Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз!

Жарияланған материалдың жеке номері: 320

Материал тегін жариялап, сертификат алу


Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» № 1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Осыған орай «Құлыншақ» балабақшада сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу мақсатында балабақша директоры Гуляяра Баймбедова қырқүйек айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы ата-аналар жиналыс өткізіп ,қазан айында ата-аналардан сауалнама алынып, қараша айында «Балабақшада жемқорлыққа жол жоқ» атты көрме ұйымдастырып, желтоқсан айында , балабақша ұжымы арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс» тақырыбында жиналыс өткізіліді. Осы жиындарда ең басты мәселе – сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары талқыланды.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жол¬дауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпы ұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамның барлық мүшелерінің борышы екенін атап көрсеткендігін айтты. Сондай-ақ, Маңғыстау обласы Қарақия ішкі істер басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тақырыбына әлеуметтік роликтер көрсетіп, баяндама оқылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс - шаралар жүргізіліп тұрады.
Жемқорлықтың алдын алуды әр адам өзінен бастауы керек деп ойлаймын. Әділдікді ту етіп, шыншыл болсақ, бойымызға тек адамгершілік қасиеттер сіңірсек қана кез келген індетке қарсы тұра аламыз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Балабақша әдіскері:Елдесбекова Ж.Ч

елдесбекова Ж.

Құрық ауылы "Құлыншақ" балабақшасы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
55

Пікірлер: 0

avatar