Периодтық кестенің құрылымы

  • Жүктеулер: 46
  • Көрсетілім: 916
  • Химиядан ашық сабақтар
  • 24/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23586


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі Мектеп: Кондратовка орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хамитхожаева Алия Сериковна
Сынып: 7- сынып Қатысқандар: ҚатыҚатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Периодтық кестенің құрылымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
Сабақтың мақсаты 1. Периодтық кестенің құрылымын білу
2. Периодтық кестенің құрылымын сипаттау: топтар мен периодтар
Бағалау критерийі 1. Оқушылар периодтық кестенің құрылымын біледі
2. Оқушылар периодтық кестенің құрылымын сипаттайды: топтар мен периодтар
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу
Түсіну
Тілдік мақсаттар
Оқушыларды (білім алушыны) "периодтық кесте", "периодтық кесте құрылымы" сөз тіркестері және "период", "топ", "топша", "негізгі топша", "қосымша топша" сөздерімен таныстыру, түсіндіру
Құндылықтарға баулу

Қарым- қатынас жасау қабілетін дамыту, өзгелердің көзқарасына құрметпен қарауға және жауапкершілікке баулу
Пәнаралық байланыс Химия, физика
"Ядро заряды" түсінігі физика пәнінде қалыптасқан "заряд" түсінігін қолдана отырып түсіндіріледі.
Алдыңғы білім
И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін біледі және салыстыра алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
(13 минут)
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу (1 мин)
Good morning! Everyone
How are you?
What is the weather like?
What was your homework?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)
Тапсырма ("Химиялық диктант") (жеке жұмыс - ЖЖ):
Жақша ішінде жазылған ғалымдардың есімдерін пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыз
(қосымша-1)
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихында ................., ......................., .......................................... сынды ғалымдардың қосқан үлесі ұшан- теңіз. (А. М. Бутлеров, И. Дёберейнер, Дж. Дальтон, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеев, Исаак Ньютон)
Дұрыс жауабы:
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихында И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеев сынды ғалымдардың қосқан үлесі ұшан- теңіз.

Тапсырма жеке оқушыларға беріліп, өзара парақ немесе дәптер алмасу арқылы дұрысталады. Дұрыс жауап интербелсенді тақтада көрсетіледі. Дұрыс орындаған оқушыларға "жұлдызша" беріледі.
ІІІ. Сабақтың мақсатын анықтау (3 мин)
Тақтаға сабақ тақырыбы жазылып, оқушылармен бірге сабақ мақсаттары анықталады.
Сабақ тақырыбы: Периодтық кестенің құрылымы
Оқушылар сабақ тақырыбымен танысып, дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар өз пікірлерін айтады, соңында сабақтың мақсаты анықталады.
Сабақтың мақсаты:
1. Периодтық кестенің құрылымын білу
2. Периодтық кестенің құрылымын сипаттау: топтар мен периодтар
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыра отырып, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтаймыз.
ІҮ. Топтарға бөлу (3 мин)
Топта болатын оқушылар санымен сәйкес келетін төрт түсті (қызыл, жасыл, сары, қара) шариктер қорапшаға жасырылады және оқушы өзіне бір шарик таңдайды. Жасыл түстілер "Протон", сары түстілер "Нейтрон", қызыл түстілер "Электрон", қара түстілер "Ядро" тобына біріктіріледі. Бұл топтар "жанұя" топтар деп аталынады. Содан кейін 1, 2, 3, 4- ке санау арқылы 1- лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына "жұмыс" тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1- бөлігін 1- лер, 2- бөлігін 2 санын алғандар, т.б сол сияқты 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға "жұмыс тобында" мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті "жанұя топ" оқушыларына түсіндіруге жауапты екендігін түсіндіремін. Топ мүшелері топбасшысын сайлайды және топпен жұмыс істеу ережесімен танысады. (Топ ережесі интербелсенді тақтада көрсетіледі).
Топ аттары: "Протон", "Нейтрон", "Электрон", "Ядро".


Тапсырма жазылған карточкалар, интербелсенді тақта.

Бор, түрлі- түсті шариктер жасырылған қорапша, топ аттары жазылған тақташалар, мәтін жазылған парақтар (әр оқушыға)

Сабақтың ортасы (25 минут)
Ү. Мәтінді оқу (5 мин)
1 - тапсырма (ТЖ) "Джиксо" стратегиясы:
Қосымша-2
1- мәтін:
1869 жылы Д. И. Менделеев өзінің "Химиялық ұқсастық және атомдық массаға негізделген элементтер жүйесі" атты еңбегінде периодтық кестенің алғашқы схемасын ұсынды. Ғалымдар химиялық элементтердің атомдық массасы өсуі ретімен олардың қасиеттерінің периодты түрде өзгеретінін анықтады.
Ол элементтерді атомдық массаның өсуі ретімен орналастырды. Және де қасиеттерінің ұқсастығына қарай элементтерді бір қатарға орналастырды. Мысалы, натрий - калий; фтор- хлор; алтын- күміс- мыс.

Қосымша-3
2- мәтін:
Химиялық элемент йодтың салыстырмалы атомдық массасы теллурдан кіші екенін және элементтердің қасиеттерінің периодты түрде өзгеретінін ескере отырып, Д. И. Менделеев йодты фтор мен хлордың ортасына бір қатарға орналастырды.
1870 жылы ғалымдар қасиеттері ұқсас элементтерді бір вертикал қатарға, сілтілік металдардан галогендерге дейінгі элементтерді бір горизонтал бағытқа орналастырған элементтердің (табиғи) жүйесін ұсынды.
Қосымша-4
3- мәтін:
Атом құрылысы анықталғаннан кейін1913 жылы ағылшын химигі Генри Мозли элементтердің классификациясының негізгі принципі ретінде атомдық ядро зарядын пайдалануды ұсынды. Атомның ядро заряды протон санымен анықталады және де периодтық кестедегі химиялық элементтің атомдық (реттік) санына сәйкес келеді.
Периодтық кестедегі элементтердің орны олардың қасиеттері туралы ақпарат береді. Периодтық кестенің горизонталь бағытта орналасқан қатарлары периодтар деп аталады. Кестеде элементтер жеті периодқа бөлініп орналасады.
Қосымша-5
4- мәтін:
Вертикаль бағытта орналасқан қатарлар топтар деп аталады. Топқа қасиеттері ұқсас элементтер орналасады. Периодтық кестеде
8 топ бар.
Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасы:
"Химиялық элементтердің және олардың түзген жай заттары мен қосылыстарының пішіні және қасиеттері олардың атомдарының ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады."
Оқушылар мәтінді мұқият оқып, танысады және "жанұя тобына" оралады. Өз түсінгендерін талқылайды және қағаз бетіне түсіріп, постерді қорғайды.
Бағалау: қалыптастырушы бағалау- ҚБ
Топтық жұмыс басқа топ тарапынан "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бойынша бағаланады.
ҮІ. "Жанұя тобында" талқылау (10 мин)
Әр оқушы "жанұя тобына" оралғаннан кейін жүйелі түрде
өзінің түсінгендерін топ мүшелеріне айтып береді. Яғни, 1, 2,
3, 4- мәтіндерді біріктіріп, жалпы тақырыпты талқылауға,
түсінуге мүмкіндік туады.
ҮІІ. Тақырыптық білімдерін тексеру(10)
Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі және
жұптаса отырып, оқушылар бірін- бірі бағалайды.
2- тапсырма (ЖЖ):
Берілген сөздер жинағын қолдана отырып, дұрыс сөйлем құрастырыңыз.
Қосымша-6
бөлініп топқа орналасады

жеті период элементтер

Периодтық кестеде сегіз

Бағалау критерийі:
- оқушылар периодтық кестенің құрылымын біледі.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздер жинағын дұрыс ретімен орналастыра отырып периодтық кестенің құрылымыа сипаттама береді.
Бағалау (ҚБ):
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өзара дәптерлерін алмасады және тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарға қарап дұрыстайды. Сөйлем нақты дұрыс болған жағдайда ғана топ басшы тарапынан "жұлдызшамен" марапатталады.
Дұрыс жауабы:
" Периодтық кестеде элементтер жеті период, сегіз топқа бөлініп орналасады. "
Кері байланыс (мұғалім- оқушы):
Әр оқушының жанында "бағдаршам"- ның үш түсті кесінділері болады. Тапсырманың қалай орындалғанын сұрағанда, берілген үш түстің біреуін көрсетеді.
Жасыл- орындау қиын болмады
Сары- орындау барысында қиналдым
Қызыл- орындау қиын болды

3 - тапсырма (ЖЖ):
Период пен топтың анықтамасын айтып, кестені толтырыңыз. Қосымша-7

Анықтамасы
1 Период
2 Топ

Бағалау критерийі:
- оқушылар периодтық кестенің құрылымын біледі.
Дескриптор
Білім алушы − периодтың анықтамасын айтып, кестені толтырады;
− топтың анықтамасын айтып, кестені толтырады.

Бағалау (ҚБ):
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өзара дәптерлерін алмасады және тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарға қарап дұрыстайды. Дұрыс болған жағдайда топ басшы тарапынан жетон ақшамен марапатталады. Әр дұрыс жауап үшін бір "жұлдызша" беріледі.
Дұрыс жауабы:
Анықтамасы
1 Период Периодтық кестенің горизонталь бағытта орналасқан қатарлары
2 Топ Периодтық кестенің вертикаль бағытта орналасқан қатарлары

Кері байланыс (мұғалім- оқушы):
Әр оқушының жанында "бағдаршам"- ның үш түсті кесінділері болады. Тапсырманың қалай орындалғанын сұрағанда, берілген үш түстің біреуін көрсетеді.
Жасыл- орындау қиын болмады
Сары- орындау барысында қиналдым
Қызыл- орындау қиын болды.

4 - саралау тапсырмасы (ЖЖ): Қосымша-8
А. Барлық оқушылар орындай алатын тапсырма:
Берілген химиялық элементтерге сәйкес келетін период және топ нөмірін жазыңыз.
Элемент таңбасы Период нөмірі Топ нөмірі
1 Be
2 Al
3 O
4 Cl
5 Na

В. Оқушылардың көбі орындай алатын тапсырма:
Берілген химиялық элементтерге сәйкес келетін протон саны, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірін жазыңыз.

Элемент таңбасы Протон саны Салыстырмалы атомдық массасы Реттік нөмірі
1 Be
2 Al
3 O
4 Cl
5 Na

С. Оқушылардың азғана бөлігі орындай алатын тапсырма:
Берілген сипаттаманы мұқият оқып, элементтің таңбасы мен қазақша атауын жазыңыз.
Сипаттама Элемент таңбасы Қазақша атауы
1 Атом ядросында 7 протоны бар, электрон қабат саны 2- ге тең болатын химиялық элемент
2 Атомындағы жалпы электрон саны 11, сыртқы қабатында 1 электроны бар химиялық элемент
3 Ядросындағы нейтрон саны 6, электрон саны 5- ге тең химиялық элемент

Бағалау критерийі:
Оқушылар периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды
Дескриптор:
Оқушы - химиялық элементтерге сәйкес келетін период нөмірін жазады
- химиялық элементтерге сәйкес келетін период топ нөмірін жазады
- химиялық элементтерге сәйкес келетін протон санын жазады.
- химиялық элементтерге сәйкес келетін салыстырмалы атомдық массасын жазады.
- химиялық элементтерге сәйкес келетін реттік нөмірін жазады.
- берілген сипаттаманы пайдаланып, элементтің таңбасын жазады.
- берілген сипаттаманы пайдаланып, элементтің қазақша атауын жазады.
Бағалау (ҚБ):
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар өзара дәптерлерін алмасады және тақтада көрсетілген дұрыс жауаптарға қарап дұрыстайды. Оқушыларға берілген кестенің 10 торкөзі бар және әр торкөзде бір жауаптан, яғни әр оқушыға 10 жұлдызшадан есептеліп, дайындалады. Дұрыс болған жағдайда топ басшы тарапынан жұлдызшамен марапатталады. Әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі.
Дұрыс жауабы:
А:
Элемент таңбасы Период нөмірі Топ нөмірі
1 Be 2 ІІ
2 Al 3 ІІІ
3 O 2 ҮІ
4 Cl 3 ҮІІ
5 Na 3 І

В:
Элемент таңбасы Протон саны Салыстырмалы атомдық массасы Реттік нөмірі
1 Be
2 Al
3 O
4 Cl
5 Na

С:
Сипаттама Элемент таңбасы Қазақша атауы
1 Атом ядросында 7 протоны бар, электрон қабат саны 2- ге тең болатын химиялық элемент N азот
2 Атомындағы жалпы электрон саны 11, сыртқы қабатында 1 электроны бар химиялық элемент Na натрий
3 Ядросындағы нейтрон саны 6, электрон саны 5- ге тең химиялық элемент B бор

Кері байланыс (мұғалім- оқушы):
Әр оқушының жанында "бағдаршам"- ның үш түсті кесінділері болады. Тапсырманың қалай орындалғанын сұрағанда, берілген үш түстің біреуін көрсетеді.
Жасыл- орындау оңай болды
Сары- орындау барысында қиналдым

Қызыл- орындау өте қиын болды
Мәтін жазылған карточкалар, постер, түрлі- түсті маркер

Сөздер жинағы жазылған карточкалар, интербелсенді тақта, жұлдызшалар
"Бағдаршам"

Кесте сызылған карточкалар, интербелсенді тақта, жұлдызшалар, "Бағдаршам"

Сөздер
жинағы жазылған карточкалар, интербелсенді тақта, жұлдызшалар,
"Бағдаршам"

Сабақтың соңы
ҮІІІ. Рефлексия (3 мин)
Сабақ соңындағы оқушылардың нені біліп, нені үйренгенін және не әлі де түсініксіз екенін анықтап, ары қарай қандай бағытта жұмыс жүргізу керектігін білу мақсатында "Бағдаршам" әдісін қолданамын. Мақсатқа жеткен оқушылар жасыл түсті, әлі де толық түсінбегендер сары түсті, ал түсінбегендер қызыл түсті қағазды көрсетуі керек. Бұл қағаздар әр оқушыда болуы керек.

Бәрін түсіндім, білемін

Толық түсінбедім

Көмек керек

ІХ. Үйге тапсырма (1 мин)
Оқулықтың .... беті, ...... тапсырмаларды орындаңыз.
Жасыл, сары және қызыл түсті, дөңгелек етіліп қиылған қағаздар, "Бағдаршам"
Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
3-тапсырма А, В, С- деңгейінде беріледі және А- төменгі деңгей тапсырмасы, оны барлық оқушылар орындайды. В- орта деңгейлі тапсырма, оны оқушының көбі орындайды. Ал С- күрделі деңгей, бұл тапсырманы оқушылардың аз бөлігі ғана орындайды. Топтық жұмыста "Екі жұлдыз, бір тілек" бағалау әдісі қолданылады. Ал 2, 3, 4- тапсырмалар қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланып, оқушыларға "жұлдызша" беріледі Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату

Глоссарий
қалыптастырушы бағалау- ҚБ
жеке жұмыс - ЖЖ
топтық жұмыс - ТЖ

Қосымша-1
Жақша ішінде жазылған ғалымдардың есімдерін пайдалана отырып, сөйлемді толықтырыңыз:
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихында ................., ......................., .......................................... сынды ғалымдардың қосқан үлесі ұшан- теңіз. (А. М. Бутлеров, И. Дёберейнер, Дж. Дальтон, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеев, Исаак Ньютон)

Қосымша-2
Мәтінді мұқият оқыңыз

1869 жылы Д. И. Менделеев өзінің "Химиялық ұқсастық және атомдық массаға негізделген элементтер жүйесі" атты еңбегінде периодтық кестенің алғашқы схемасын ұсынды. Ғалымдар химиялық элементтердің атомдық массасы өсуі ретімен олардың қасиеттерінің периодты түрде өзгеретінін анықтады.
Ол элементтерді атомдық массаның өсуі ретімен орналастырды. Және де қасиеттерінің ұқсастығына қарай элементтерді бір қатарға орналастырды. Мысалы, натрий - калий; фтор- хлор; алтын- күміс- мыс.

Қосымша-3
Мәтінді мұқият оқыңыз

Химиялық элемент йодтың салыстырмалы атомдық массасы теллурдан кіші екенін және элементтердің қасиеттерінің периодты түрде өзгеретінін ескере отырып, Д. И. Менделеев йодты фтор мен хлордың ортасына бір қатарға орналастырды.
1870 жылы ғалымдар қасиеттері ұқсас элементтерді бір вертикал қатарға, сілтілік металдардан галогендерге дейінгі элементтерді бір горизонтал бағытқа орналастырған элементтердің (табиғи) жүйесін ұсынды.

Қосымша-4
Мәтінді мұқият оқыңыз

Атом құрылысы анықталғаннан кейін1913 жылы ағылшын химигі Генри Мозли элементтердің классификациясының негізгі принципі ретінде атомдық ядро зарядын пайдалануды ұсынды. Атомның ядро заряды протон санымен анықталады және де периодтық кестедегі химиялық элементтің атомдық (реттік) санына сәйкес келеді.
Периодтық кестедегі элементтердің орны олардың қасиеттері туралы ақпарат береді. Периодтық кестенің горизонталь бағытта орналасқан қатарлары периодтар деп аталады. Кестеде элементтер жеті периодқа бөлініп орналасады.

Қосымша-5
Мәтінді мұқият оқыңыз

Вертикаль бағытта орналасқан қатарлар топтар деп аталады. Топқа қасиеттері ұқсас элементтер орналасады. Периодтық кестеде 8 топ бар.
Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасы:
"Химиялық элементтердің және олардың түзген жай заттары мен қосылыстарының пішіні және қасиеттері олардың атомдарының ядро зарядтарына периодты түрде тәуелді болады."

Қосымша-6
Берілген сөздер жинағын қолдана отырып, дұрыс сөйлем құрастырыңыз.

бөлініп топқа орналасады

жеті период элементтер

Периодтық кестеде сегіз



Қосымша-7
Период пен топтың анықтамасын айтып, кестені толтырыңыз.
Анықтамасы
1 Период
2 Топ

Қосымша-8
А. Берілген химиялық элементтерге сәйкес келетін период және топ нөмірін жазыңыз.
Элемент таңбасы Период нөмірі Топ нөмірі
1 Be
2 Al
3 O
4 Cl
5 Na

В. Берілген химиялық элементтерге сәйкес келетін протон саны, салыстырмалы атомдық массасы, реттік нөмірін жазыңыз.
Элемент таңбасы Протон саны Салыстырмалы атомдық массасы Реттік нөмірі
1 Be
2 Al
3 O
4 Cl
5 Na

С. Берілген сипаттаманы мұқият оқып, элементтің таңбасы мен қазақша атауын жазыңыз.
Сипаттама Элемент таңбасы Қазақша атауы
1 Атом ядросында 7 протоны бар, электрон қабат саны 2- ге тең болатын химиялық элемент
2 Атомындағы жалпы электрон саны 11, сыртқы қабатында 1 электроны бар химиялық элемент
3 Ядросындағы нейтрон саны 6, электрон саны 5- ге тең химиялық элемент Тәрбие.орг сайтынан Периодтық кестенің құрылымы Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar