Мұғалімнің әдебі мен шеберлігі

Жарияланған материалдың жеке номері: 127


Баяндама

Мұғалімнің әдебі мен шеберлігі

Баланың алғаш ұсазы-оны мектеп табалдырығын алғаш аттағанда күтіп алып, әріп танытып, жазуға үйрететін мұғалімі. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылыми негіздерін тоқыта алған, оқушыны өзіне жақын тартып, баулып, үйренген нәрселерін өмірде, іс жүзінде қолдана білуге, істеген ісі, инабаты, жан-жақтылығы арқылы оқушыларына үлгі бола алған адам ұстаз болып саналады деп ойлаймын. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім-адамдардың өмірге деген көзқарасын, сенімін қалыптастыратын, оларға осы өмірде өз жолдарын таба білуге бағыт-бағдар беретін, айналасына білім-тәрбие нұрын шашып, адамгершілік төгетін қоғамдық қайраткер, ойшыл тұлға.
Мұғалім мекттептегі басты тұлға дегенде, баланы оқытып, білімді етерлік түрлі қасиетерді айтамыз. Солардың бірі- оның бала деген сүйіспеншілігі. Мұғалім балаға деген сүйіспеншілікті ала отырып, мамандығын дұрыс игеріп алдына қойған мақсаттарға ұмтылуы тиіс.
Балаға деген сүйіспеншілікті бір жақты түсінуге болмайды. Ы.Алтынсарин «Мұғалім балалармен істес болады, егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім оқушыларды кінәламай, олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс»-деп жазды. Демек, мұғалім өз мамандығын жақсы көріп, өз пәнінен көбірек мәлімет беруге ұмтылуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда мұғалім қабілеттілігін ұстана оырып, оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуі тиіс.
Қазіргі таңда қабілеттіліктердің бірнеше түрі бізге аян. Олар: дидактикалық қабілет-оқушының білім дәрежесін, іскерлігін, дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттырып, таным белсенділігі мен ойын дамыту. Перцептивті қабілет-оқушының ішкі дүниесін, сабақтағы жағдайын тани білу. Сөйлеу қабілеті-тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, жүйелі етіп жеткізу. Ұйымдастырушылық қабілеті-сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға , оқушыларды әзірлей білуге, ата-аналармен жұмыс істей білуі, оқушыларға бағыт бере отыра өз жұмысын дұрыс ұйымдастыруы. Коммуникативті қабілет-оқушылармен қалыпты қарым-қатынас жасай білу. Конструктивті қабілет-мәселерді тиімді жолмен шешіп,әр нәрсеге жауапкершілікпен қарап педагогикалық тапқырлық таныту. Қолданбалы қабілет-өз мамандығына қатысы жоқ спорт, көркемөнер, сурет өнері туындыларын білетінділігімен қызықтырып, оқушыларды сол салаларға жиі қатыстырып, баланы жан-жақты дамытуы болып табылады.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасында аса маңызды орын алады. Шыншылдығы, қарапайымдылығы, сабырлық көрсетуі, өзін-өзі басқарып, оқушылармен, басқа да адамдармен ұстамдылық танытуы, адамгершілігі үлкен шеберлік деп ойлаймын.
Қазіргі кезде оқушыларды құрметтеу аса маңызды орын алып отыр. Оларға адамгершілік таныта отырып, берген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын дәрежеге жеткізуге тиіспіз. Демек мұғалім оқушылармен жан дос,ең жақын көретін адамы, жамандықтан арашалайтын панасы болуы тиіс. Бір сөзбен айтсақ оқушының жүрегіне жол табуы қажет. Моральдік сенімді, ынта мен ықыласты, талғамды баланың бойна күштеп қалыпастыру қиын. Амал біреу: мұғалімді оқушы мүлтіксіз сүюі қажет етеді.
Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасын зерттей келіп, оны мағыналы етудің шарттарын атап берген.
1.Оқытуды және мектептегі басқа жұмыстарды оқушылардың қызығушылығы тұрғысынан басқару
2.Әрбір оқушының мүмкіндіктерімен болашағына сеніп отыру.
3.Оқушыларға әдепті болу, олардың ар-намысын құрметтеп отыру.
Қазіргі кезде мұғалім болу- Мұғалімдік талант дейді. «Талант» дегенді әркім әр үрлі түсінеміз. Талант көбіне ақын-жазушыларда, әншілерде, өнертапқыш адамдарда кездеседі. Ал, «Мұғалім болу-талант па, ол әркімнен келе бермей ме? деген сұрақ туындайды. Мұғалімнің бәрі бірдей талантты болып тумайды. Бірақ ,кез келген мұғалім өз жұмысын сүйіп, ынта, зейін қойып, өз бетімен көп еңбек етсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете біліп, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық кәсіпті жақсы меңгере отыра, педагогикалық әдепті бойыны сіңірсе, онда талантты мұғалім бола алады деп ойлаймын.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің саласына жету-мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығын жақсы көрген мұғалім ғана педагогокалық этиканы да, педагогикалық техниканы да жақсы меңгереді.

Байболова Мереке Мейрамовна

"Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті ЖББ №16 орта мектебі" КММ-сі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2337

Пікірлер: 0

avatar