Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сілтілік металл-натрий. Натрий қосылыстары
  • 01.04.2016
  • 979 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18340

Сабаққа ынталандыру әдісі
Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы
«Бейнеу мектеп-интернаты» ММ-нің
химия-биология пәні мұғалімі

Мұғалімге қойылатын басты талап – оқушыларға терең де тиянақты білім берудің жаңа технология әдістерін қолдана отырып, шығармашылықты өзіне серік ала білетіндей білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Әрине, білім берудің тиімді жолдарын таңдап алу әр мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Оқушы оқу материалын толық меңгеру үшін мұғалім сабақтың ұйымдастыру әдісін дұрыс таңдай білуі керек, сонда ғана оқушы оқу материалын толық меңгереді. Ол үшін мұғалім сабақты бірсарынды өткізбей, сабақты мүмкіндік болып жатса түрлендіріп өткізу керек, сонда оқушы жалықпайды, пәнге деген қызығушылығы артады. Осы мақсатта 8-сыныпта «Сілтілік металл - натрий, қосылыстары, қолданылуы» тақырыбындағы интерактивті тақта арқылы өткізген сабағымды әріптестеріме ұсынып отырмын (сабақтың жүрісі толығымен берілген).
Сабақтың тақырыбы: Сілтілік металл – натрий. Натрий
қосылыстары,қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға периодтық жүйедегі орны бойынша натрий атом
құрылысымен,қасиеттерімен,қосылыстарымен,қосылыстарының
қолдану жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушының теориялық білімдерін тереңдету,тез ойлауға,
шапшаңдыққа,өз бетімен ізденуге үйрету, ой-өрісін,
шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
өздігінен талпынуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Экономикалық және экологиялық тәрбие беру.
Білімді, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық
жүйесі, Қазақстан Республикасының картасы, т.б.
Реактивтер: Натрий металы, ас содасы, техникалық сода, тұз қышқылы, су,
күкірт, лакмус, сынауықтар, спиртшам, т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
«Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» ( Абай)
ОБ – оқушының бағасы.
ОК -- оқушының көңіл-күйі.
ОҚ – оқушының қызығушылығы.
ОМ – оқушының мақсатқа жетуі.
(оқушы еңбегін бағалаған кезде еске алынады)
ІІ. Үй тапсырмасын қысқаша еске түсіру.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі бойынша(слайд):
1. Период дегеніміз не?
2. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі қай жылы, қай айда ашылды? Алғаш неше элемент белгілі болды?
3. Неше период бар? Период нешеге бөлінеді? Әр периодтағы элементтер саны қанша?
4. Неше топ бар? Әр топ неше топшаға бөлінеді? Топ нөмірі нені көрсетеді?
5. Неше қатар бар? Қай периодтан бастап қатар 2-ге бөлінеді?
6. Зат қандай бөлшектерден тұрады? Атом және молекула дегеніміз не?
7. Атомның құрамы қандай?
8. Периодтық заңның теориялық және практикалық маңызы неде?
ІІІ. «Мағынаны таныту» кезеңі бойынша (слайд):
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Сілтілік металдарға сипаттама
2.Натрий, атом құрылысы
3.Табиғатта кездесуі
4.Қасиеттері ,алу жолы
5. Қосылыстары, қолданылуы
Сілтілік металдар І топтың негізгі топшасында орналасқан. Сілтілік металдар –
Литий- Li, натрий – Na, калий – K, рубидий – Rb, цезий – Cs.Сілтілік металдар деп аталуы сумен әрекетескенде сілті түзеді:
2Na +2 H2O = 2NaOH + H2 (тәжірибе)
Атом құрылысы. Натрий ІІІ кіші периодта, І топтың негізгі топшасында орналасқан. Сыртқы энергетикалық деңгейінде бір ғана электроны бар. Өзінің валенттік электронын оңай беретін, өте белсенді металл (қосылыстарында тотығу дәрежесі +1).
+11Na )2е)8е)1е
Электрондық формуласы: +11Na 1S22S22P63S1.
Табиғатта кездесуі: Ғаламшарда таралуы бойынша 6-орында, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64% тиесілі. Табиғатта қосылыс күйінде кездеседі. Мұхит суларында 2,8% шамасында натрий хлориді бар, теңіз суларында одан да жоғарлайды (мысалы Өлі теңізде 7,9% натрий хлориді бар). Каспий маңы ойпатында, Арал теңізінің жағалауларында, Ертіс өзенінің бойында тас тұзының қоры (галит) кездеседі.
Мирабилит (Na2SO4*10H2O)кен орны Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған.
Натрий карбонаты (Na2CO3)Іле ойпаты мен Балқаш көллі маңында кездеседі.
Физикалық қасиеттері: Натрий жұмсақ, иілімді, пышақпен оңай кесіледі, созылғыш.Судан жеңіл,тығыздығы 0,97 г\см3. Оңай балқиды: t = 97,70C Электор тогы мен жылуды жақсы өткізеді.
Химиялық қасиеттері (слайд):
Жәй заттармен: 4Na + O2 = 2Na2O
2Na + S = Na2S
2 Na + CI2 = 2NaCI
Күрделі заттармен: 2Na +2 H2O = 2NaOH + H2
2Na + 2HCI =2NaCI + H2
Алу жолы: 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйіндегі натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды.
2NaCI электор тогы 2Na + CI2
Қосылыстары және қосылыстарының қолданылуы: (слайд)
Ас тұзы NaCI: тағамға салынады, тамақ өнімдерін консервілеу үшін, тұз қышқылын, техникалық сода алу үшін;
Натрий карбонаты Na2CO3: техникалық атауы кальцийленген сода: былғары, мата, фармацевтика өнеркәсібінде;
Натрий гидрокарбонаты NaHCO3: тұрмыста атауы ас содасы:медицинада және түрлі нан өнімдерін пісіргенде;
Натрий нитраты NaNO3: азот тыңайтқышы ретінде пайдаланылады.
ІҮ. Оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында:
«Ой толғаныс» кезеңі бойынша тапсырмалар (слайд):
●Мотивациялық анықтама (оқушылар өтілген элемент жайлы алған білімдерін бекіту)
Химиялық элемент аты –
Қандай (жай немесе күрделі) зат? –
Химиялық таңбасы -
Атомдық массасы --
Реттік нөмірі --
Қай (кішінемесе үлкен) период –
Топ, топшасы --
Валенттігі --
● «Кім жылдам» кезеңі (слайд): Қисынын табыңыз:
Тұрақты І валенттілік көрсететін металдар қатарын көрсету
Cu Ni Na
Au K Zn
Li Co Fe
● «Сандарды сөйлетейік» кезеңі (слайд):
110 --- Д.И.Менделеев кестесінде нені білдіреді? (110 элемент бар)
11 ---- нөмірде қандай элемент орналасқан? ( натрий)
22,9--- қанша, бұл қай элемент? ( натрий)
І, ІІ, ІІІ, ІҮ – рим сандары нені білдіреді? ( валенттілік)
● Сергіту сәті (қызықты тәжірибе):
Стақанға 1 немесе 2 тамшы йод тамызып, үстіне 5-10мл су құямыз. Сонда ерітіндінің түсі кәдімгі шәй тәрізді болады. Осы ерітіндіге нан батырамыз, нан көгереді. Себебі неліктен?
Жауабы: Нанның құрамында крахмал бар, ал крахмал йодта көгереді.
● «Мен кіммін?» ойынының кезеңі (слайд):
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау,
Ал өзім химиялық элементпін. Сонда мен кіммін? (Аз-от)

2. Бірінші бөлігім «тасқын су»,
Екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі,
Сонда мен кіммін? (Сел-ен)
3. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай,
Екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді,
Сонда мен кіммін? (Оз-он)
4. Бірінші буыны жалқы есімге қойылатын сұрақтан тұрады,
Екінші буыны сан есім, сонда мен кіммін? (Не-он)
● Химиялық диктант (слайд):
?Na + …… → Na2O
?Na + ? H2O → ? NaOH + ….
? Na + 2HCI → ?...... + H2
● «Мақал сөзде де металл жүреді,
Металл қадірін халқым біледі» кезеңі бойынша (слайд):
Ескі металл бөз болмас, .......... (ескі темір біз болмас)
Қойдың сүті -- ......................... (қорғасын)
От көмір жейді, ......................... (тот темір жейді)
Арпа-бидай ас екен, .................. (алтын-күміс тас екен)
Өнерлінің қолы ......., өлеңшінің сөзі....... (алтын).
● «Химия» сөзжұмбағын шешу (слайд):

х
и
м
и
я
1.Галоген аты (Хлор)
2.Сілтілік металл (Литий)
3.Бағалы қымбат металл (күміс)
4.Ас тұзының мол қоры жинақталған жері (Галит)
5.Атомның құрам бөлігі (Ядро)
● Әдеби бөлім «Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі» (оқушылардың
туған жер, экология туралы өлеңдерінен үзінділер келтіруге болады,
себебі тақырыпты өткен кезде Каспий, Арал теңіздерінің қазіргі
экологиялық жағдайлары сөз етіледі).
Айың анау, күнің мынау, жер мынау,
Ей, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де! (М.Мақатаев)
-----------------------------------------------------------------------
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат, әр жүректің,
Тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат! Ақылға сал,
Қатыгездік жасама.
Өзіңдағы содан тудың,
Табиғаттың ұлысың. (М.Мақатаев)
--------------------------------------------------------------------------
Ей, табиғат шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің? ( М.Мақатаев)
--------------------------------------------------------------------------
Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық? (Ж.Қожамқұлқызы)
Қорытынды: Не білдік? Не ұқтық? Не үйрендік?
Үйге тапсырма: «Іздесең –табасың, талаптансаң – жетесің,
зейін салсаң - ұғасың»
& 68,69
183-беттегі 5-жаттығу
184-беттегі 2-жаттығу
Бағалау: Химия мен медицина дамыған,
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары,
Мұндай ғылым әркез биік тұрады!

Ұлы айқаста жауды жеңіп кеттіңдер,
Бұл жеңіске зор еңбекпен жеттіңдер.
Үлес қосқан талапкерлерге бүгінгі,
Баға қоямын ашып журнал беттерін!

Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Сарға ауылы Тәрбие.орг сайтынан Сілтілік металл-натрий. Натрий қосылыстары Химиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетписова Айжақсы Бегейбайқызы

МО, Бейнеу ауданы, "Бейнеу мектеп-интернаты"КММ-сі Биология-химия пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Химиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 979 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar