Ертегілер әлеміне саяхат

Жарияланған материалдың жеке номері: 309


Ертегілер әлеміне саяхат
Мақсат:Балаларды үш (3)санымен таныстыра отырып, үшке дейін санауды үйрету. Екі (2) санын қайталау.Заттарды ұзындығы,еңі,биіктігі бойынша салыстыу.Геометриялық пішендер туралы білім қалыптастыру.Ойлау қаблеттерін дамытып,үлгі бойынша әрекет жасауды үйрету.Сабақта белсенді жұмысқа деген,ниет тәрбиелеу.
Жабдықтар: магниттік тақта,«Екі ашкөз қонжық», «Үш торай», «Үш аю» ертегілер кейіпкерлері. 1,2,3 саны бар карталар.Ұзындығы,еңі әр-түрлі жолақтар жинағы.
Сабақ барысы: «Мейірімді жануар» балалар қолдарымен бір-біріне қосылып,шеңберге турады.
Тәрбиеші: « Біз – бір үлкен мейірімді жануармыз.Жануардын тыныс алуын тындайқ!» Балалар өздерінің тыныстарына құлақ салады. Кеуделеріне ауа жинағанда-бр қадам алдыға басып, дем шығарғанда- бір қадам артқа басады. Жануардың жүрегі де осылайша біркелкі соғады. Тук- бір қадам алдыға,тук-бір қадам артқа.
Тәрбиеші: Балалар біз бәріміз, ертегілер әлеміне барып,екі қонжықты кездестірдік деп елестетейікшкі.Ол екеуі өз ара ірімшіктін бір бөлігін,бөлісе алмай отыр.Кай ертегі кейіпкерлері деп ойлайсындар?
Балалар: «Екі ашкөз қонжық» ( әңгіме магниттік тақтада, көрмемен бірге жүреді, кейіпкерлердің сүреттерінің астында «2» саны қойылады)
- Балалар санға қарап,есімізгі түсірейікші,бұл қандай сан? Екі қонжық не бөлісе алмады;және оларға кім көмектесті?
Балалар: Бұл екі(2) саны,қонжықтар ірімшік бөлісе алмай,оларға түлкі көмектесті.
Тәрбиеші:Балалар олардын саны енді неше болғанын санап көрейік?( балалар тәрбиешімен бірге, екі қонжықпен түлкіні санауға кіріседі)
Дидактикалық ойын «Дұрыс құрастыр»

Тәрбиеші: Біздін ертегілер әлемінде әр-түрлі кейіпкерлер тұрады.Бұл кейіпкелер қай ертегіден?( магниттік тақтадаүш торай, үш аю көрсетіледі)
Балалар: Бұл кейіпкерлер «Үш аю», «Үш торай» ертегінен.
Тәрбиеші үш саны туралы өлен оқиды.

Екіліктен кейін қарандар
3 саны шықты қарандар
Үшінші орын тұрағы
Үш ілмектен тұрады
Тәрбиеші: Үш саны неге ұқсас?
Балалар: Ілмекке
Дидактикалық ойын: «Үш санын тап»

Ойын- сауық міндеттерін толтыру:
А) Сатып екі сәбізді ,қойды үйрек себетке
Тағы қосса біреуін,неше болмақ әдетте?
(3)
Б) Бағдаршамнын неше көзі бар?
(3)

Сергіту сәті
Аспанға қарайық
Күнге қол созайық
Құстар қалай ұшады?
Қанаттарын қағады
Құстар су ішеді
Жем жиді
1,2,3 Құс аспанға ұш
1,2,3 Құс аспаннаң түс
Өздік жұмыс:
Үстелдін үстінде жатқан жолақтар жинағын,ұзындығы бойынша салыстыруды ұсынамын.Келесі ұзындығы бірдей жолақтарды еңімен салыстырады.
Дидактикалық ойын: «Обьектілерде таныс геометриялық пішендерді табу»


Қорытынды: Балалар, біз бүгінгі сабақта қай жаққа саяхатқа бардық,немен айналытық?
Балалар: Біз бүгін сабақта еретегілер әлеміне саяхатқа бардық, үш(3) санымен таныс болдық.Дидактикалық ойын ойнап, есеп шығардық

Букерова Сауле Тофоровна

Қарағанды обылысы. Теміртау қаласы. № 10 "Волшебный замок" балабақшасы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
75

Пікірлер: 0

avatar