Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Пластмассалар, олардың маңызды өкілдері
  • 07.08.2016
  • 343 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19320

Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің химия және биология пәнінің мұғалімі Ислямова Лязат Темиржановна
Сыныбы 11 «Б»

Тақырыбы Пластмассалар, олардың маңызды өкілдері

Мақсаты 1.Оқушыларға пластмассалар, олардың маңызды өкілдері туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың органикалық заттар жөніндегі білімдерін тереңдету;
3.СТО әдістерін қолдана отырып, өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру;

Күтілетін нәтижелер 1.Жоғары молекулалы қосылыстар туралы негізгі ақпаратты біледі;
2.Полимерлену, поликонденсациялану реакцияларын есептер шығаруда қолдана алады;
3. Алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады.
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер
СТО әдістері, жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі Интербелсенді тақта, слайдтар, қажетті құралдар мен реактивтер және пластмассадан жасалған бұйымдар түрлері

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
кезеңі
1.Сәлемдесу
2.Психологиялық ахуал
(«Жылы жымию» әдісі арқылы, бір-біріне жақсы тілектер тілеп, сыныпты топтарға бөлу)
1.Сәлемдесу
2.Топқа бөліну
3.Оқу құралдарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылығын ояту
Ой қозғау
( Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру Үйге берілген тапсырма бойынша сын тұрғысынан ойлана отырып, сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ Мағынаны тану
Кел, танысалық!
(Жаңа тақырыпты түсіндіру)

Пластмассалар-иілгіштік қасиеті бар, белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, жоғары молекулалы органикалық заттардан жасалатын материалдар.Құрамындағы полимерге, толықтырғыштарға, пластификаторларға, тұрақтандырғыштарға, бояғыштарға және де басқа құрауыштарына байланысты пластмассалардың әртүрлі түрлері шығарылады.Пластмассалар температура әсеріне байланысты: термопластикалық және термореактивті болып екіге бөлінеді.Қолданылу саласына байланысты пластмассаларды бес топқа бөледі.Олар: 1) конструкциялық;
2) электр және радиотехникалық;
3) антикоррозиялық және бүлдіргіш орталарға тұрақты;
4) дыбыс және жылу оқшаулағыштар.
Пластмассалардың аса маңызды өкілдері: полиэтилен, полипропилен, полистирол, фенолформальдегид пластмассалары

Ойлан, топтас, талқыла
(Постер қорғау)

1-топ.Полиэтилен

2-топ.Полипропилен

3-топ.Полистирол

4-топ.Фенолформальдегид
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

Оқушылар мәтінмен таныса отырып, жеке жұмыс жасайды, топ ішінде талқылайды, жұмысты топ атынан баяндамашы қорғайды
Топтық жұмыс Ойлы болсаң, озып көр
(Жаттығу сұрақтары)

1-топ
№2-есепті шығару (300-бет)
Термопластикалық және термореактивті полимерлердің қандай ерекшеліктері бар?

2-топ
№4-есепті шығару
Пластмассалардың басқа полимер материалдарына қарағанда көп қолданылуы неліктен?

3-топ
№5-есепті шығару
Пластмассалардың: а) металдардан; ә) ағаштан қандай артықшылықтары бар?

4-топ
№7-есепті шығару
Полиэтиленнің қасиеттері не себепті қаныққан көмірсутектерге ұқсас?Жоғары және төмен қысымда алынған полиэтиленнің қасиеттерінің бір-бірінен айырмашылығы неде?

Тапқыр болсаң, тауып көр
(Есептер шығару)

1-топ
№8-есепті шығару
Орташа молекулалық массасын 50000 деп алып, полиэтилен мен полипропиленнің макромолекулаларындағы полимерлену дәрежесін есептеңдер

2-топ
№9-есепті шығару
Полихлорвинилдегі хлордың және политетрафторэтилендегі фтордың массалық үлесін есептеңдер

3-топ
№10-есепті шығару
Полистиролдың деполимерлену реакциясының теңдеуін жазыңдар

4-топ
№11-есепті шығару
Массасы 60 мың болатын полиметилметакрилаттың полимерлену дәрежесін табыңдар
Топтарға бір жаттығу сүрақтары, бір есептен беріледі. Өз беттерімен сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді
Үйге тапсырма беру
1) §5.3
2) №13-есепті шығару (300-бет)
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Кері байланыс
«Диктор сөз алады» Дикторларды шақыру

1-диктор.Сабаққа дейінгі жағдайды баяндайды.
2-диктор.Сабақтың үстіндегі жағдайды баяндайды.
3-диктор.Сабақтың соңындағы жағдайды баяндайды.
Дикторлар сөз алып, өз ойларын айтады
Бағалау
Өзара топпен бағалау, бірін-бірі бағалау Топ басшысына топ мүшелері өзара бағалап, бағалау парақшасына толтыруды тапсырады Өзара бағалайды, өздерінің жұмыстарымен салыстырады.
Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды

Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін және ұсыныстарын жазады Тәрбие.орг сайтынан Пластмассалар, олардың маңызды өкілдері Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ислямова Лязат Темиржановна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 343 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar