POWER POINT ПРОГРАММАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕР

Жарияланған материалдың жеке номері: 122


Павлодар облысы, Баянауыл ауаданы, Баянауыл селосы
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернаты



POWER POINT ПРОГРАММАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Дайындаған: Әбдікәрім Нұрерке 7асынып оқушысы
Информатика пәнінің мұғалімі:Абдыкаримова Самалгуль Талкайратовна

Баянауыл-2016ж.


Кіріспе
ХХ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы- ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта тусіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік –ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттілігін көрсетеді. Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер береді. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.
Бүгінгі таңда уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.Амонашвили: “Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін, оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек” дейді.
Power point программасының жүйесі оқушыларға осы программаның көптеген мүмкіндіктерін еркін меңеруді және қиял-ғажайып жобалар жасауды мақсат етіп қойдым.
Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде
компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға
қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.

Зерттеудің мақсаты:
Бұл технология, жаңа материалды жаңа түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан оқушыларға осы матералды дайындауды және қолдануды жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамассыз етіп оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы- оқушыларды жаңа ақпараттық технологиярды пайдалануға дағдыланырады. Осыларға қоса мектептің жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің интернет жүйесіне қосылуы оқушылар жұмысын біріктіре отырып жаңа технологияларын игеру өте қызықты етіп көрсете алады.

1. Power point прграммасын іске қосу, презентация құру. Түсіндірмелі-көрнекілікті.
2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру.
3. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.
4.Слайдқа мәтін, сурет және графикалық обьектілер енгізу ізденіс.
5.Power point прграммасында слайдпен жұмыс істеу режимдері.
6.Презентацияларды безендіру өз бетімен жұмыс
7.Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері
8.Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету.
9.Мәтінді безендіру
10.Презентация құру кезінде анимациялық эффектілер қосу және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдану
11.Құрамдас мәтін анимациясын таңдау
12.Слайд фильмдер құру
13Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу
14.Слайдқа компакт- дискідегі жазбаларды қосу
15.Слайдтарды көрсетуге дауыстық және дыбыстық сүйемелдеу.
16.Триггер қою мумкіндіктерін пайдалану
17.Гипертекст, гиперссылка.
18.Жасырын слайдтар құру
19.Слайдқа ескертпелер жазу
20.Презентацияны көрсету және баспаға шығару
21.Көрме ұйымдастыру

Қорытынды

Оқытудың тиімділігін арттыруда мультимедия құралдарының ролі зор,
әсіресе,қиял-ғажайып презентациялар құру, деңгейлік тапсырмаларды орындау, пультті пайдаланып тест шешу, видеомәтін, электронды оқулықтармен жұмыс істеу оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырады.
Жемісті еңбек – бәрін де жеңбек.
Жетістікке қол жеткізудің негізі – мұғалім мен оқушы қызметін ұйымдастыру бағыттарының дұрыс таңдалуы.
Ел ертеңі білімді ұрпақ екені бәрімізге аян. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуі қажет. Отанымыздың ертеңгі күні тірегі болар халық ойшылдары мен қайратты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету, жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үлкен табыстарға қол жеткізері сөзсіз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Информатика 10, Авторы: Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ноғайбаланов
2. Информатика негіздері №1-6 2010ж
А.Б. Дәулетқұлов Алматы – 2004
4. Информатика әдістемелік құрал Авторы: Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, Н.Н.Шпигарь
5. Информатика анықтамасы 7-11 с Арман-АВ 2007 Авторы: С.Т. Мұхамбетжанова
6. Информатика және компьютерлік техника /түсіндірме сөздік/ Авторлары: Н.Ы.Аманжолова, Қ.Ахметов, Қ.С. Әбдиев, Г. Әбдіқасова, Н.Б.Биәділов т.б

Абдыкаримова СамалгульТалкайратовна

Павлодар облысы, Баянауылауданы Ш.Айманов атын. жалпы орта білім беру мектеп интернаты

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
725

Пікірлер: 0

avatar