Кәсіби этика

Жарияланған материалдың жеке номері: 251


Әдеп – ұлттық педагогиканың алтын арқауы.
Адамгершілік, әдептілік қасиеттері адамзаттың дамуының неше мыңжылдық тіршілігінің өзіндік жемісі.
Адамгершілік құлық - жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті.
Этика - әдеп мәдениетін теориялық тұрғыдан сараптайтын философиялық ұғым.

«Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз».
Әбу Насыр әл Фараби

Тағы бір керекті сөз – айтам дастан,
Ұғып ал құлақ салып мендей достан:
Болып ал кішіпейіл өзгерместей
Аластат тәкаппарлық ойды бастан
Ахмет Иүгінеки

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі – өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.
Абай
Ұстаздың әдеп сақтауы – халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағынуы емес, сол заңдылықтарды құрметтеуі, қастерлеуі, адамгершілік борышты өтеуі болып табылады.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі.
Ұстаздық шеберлік
Ұстаздық шеберлік дегеніміз:
 педагогтың өмірге көзқарасы
 пәнді жетік білуі
 педагогикалық әдеп
 оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде білуі
Педагогикалық этиканың негізгі қызметтері
 педагогтың шығармашылық дамуы
 педагогтың кәсіптік ұстанымдарындағы бетбұрысы
 оқушының адамгершілік дамуында көмек көрсету
Әдептіліктің көрсеткіштері:
 балаларды жақсы көру, өзара сыйластық, қолдау көрсету
 өзін-өзі және баланы құрметтеу
 мейірімділік
Педагогтың өзінің алдына қойған жоғарғы талаптардың көрсеткіштері:
 Әділ болу, балалардың бәрінің бірдей екендігін мойындау
 Өз мінез - құлықтарына баға беру, өзін-өзі сынау
 Өзін-өзі үзбей жетілдіріп тұру
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі үшін атқарылатын кәсіптік жауапкершіліктің көрсеткіштері:
 Тәртіпті болу, өзіне және балаларға қаталдықпен қарау
 Эмоциялық байсалдылық, әдептілік (корректность)
 Ұжымдағы әріптестермен жақсы қарым-қатынас
Әдептілік - Педагогтың үлкен адамдарды,сыйлы кісілерді құрметтеуі, «әке», «еке» жұрнақтарын қосып аттарын айту. Балаға жағымды ат қою – оны бауырына тартудың, оған мейірімділікпен қараудың тамаша көрінісі.
Отан сүйгіштік:
«Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол»!
Педагог бойындағы ұлттық намыс пен ұлттық мақтаныш. Туған елге қызмет ету. Елінің жарқын болашағына сену. Ұстаздың туған жеріне деген ыстық махаббаты, атамекенді қастерлеуі, халқының атына кір келтірмеуі, ана тілін ардақтап, құрметтеуі. Ұстаздың өз бойындағы күш-қуаты, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне жұмсауы.
Мақсаткерлік:
«Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан – ешқашан үміттеніп көрмеген жан»
Б.Момышұлы
Ұстаздың өз мінез-құлқын көздеген мақсатына бағыттауы. Оның өмірлік ұстанымы, танымы мен сенімі, асыл арманы. Мақсаты бар ұстаз өзіне жүктелген тапсырманы мүлтіксіз, сапалы орындайды, осы жолда үлкен белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Мейірімділік:
Ұстаздың мейірімді болуы, оқушылардың сеніміне ие болуы, олардың жан-дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөлуі және олардың талап-тілектеріне, талғамы мен қамына көңіл аударуы, қуаныштары мен күйзелістеріне аса сезімталдықпен қарауы, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу.
Педагогтың бойында болу керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)
1. Мейірімділік
2. Балаларға деген шынайы махаббат
3. Эмоционалдық байсалдылық
4. Әділдік
5. Балаларға деген зейін
6. Қайырымдылық
7. Сергектік
8. Өмірді сүйгіштік
9. Тіл табыса білу, бәрімен араласа білу
10. Жігер
Педагогтың бойында болмау керек қасиеттер: (оқушылардың пайымдауы бойынша)
1. Дөрекілік
2. Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдамау, сыйламау
3. Әділетсіздік
4. Өзін-өзі ұстай білмеу
5. Әдепсіздік
6. Балаларға немқұрайлы қарау
7. Өзінің пәніне немқұрайлы қарау
Педагогтың бойында болу керек этикалық икемділіктер:
Педагогикалық түйсік, көкейкөз (интуиция) (балалардың жаман қылықтарын білу және алдын алу икемділігі).
Эмпатия –балаларды түсіну икемділігі.
Балаларды жақсы көру:
1. Визуальді (көз арқылы)
2. Ұстау (прикосновение)
3. Психологиялық әдіс - балаға және оның өмірінде болып жатқан мәселелерге зейін қою
4. педагогикалық әдіс - педагогикалық көмек көрсету

Мінез-құлық туралы мақал-мәтелдер
Адам болып жүргенің адамдықта
Тонды тастап қашарсың жамандықта.

Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені,
Шын достықтың белгісі – көп кешікпей келгені.

Ақ иіліп сынбайды.

Кішіпейілділік – кісінің көркі.

Өлімнен ұят күшті.

Адам туралы мақал-мәтелдер
Адам әдет етеді, әдеп түпке жетеді.

Адамды алдау – арыңның алдында қылмыс
Ағаңды алдау – анаңның алдында қылмыс.

Ат жақсысын мақта, адам жақсысын жақта.

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Кісі қатесіз болмас, от түтінсіз болмас.

Жақсы адам – елдің ырысы,
Жақсы жер – жанның тынысы.

Жақсы-жаман туралы мақал-мәтелдер
Жақсы арына құл, жаман малына құл.

Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.

Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.

Жақсы болсаң жаның көп.

Жақсы адам жолдасынын белгілі.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Жақсыға сөз ілеседі,
Жаманға шөп ілеседі.

Сөйлесу кезінде қолыңызды айқастырмаңыз, аудиторияға бетіңізбен бұрылып тұрыңыз, араларыңыздағы қашықтық үлкен болмауы керек. Сөйлеу кезінде оңға, солға емес, керісінше алдыға, артқа қозғалған дұрыс. Алдыға қозғалғанда айтып тұрған ақпаратыңыздың маңыздылығы күшейеді, ал артқа қозғалсаңыз тыңдаушыларға кішкене дем алуға мүмкіндік бересіз.
Мимика – беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер береді. Мимика ақпараттарды жақсы қабылдатуға көмектеседі.

 ауызын қолмен жабу, мұрынына қол тигізу - оқушы сізді алдап тұр;
 оңға, солға басын қисайту – сіз баланың зейінін өзіңізге қарата алдыңыз;
 басын төмен түсіру – балада қызығушылық пен зейін жоқ, ол шаршады немесе сізді тыңдағысы келмейді;
 бетіне немесе иегіне сүйенсе – баланың іші пысты;
 иегін сипалау – оқушы шешім қабылдамақшы;
 алдына қолын айқастырып тұрса – жаман ойларын, сезімдерін жасырып тұр
 үстіндегі қылдарды терсе – өз ойын ешкімге айтпай өзінде ұстап тұрғаны
 қолын беліне таянып тұрса – іс-әрекетке дайын немесе бір нәрсе оған ұнамай тұр
 заттарды аузына салса – бір нәрсені қатты ойлап тұрғаны немесе уақыт созып тұрғаны
 саусағын аузына салса – қатты шаршағаны
Педагогикалық жағдайлар:
 Оқушы өзін дөрекі ұстайды. Оқушының бойындағы бұл дөрекілікті жою үшін ұстазға не істеу керек?
 Оқушы терезенің алдында тұрған гүлді жұлып тастады. Оқытушы не істеуі керек?
 Оқушы еденге былш етіп түкірді. Баланы қорламай қалай жағдайды шешуге болады?
Педагогтарға қойылатын талаптар:
 ешқашан оқушыларға айқайламау
 оқушыларды жақсы көру
 оқушылар туралы жақсылықтарды көп білуге тырысу
 оқушыларды қауіп-қатерлерден қорғау
 ешқашан оқушылардың шындығын өздеріне қарсы пайдаланбау
кешіре білу
 естіп көре білу
 көмектесе білу (көмек жарнама үшін берілмегені жөн)
 тоса білу және шыдамды болу
 оқушыларды табысқа жетелей білу
 әр оқушының бабын таба білу
 оқушыларға қызықты бола білу
 жақсы көре тұра талап ете білу және талап ете тұра жақсы көре білу
 әр оқушыға жылы сөз айта білу
 оқушылармен барлық жұмысты атқара алу
 ешқашан өзін оқушылардан артық көрмеу
 оқушылар сіздің не оқып жүргеніңізді, нені жақсы көретініңізді, қызығушылықтарыңызды білуі керек
 оқушыларға сіздің күтпеген жерден шешім қабылдауыңыз, қапыл киім кигеніңіз және оқыс қылық, әрекеттеріңіз ұнайды
 оқушының үйіне баруды жаныңызбен сезіну
 ешқашан оқушыларға наразылық білдірмеңіз
 бір нәрселерді оқушылар үшін емес, керісінше оқушылармен бірігіп ойластыру
 олардың домбыраларына қосылып ән салу
 оқушыларды мейірімді болуға, жауапкершілікке, басқаларды және өзін-өзі сыйлауға үйрету
 ешқашан атқарған ісі үшін мақтауды ұмытпау
 мадақтаудың әр-түрлі тәсілдерін ойластыру
 ешқашан оқушыны біреумен салыстырмау керек
 сізде сүйікті оқушыңыз болмауы керек
 әр оқушының бойынан жақсы қадір-қасиетті тауып, соны дамыту керек

Тағыбаева Арайлым Бақытқызы

Қарағанды облысы Приозерск қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
681

Пікірлер: 0

avatar