Сыр елінің күйшілері

Жарияланған материалдың жеке номері: 285


Сыр елін «Сүлейлер елі» деп тегін атамаса керек. Сыр елінен шыққан Ешнияз сал, Балқы Базар, Жиенбай жырау, Шораяқтың Омары, Сәрсенбай, Нұртуған, Тұрмағанбет, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Жаңаберген, Бұдабай, Нартай сияқты ақын-жыраулардан бастау алатын сүлейлер шоғырын олардың кейінгі буын ұрпақтары – Мұзарап, Рүстембек, Көшеней, Шәмшәт, Арзулла, Сұраған, Рысбек, Бекұзақтар болса, осы дәстүрді бүгінгі буын жыршы-жыраулары лайықты жалғастырып келеді.
«Кімнің батыр, кімнің бақыр екенін жырау білер» деген екен Қорқыт бабамыз. Жыраулық дәстүр тарихының бастау бұлағы, сонау Түркі дәуірінің «Орхон Енисей» жазуындағы мадақ жырларынан, «Оғызнама», «Қиссас үл Әнбия» жазба әдебиет мұраларынан тамыр тартады.
Сыр бойы ғажап өлкесің
Толқисың тыңдап термесін
Сияқты сырда ақындар
Жасаған жырдың көрмесін
Керемет ғажап ойланам
Жырмен тұр тұнып айналам
Өзгеше сырдың мақамы
Жаныңды жіпсіз байлаған
Бесікте балаң бұлқынған
Желіде тайың жұлқынған
Жыр жинап алып жүрмін мен
Көшкенде қалған жұртыңнан – деп сөз бастаған Көшеней жыраудың ұлы Арнұр Көшеней айташы (жүргізуші) болған жыр мен күй кешінде Бидас Рүстембеков, Құрмаш Жүгінісов, Ұлжан Байбосынова, Ғанибек Өмірзақов, Ақмарал Ноғайбаева, Ерболат Мұстафаев, Болат Баймұратов, Ақмарал Қалданова, Серікқали Жұбаниязов, Ғибрат Жұмағұлов, Әзілхан Мақсатбаев, Әлімжан Әбсадықов, Бейсенбек Төлеубаев, Нұршат Ақбаева, Айбек Тәңірбергенов, Зүлфия Баймұрзаева, Құрманбек Бекпейісов, Мұхамедәлі Бекпейісов, Алдияр Шағдатов, Нұртілек Ақтаев, Абылайхан Ысқақов, Елмұра (Эльмира) Жаңабергеновалар (жыршы-жыраулық үш мектептің де өкілдері) өнер көрсетіп келеді.

Искакова Улбосын Абубакирова

Қызылорда қаласы №7 арнайы түзету мектеп-интернаты

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
133

Пікірлер: 0

avatar