Меню
Артқа » 2016 » Сентябрь » 24

Жас физиктердің дәстүрлі олимпиадасы

2016 жылы 22 қыркүйекте дарынды балаларға арналған №3 гимназияда физика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Алты жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы Павлодар облысының барлық мектептерінен ең талантты оқушыларды жинайды. Олимпиадаға Павлодар облысының Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен аудандарының мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептерінен 69 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

І орынды дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Драганчук Антон иеленді.

ІІ орын иегерлері - дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Укибаев Ануар және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Абдығалиев Жандос.

ІІІ орынға дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушылары Темірғали Дінмұхаммед және Қажмұрат Қадырәлі ие болды.

Құрмет грамотасымен Аксу қаласы мамандандырылған гимназиясының 8 сынып оқушысы Мукушев Жанболат және «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Сағиден Әлем марапатталды.

Олимпиада шеңберінде мұғалімдерге арналған физика пәнінен олимпиадалық тапсырмаларын шешу бойынша оқыту семинары өтті.

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar