б) тотығу В) қосылу
8. Жылу бөле жүретін реакция:
А) эндотермиялық Б) экзотермиялық В) термохимиялық
9. Жылу сіңірілетін реакция:
А) эндотермиялық Б) экзотермиялық В) термохимиялық
10. 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері
А) түзілу жылуы Б) стандарттыжылу В) меншікті жану жылуы

2) есептер шығару
1- топқа
1) Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңіз:
Ca +O2→
2) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: 2H2 +O2= 2H2O +570 кДж 80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар.

2-топқа
1) Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңіз:
С+О2→
2) Мына теңдеу арқылы : 2H2O →2H2 +O2 -570 кДж 36 л суды сутек пен оттекке айыруға жұмсалатын жылу мөлшерін есептеңдер.

3-топқа
1) Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңіз:
Na+О2→
2) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша : С+О2=СО2+393 кДж. Массасы 5 кг көмірді жаққанда қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.
Температураны өлшеу. Бұл әдісте оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданамын. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қоямын. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат аламын. Немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынамын. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

ІІІ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстырылады. Тақырып мазмұнына қысқаша сипаттама беріп, видео көрсетіледі.
Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы аллотропия деп ат алады.
Аллотропия ( көне грекше: аллос — «басқа», тропос— «қасиет; сипат» ) - өзінің құрылысы мен қасиеті жағынан әр түрлі екі немесе бірнеше қарапайым заттартүріндегі химиялық элементтің болуы.Аллотроптық , аллотропия – химиялық элементтің құрылымдары мен қасиеттері әр түрлі екі немесе одан да көп жай зат түрінде болуы.
Озон, Озо́н (көне грекше: иіс шығарамын) – химиялық формуласы О3 болып келетін оттегінің аллотропиялық түр өзгерісі. Түсі қою көк, өткір иісті газ,ал сұйық озон күлгін көк; балқу t – 192,7°С, қайнау t – 112°С. Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та). Озонды 1785 жылыголландияфизигі М. ванМарумашқан. Озон тұрақсыз, өздігіненжылубөліп, оттеккеайналады.

Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты. Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 шақырым аралығында биіктікте. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым (20-25 шақырым), оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам.
Алынуы. Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады. Озонатор сыртынан металл сыммен оралған шыны түтіктен тұрады. Түтіктің ортасынан екінші сым өтеді. Жоғары кернеулі ток алу үшін түтік арқылы аздап оттек газын жіберіп, сымдардың ұшын индукциялық катушкалардың полюстеріне жалғайды. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.
Реакция теңдеуі:
2О2у.к.с, эл.зар.→ 2О3
Озон оңай ыдырайтын тұрақсыз қосылыс:
О3.→ О2 + О
Жеке оттек атомдары өзара қосылып, оттек молекуласына айналады:
О +О = О2
Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.
Қыздырмай-ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға түседі. Мысалы, ауадағы отттек газы калий йодиді ертіндісіне әсер етпейді. Егер калий йодиді ерітіндісіне озоны бар ауа жіберсе, йод бос күйінде бөлініп шығады:
O3 + 2KI + H2O = O2 ↑ + I2 ↓ +2KOH
Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді:
6Ag + O3 = 3Ag2O

ДЖИГСО әдісі бойынша жаңа тақырып мазмұны ашылады.
І топ: Озон. Озон қабаты
ІІ топ: Озон қабатының маңызы. Озон қабатының жұқару салдары
ІІІ топ: Озон қабатын қорғау шаралары
«Қолмен белгі беру» әдісі.оқушылардан талқыланып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретемін.

ІУ.Бекіту
1) «20 секунд әдісі»
1.Лабораторияда озон алатын құрал қалай аталады?
2. Озонды қайда қолдануға болады?
3. Озон қабатына әсер ететін заттар?
Басқа әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін ұстаз « Неге? Не себепті? Қалай?»- деген сұрақтарды қоямын.
2) Венн диаграмасын құру. Оттек пен Озотты салыстырады.

У. Қорытынды
Қорыта айтқанда, Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына оттек элементінің екі түрлі әсері бар.
Оттек-О2 газы тыныс алуға, организмнің тіршілік етуіне жағдай жасайды.
Озон-О3 газы өсімдіктерді, тірі организмді ультракүлгін сәуленің күйдіруінен сақтайды.

УІ. Бағалау ( бағалау парағы бойынша)
Оқушыларға жаңа тақырыпты бастамас бұрын бағалау парақтары таратылады.
Топ басшысы өз тобының оқушыларына бағалау критерийлері бойынша тиісті бағаларын қояды.

№ Оқушының
Аты -жөні Үй тапсырмасы Постер қорғау
(топтық жұмыс)
(11 ұпай) Сұрақтарға жауап беру
( 1 ұпай) Венн диаграммасы
( 2 ұпай) Қорытынды ұпай және баға

30 ұпай (5)
Тест тапсыр-
малары
(10 ұпай) Есептер шығару
(топтық жұмыс)
(6 ұпай)
1
2
3
4
5

Бағалау дисскрипторлары
Есептер шығару бойынша
1. Есептердің берілгенін жазу – 1 ұпай
2. Қажетті теңдеулерді жазып теңестіру -2 ұпай
3. Теңдеу бойынша пропорция құрып, есептеу – 3 ұпай.

Постерге критерий
А. Мазмұны
Тақырып мазмұны ашылмады 0
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ тақырыпшалар толық қамтылмады 1
Тақырып мазмұны толық ашылды 2
В. Безендірілуі
Бояуы қанық емес 1
Әсемделген, бірақ жетіспейді 2
Жақсы әсемделген 3
С. Баяндау шеберлігі
Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды 1
Ойды жеткізе білді, ой қайталана берді, қыстырма сөздер көп болды т.с.с 2
Ойды жетік жеткізе білді 3
Д. Шығармашылық
Тақырыпты өзге қырынан аша білді, жаңашылдық идея болды 3

Бағалау шкаласы
«5» - 25-30 ұпай
«4» -22-24 ұпай
«3» - 16-23 ұпай
«2» - 0-15 ұпай


УІІ. Рефлексия
Оқушылар алдарына берілген стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «менің көңіл - күйім» деген смайликтерге жапсырады.

УІІІ. Үйге тапсырма:
«Мен озон қабатын қорғауда өз үлесімді қосамын» тақырыбында эссе жазу.

№1 орта жалпы білім беретін мектебі

АШЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ:

Пәні: Химия
Мұғалімі: Айтмуканова Н.Қ
Сыныбы: 8 «А»
Өткізілетін орнымен күні:
311 кабинет, 18.01.2016

Чапаев ауылы 2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан Оттектің аллотропиясы Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айтмуканова Нургул Куанышевна

БҚО, Ақжайық ауданы №1 ОЖББМ химия пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 558 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar