Электронды оқулықтарды негізгі ұйымдастыру жолдары және маңыздылығы

Жарияланған материалдың жеке номері: 94


"Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі" МКҚК-ны
Информатика және арнайы пәндер оқытушысы
Пазылов Темірбек Райымбекұлы

Электронды оқулықтарды негізгі ұйымдастыру жолдары және маңыздылығы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жахандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы түлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
XXI ғасыр - бүл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғаліммен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мүғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мүғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мүғалім қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара түлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жағын нақты қарастырып өтейін. Негізінен мыналар қамтылады, оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды, оқушы оқулықты қажет етпей-ақ кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады, тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады, Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар, сарамандық жүмыстар жылдам түсіндіріледі, бағдарламаны меңгеруге арналған тест сүрақтармен қамтамасыз етілген, көрнекілік қүралдарға деген мүқтаждықты азайтады, мүғалім әр оқушымен дербес жеке жүмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады, оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді, зерттеушілік қабілеті бар түлға қалыптасады.
Электронды оқулықтардың да тиімсіз жақтары да болады. Оның негізгі тиімсіз жақтары мынадай түрде болады деп өз тұжырымымды айта кетейін, яғни психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы, пән аралық байланыстың аздығы, көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау болмайтындығы, оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген. Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару, оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы да қарастырылмаған. Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы, берілген пәндердің мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі мен оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы негізге алынады.
Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін мына төмендегідей үсыныс жасауға болады:
1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;
2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;
3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;
4. Дәстүрлі және әлектронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу.
Себебі әлектронды оқыту - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы.
Осыган байланысты әлектронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сүрақтарынан түратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
3.Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 әкрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жүмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
1. Білім мониторингісі;
2. Сауалнамалар;
3. Түрліше тестілік бақылаулар;
4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б.
5. Оқушыларды сырттай бақылау
Әлектрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мүғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас үрпаққа сапалы білім беруде әлектрондық оқулықтарды кез келген пәннен пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас үрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Пазылов Темірбек Райымбекұлы

Түркістан қаласы, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1256

Пікірлер: 0

avatar