Отбасы

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 552
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 19/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22958


Мақсаты: Балаларды отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету. Балалардың отбасы және оның мүшелері туралы білімдерін кеңейту. Ауызекі сөйлеуін дамыту, сөздерді дұрыс, ашық айтуға жаттықтыру. Отбасы сүйіспеншілігін, сыйластығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Отбасындағы өзара сыйластық, қарым қатынастарын дамыту. Сыйластыққа , сүйіспеншілікке , үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: көрсету, тыңдау, сұрақ жауап, мадақтау, аудио тыңдату.
Құралдар: « Суретті шежіре», «Ғажап сөздер» ата - аналардың үнтаспаға жазып алған даусы, дидактикалық ойын «Отбасы мүшелері»
Сөздік жұмыс: ата, әже, әке, ана, апа, аға.
Сабақтың барысы:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша жанды құрметпен
Бас иеміз біз.
Мұғалім: Балалар , бәріміз судай таза көзбен, гүлдей жайнап, жұлдыздай жарқырап бүгінгі сабағымызды бастайық.
Мұғалім: Бүгін міне жақындарымыз керемет сыйлық дайындап қойыпты.
«Ғажап сөздер» деп бізге жолдапты. Үйдегі туған туыстарың өте жақсы көреді екен сендерді. Мен оны сендерден бұрын естіп, қуанып қалдым. Кәне, тыңдап көрейікші. (үнтаспадан балалар өздерінің ата- аналарының балаларына айтқан жылы сөздерді тыңдайды ) «Айым, күнім , жұлдызым, құндызым, жарығым, балапаным, қошақаным, еркем, балым, тәттім»
(балалар тыңдап мяз болады)
Мұғалім: Тамаша!Қандай керемет сөздер! Балалар осы сөздерді кім айтады деп ойлайсыңдар?
Балалар : Ата - аналарымыз, родственники, братья, сестры мамы и папы.
Мұғалім: Ендеше, осы керемет жылы сөздерді біздің жанашырымыз «Отбасы мүшелері» жолдап отыр.
Балалар , отбасы туралы қандай саусақ ойынын білеміз?

Ойын: «Бір үйде біз нешеуміз?»
Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым әкем
Бала үйрек анам
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек апам
Кішкене бөбек ол МЕН!
Бір үйде біз нешуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Мұғалім:Отбасымыз қандай мүшелерден тұрады екен, Карина?
Карина: Әке, ана, аға, апа,және мен.
Мұғалім: Осындай отбасы туралы өз ойларымен кім бөліседі? (балалар қолдарына «Отбасы шежіресі» атты суретті коллажды көрсетеді. )
Женя: Менің атым Женя. Мен бестемін. Менің отбасымда төрт адам тұрады. Олар: әкем, анам, мен және інім.
Әнуар: Менің атым Әнуар. Мен бестемін. Менің отбасым үлкен. Менімен бірге атам және атам тұрады. Менің атам дәрігер. Әжем де дәрігер. Егер мен ауырсам олар мені емдейді.
Диана: Менің атым Диана. Мен бестемін. Менің отбасымда мен, анам, әкем тұрамыз.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Ендеше , балалар кім отбасы туралы тақпақ айтып береді?
Вика: Аға деген, іні деген,
Барлығы бір туысқан.
Аға деген, іні деген,
Жаралғандай құрыштан.
Диана :Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Захар : Менің әжем әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Керек болса бәріне.
Ботагөз : Ата отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Мақсат: Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Ендеше , балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: ия, әрине.
Мен сендерге қызықты ойын дайындап алып келдім. Алдарыңда екі тордан тұратын текшелер бар.Мысалы: текшенің бірінші торында АТА деген жазу бар, ал екінші торда баланың суреті. Сендер БАЛА және әженің суреті бар текшені тауып аласыңдар да жалғастырып коясыңдар. Ал, келесі текше ӘЖЕ деген жазудан басталу тиіс.
ата бала

Мұғалім: Жарайсыңдар! Балалар сендер отбасы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
«Ата бәйтерек, бала жапырақ»
«Әкеден ақыл, анадан мейірім»
«Отбасы бақыт мекені»
«Отбасы алтын , ыстық ұя»
Мұғалім: Жарайсыңдар! Балалар , бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
Балалар : Отбасы туралы болды.
Мұғалім: Отбасы мүшелерін атап беріңдерші?
Балалар: Отбасында ата, ана, әке, әже тб мүшелері болады.
Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында әр адамның зор бақыты.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Бәле шала отбасын,
Іздесе де таппасын! Деп бүгінгі отбасы туралы сабағымызды аяқтаймыз. Тәрбие.орг сайтынан Отбасы Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кульбалаева Ы.А

Ақтау қаласы № 42 «Түймедақ балабақшасы» Қазақ тілі маманы

Пікірлер: 0

avatar