Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Оттектің химиялық қасиеттері
  • 10.10.2016
  • 244 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19634

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (16.3Kb)

Сабақтың тақырыбы: Оттектің химиялық қасиеттері
Сабақтың мақсаты: Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып үйрену. Жану процесінің мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып үйретеді. Жану процесінің мәні жайлы оқушылар көзқарастарын дамытады
Құралдар мен реактивтер: Периодтық кесте, картчкалар, бағалау кестелері, стикерлер, маркерлер.
Сабақтың барысы:
Басталуы (5 минут)
Оқушыларды топқа бөлу, үй тапсырмасын тексеру ретінде төрт топқа төрт түрлі картчкалар таратылып беріледі.
I-топ
1.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы----------тең.
2.Оттек-------,-------------,-------------газ.
3. Валенттіліктері І,ІІ,ІІІ. болатын элементтердің қосылыстарын формуласын жазыңдар?
4. Оттектің алыну реакциясын жазыңдар
Н 2О→
KMnO4 →
II-топ
5.Оттек ---------қатады,---------сұйылады.
6.Оттек----------- белсенді элемент,ол қазір белгілі------мыңдай бейорганикалық заттардың құрамына кіреді.
7. Өнеркәсіпте оттекті қалай алады?
а) ауа ә)минералды заттар
б) марганцовка в) су6.
8. Оттектің физикалық қасиеттері
а)өткір иісті ә)сары түсті
б) ауадан жеңіл в)түссіз, иіссіз ,дәмсіз газ.
III-топ
9.Адам организмі----------------байланысқан оттектен тұрады.
10.Д.И. Менделеев құрастырған химиялық элементердің периодтық жүйесінде оттек элементі-----------орында тұр.
11. Оттек жай заттармен қосылып, оксидтер түзуі реакцияның қай типіне жатады?
а) қосылу ә)айырылу б)орынбасу в)алмасу
12.Натрий оксидіндегі натрийдің атом саны
а)1 ә)2 б)3 в)4
IV-топ
13.Заттардың оттекпен әрекеттесуі----------реакциясы деп аталады.
14. Оттек сутекпен әрекеттесіп -------------түзеді.
15. Оттектің алыну реакциясын жазыңдар.
НgO →
16. Өршіткі деген не? Оның қандай маңызы бар?
Ортасы (25 минут)
Оттектің химиялық қасиеті жайлы видио көрсетіліп, оқушылардың қызығушылығын ояту. Сосын әріқарай оқушыларға картчкалар таратылып беріледі. Осы картчкаларда берілген ертегі бойынша оқушылар рөлге кіріп, сабақты рөлдік ойын ретінде өткіземіз. Ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде. Менделеев деген үлкен қалада Оттек деген бір тентек бала болыпты.Ол көп қабатты үйдің 2-қатарында тұрады екен.Ол басқа көршілерімен жақындасса, жана бастайды. Ол бір күні ерігіп отырып “мен күштімін бе,әлде әлсізбін бе” деп өзін сынамақ болып, төменгі қабаттан бастап, жоғарғы қабатқа дейін көтеріліп, аралап шықпақшы болады.Ол бірінші қабаттағы үйдің есігін қағып үйге енеді. Үйдегі элементпен қосылып айдын көлге айналады.
2Н2 +О2 →2Н2 О
Оттек суға малынып жүріп қатты тоңады. Жылыну үшін екінші қабаттағы №6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жылынып,жанып, жарық бөледі.
С +О2 →СО2

Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады.Осы пәтерге енген бойда найзағай ойнап, шатыр-күтір аспан айналып жерге түскендей болады.
N2 +О2 →2NО
Осы кезде№14 пәтердің иесі үйінен шығып келе жатады. Оттек осы үйдің иесімен амандаспақ болып, жақын келеді. Екеуі қосылып құмға айналады:
Si +О2 → SiО2
Оттек тек жай заттармен емес, күрделі заттар менде әрекеттесе алады.
СН4+2О2 →СО2 +2Н 2О
Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.
Қатты шатырлаған дауыстан шошып,ол үшінші қатарға қашады.Алдында №15 пәтердің есігі ашық тұр екен,оттек осында енеді.Бөлме іші көз қаратпайтын жарық болып, ашық жалынмен жана бастайды,бөлме қабырғалары ақ түтінге толады.
4Р +5О2 →2Р2 О5
Аяқталуы (15 минут)
Мұнда оқушылар сабақты бектіу ретінде сабақ тақырыбына байланысты жасалған кесте жасау тапсырмасын орындайды. Әріқарай бағалау кестесін толтырады.соңынан үй тапсырмасын белгілейді.$24; 1-7; 66-бет. Тәрбие.орг сайтынан Оттектің химиялық қасиеттері Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тоқтарбек Гүлман

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылы, "Пенжім орта мектебі" КММ химия пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 244 | Жүктеулер: 5
Барлық пікірлер: 0
avatar