Бақытты отбасы формуласы

Жарияланған материалдың жеке номері: 178


«Бақытты отбасы формуласы» тренинг
Мақсаты: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, отбасындағы тәрбие маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекіліктері: Слайд, бейнеклип, қағаздар, шам, сауалнамалар,.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Сілбі» /паутина/ ойыны.
2. Шағын баяндама. «Отбасым – алтын мектебім».
3. «Біз біргеміз!» жаттығу.
4. Топтық жұмыс.
5. Тәжірибе алмасу.
6. Сауалнама сұрақтары.
7. «Бақытты отбасы формуласы»
8. Ой толғау
І. «Сілбі» (паутина) ойыны. Оқушылар мен ата-аналар бір біріне қарама қарсы тұрады. Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы қарсы тұрған балаға өзім туралы қысқаша мәлімет айтып беремін. Ол бала өзі туралы айтып келесі менің қасымдағы ата-анаға береді. Осылайша барлық ойыншылар қамтылу керек. Сонда біз өрмекшінің сілбісін жасадық. Енді керісінше соңғы бала өзіне қай ата-ана жіпті берді сол кісіге ол туралы есіне сақтағанын айтып қайтарып береді. Осылай ша оралған жіп маған қайтып келу керек.
Сұрақтар: Ойын ұнады ма? Несімен қызықты? Қандай қиыншылықтар туындады?
ІІ. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аналардың орны ерекше.
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті.
Қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ.
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуші, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
Қазіргі кезде көп ата-аналар балаға мектеп есігін ашқаннан көңіл бөле бермейді. Кейбірі балаларының жалқаулығына іштей ренжиді. «Балам жалқау, ештеңе істегісі келмейді» деген наразылық та білдіреді. Себебі оған әуел бастан өздері кінәлі екендіктерін байқамай да қалады. Тіпті баламыз тілімізді алмайды деген сөзді де естіп жүрміз. Өзінің туған баласы әлден әкесі мен шешесінің тілін алмайды дегенді қалай түсінесің? Өз өміріміздің жалғасы, келешек өмір иелері, бала тәрбиесі шешенің, не әкенің ғана еншісі деп бөлу дұрыс емес. Бала тәрбиесі бүкіл халықтық іс. Сол себепті олардың тәрбиесінен қоғамымыздың бірде-бір адамы бейтарап қарамауы керек. Осыған орай әрбір ата-ана өзінің үй ішіндегі ісіне, сөзіне, басқалармен қарым-қатынасына ерекше мән беріп, сын көзімен қарап, жағымсыз іс-мінезі байқалса өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылдану қажет. Сондықтан әрбір отбасы басшылары өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс-тұрысымен жас жеткіншектер тағлым алатындай өнеге көрсеткені жөн.
Бейне клип көру.
ІІІ. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
Қызықты сұрақтар /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Ата-анаңыздың туған қүні?
3. Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?
4. Ата-анаңызды сүйікті бағдарламасы?
5. Балаңыздың сүйікті асы не?
6. Ата-анаңыз қандай спорт түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
9. Әкеңіздің сүйікті ісі?
10. Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?
11. Ата-анаңыздың сүйікті асы?
12. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
13. Ата-анаңның жақсы көретін гүлдері?
14.«Балам үшін барлығына дайынмын» деп ойлайсыз ба?
ІV. Топтық жұмыс. Ситуациялық жағдаяттар. (Әр топ берілген жағдаяттарға ой-пікірін білдіріп, сұрақтарға жауап береді)
І топ. - Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. Әке-шешем ақшаны беретін болғандықтан, қымбат киімдер кидім, қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Бар нәрсе оңайлықпен келетін болған соң, өмірге жеңіл қарадым.
Қаншама теріс қылықтарым үшін милицияға да түстім. Әр уақытта әкем ақшасының арқасында шығарып алатын еді. Мұның соңы жақсылыққа апармады. Сөйтіп, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықтым. Бүгін де бар жасаған әрекетіме өкінемін, өмірімді қайтадан бастағым келеді. Кейінгілерге айтарым - теріс қылықтардан аулақ болып, өкінбейтіндей өмір сүріңдер.
Сұрақ:
1. Әңгіме мазмұны бойынша өз пікіріңіз?
2. Әңгіме кейіпкерінің теріс жолға түсуіне кім кінәлі деп санайсыз?
3. Отбасы тәрбиесінде баланы еркін өсіру қажет пе? Бала тәрбиелеу ісіндегі әкенің ролі қандай деп ойлайсыз?
ІІ топ. Біздің отбасымызда бір күн тыныштық болса шы?... Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Жанжалдың өзі аяқ астынан туындай қалады. Шешем болса маған: «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың да шамалы» деп құлақ етімді жейді. Ал, әкем болса, күні-түні ішкені ішімдік, үйдің береке-сін қашырады. Осындай жағдайлардан соң, сабақ оқу қайдан болсын?... Ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады, үйден безіп кеткім келеді. Не істерімді де білмеймін...
Сұрақ:
1. Мұндай жағдайда не айтуға болады?
2. Әңгімедегі жаны жаралы кейіпкерге қандай ақыл қосуға болады?
3. Отбасында кейбір ата-аналардың өз баласының әрекетіне көңілі толмай: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен бұны жасай алмайсың» деп жататынын да байқап қаламыз. Баланың іс-әрекетіне осындай теріс баға беруге қалай қарайсыз?
ІІІ топ. Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады. «Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп, күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қызымның көңілін қалай ауласам екен? Кеңес берсеңіздер екен...
Сұрақ:
1. Сіз қандай кеңес берер едіңіз?
2. Сол ата-ананың орнында болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?
3. Отбасында бала тәрбиелеу ісінде кездескен қиындықтар болды ма? Оны қандай жолмен шеше алдыңыз?
V. БІЛІП АЙТҚАН СӨЗГЕ ҚҰН ЖЕТПЕЙДІ,
ТАУЫП АЙТҚАН СӨЗГЕ ШЫН ЖЕТПЕЙДІ.
ӨЗІҢ БІЛМЕСЕҢ, БІЛГЕНДЕРДЕН ҮЙРЕН,
ҮЙРЕНГЕННЕН ЕШТЕҢЕҢ КЕТПЕЙДІ деген екен Төлеби атамыз ендеше келесі сөз кезегін ауылдың бала тәрбиесінде еңбектері сіңген көп бала өсірген «Қөп балалы ардақты аналарға» берейік.
Тату-тәтті отбасы құру құпиясы неде?
Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі ?
Қазіргі азаматтық некеге көзқарасыңыз?
Ажырасу себептері неде?
Жанұядағы тәрбиелік мәні бар қызықты оқиға!

VІ. Құрметті оқушылар, ата-аналар алдыларыңыздағы сауалнамаға жауап берсеңіздер!
VІІ. Ал енді құрметті ата-аналар, оқушылар алдарыңыздағы берілген ақ ватманға «Бақытты отбасы» формуласын салып көрсетулеріңізді сұраймын.
Қорыта келе айтарым әрбір отбасы басшылары өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс-тұрысымен жас жеткіншектер тағлым алатындай өнеге көрсеткені жөн. «Үлгі – үлкеннен», «Баланы – жастан» - деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Осымен құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар біздің кездесуіміз аяқталды. Осы айтылған ой тұжырымдардан әр кім өз қоржынына керекті мағлұмат алып «Бақытты отбасы формуласын» құрастырады деген үміттемін. Көңіл мен уақыт бөліп қатысқандарыңызға ризашылығымды білдіремін, келгендеріңізге рахмет.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін
төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз - ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.
Тамағын ішпей жатып ұрыс - керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі - ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін - еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.
13. Балаңыздың көңіл - күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамаса

Касымбаева Шакария Олжасқызы

Алматы облысы Ж. Молдағалиев ат. МДШО бар ОМ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1442

Пікірлер: 0

avatar