Табиғатты аялайық

Жарияланған материалдың жеке номері: 179


Табиғатты аялайық!
Әр халықтың өскен ортасы,кіндік қаны тамған жерінің барлық қадір қасиеті оның тұла бойындағы адамгершілік ақыл-ой парасатымен үнемі тамырласып,әрі тағдырласып жатады.Халқымыздың табиғатқа етене жақын болуына тарихи қалыптасқан өмір салты да әсер еткен.Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі деп есептеп,оны аялауға,оған мейірімділік көрсетуге ерекше мән берген ғой.Біздің қазіргі кезде аузымыздан күнделікті тастамай айтып жүрген экологиялық мәселелерге қазақ халқы ертеден-ақ көңіл бөліп,тіршілік әрекетін оған сәйкес жүргізе білген.
Күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі табиғаттың барлық жанды,жансыз туындыларыны қиянат көрсетуге үнеміқарсы тұрып,»обал»,»сауап»деген ұғымдарды ұлағат етіп қалдырған.Әрбір жеке табиғат байлықтарына және оның дара туындыларына арнайы айтылған экологиялық тыйым сөздер де халық арасында кеңінен тараған.Мұның тәрбиелік мәні өте зор.Мысалы,»суға түкірме»,»суды лайлама»,»судың да сұрауы бар»деген тыйым сөздердің берер тәлімі тым тереңде жатыр.
Қоршаған ортаны қорғау бұл күндері ортақ мәселеге айналып отыр.Осы ретте біздің ауданымызда бірқатар істер аңғарылады.Ауданымызда жыл сайын көктемде және күз маусымдарында тазалық айлығы жарияланады.Қазір үй-үйдің арасына ағаштар отырғызу үрдіске айналды.Көше жиегіне отырғызылған талдарды ретке келтіріп отыру,күнделікті суару күн тәртібінде тұр.
Біздің туған өлкеміз мұнай мен газға бай.Дегенмен мұнай қалдықтарын ереже талаптарына сай тиісті орындарға көму,газдың ауаны ластамауына көңіл бөлу сияқты мәселелер күн тәртібінен түспейді.Табиғат-өз үйіміз,оны аялы алақанда ұстамасақ,»қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалуымыз»мүмкін.


Жулбаева Гулайым
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып пәні мұғалімі

Жулбаева Гулайым Сагинбаевна

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы "Ы.Алтынсарин орта мектебі"

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1114

Пікірлер: 0

avatar