Баланың ішкі жан дүниесі.

Жарияланған материалдың жеке номері: 138


Бала өз денесін күрделі жүйе ретінде сезіне бастайды.Сондықтан да осы кезде ағаштарға асылу,секіріп ойнау,бастарын төмен қаратын асылу,биік қорғанларға шығу сияқты әрекеттермен айналысады.Ата аналар бұған үсіністікпен қараудың орнына "тыныш отыр", "жүгірме","алыспа" деп ескерту жасап,шектеп отырады.Балалардың түлі қозғалыстары "тыңдамағандықтан" емес.Бала қимыл қозғалысқа түскенле ғана жетілмек,сол арқылы баланың дене бітімі ғана өсіп түзеледі,ол тіпті дұрыс жазуға,сызуға,жабыстыруға өз әсерін тигізеді. Ата ана сондықтан дене бітімінің өсуіне де жете көңіл бөлулері керекБала осы кезде басқалардан даралығысын бқлңп тұратындығын сезіне бастайды.Сол даралықтарды оларға ұнайтындықтан,соны үнемі көрсеткілері келіп тұрадыв.Осы уақытта олар өздерінің құпияларын,сырларын,колекцияларын жинақтай бастайды. Бұл балаларға түсінікті болғанымен,ересектер үшін мүлдем түсініксіз болуы мүмкін.Бала мектепке барғанға дейін оның айналасындағы заттар шектеулі болады. Мектепке барғанан соң оны қоршаған кеңістік кеңейеді.
Мектеп бала үшін жаңа орта,тұтас бір жұмбақ әлем сияқты.Бала осы ортада өзін өзі тәрбиелеумен айналысады,біртіндеп сол ортаға бейімделеді.
Бала психологиясындағы тағы бір қасиет олардың ересектердің көңілінен шығуға әлінше тырысуы. Олардың пікіріне санасып қана қоймай,соларға ұқсауға еліктейді.Бала үшін ересектердің оны мадақтау өте маңызды,ол үшін өздерін дұрыс ұстауға тырысады.Сол арқылы бала бойындағы ұстамдылық,шыдамдылық қалыптасады.Өзін өзі бағалауға,бақылауға үйренеді.Бала осы кезде өз іс әрекетіне мақтанады немесе ұялатын болады. Өз қатар құрбыларының көзіне түсіп,солардың арасында шоқтығы биік болып тұрғанды қалайды.Тіпті жарысқа түсу олар үшін ең қызық дүние.Бірін бірі қайтсек басып озып шығамыз деп тұрады.
Осы уақытта ата ананың бала жанын түсінуі маңызлы.Балаңыздың жақсылығын көрмеу,оны ынталандырмау,оған сенім артпау,оның жанына өте ауыр тиеді.Көңілі қалып ересектерге сенімін азайтады.
Ата ана көбінесе баланың оқуға барған кезде оның алған білімін емес,бағасын бағалап жатады.Бір қарағанда бұл оқуға қызығушылығын арттыратын болғанымен,көбінесе баланың оқуға деген ынтасы төмендеуіне себепші болады.Бала білім үшін емес,баға үшін талпынады.
Мектепке барғаннан бастап,баланың сөздік қоры да көбейеді.Сол арқылы өз ойын өзіне қажетті деңгейде жеткізіп үйренеді.Бала білімді кейде сұқтар арқылы алып жатады.Сондықтан ересектерге сұрақ қойғанда,оған ашуланудың қажеті жоқ.Осы жаста балалар тапсырмаларды ойша шешуге тырысады.Өзәнің зейінің аударған нәрселерге ұзақ көңіл аударып тұрып қалуы мүмкін. Мектепте бала жазу жазады,кітап оқиды,санайды,сызады,салады,ережелерді жаттайды,мазмұндайды,сондықтан мұнша көп процесті орындау үшін баланың есте сақтауын жаттықтыру өте маңызды. Бұл жаста мұғалім балаларға сабақтарды көрнекілік арқылы түсіндіреді.Сол арқылы баланың ойлауы кеңейеді,бала түрлі оқиғаларды,заттарды көз алдына елестету арқылы қабылдайтын болады.Нәтижесінде бала түрлі оқиғаларды ойлап шығарады,қиял ғажайып кейіпкерлерді құрастырады,өзі ойлап ертегілер айтады.Қорқынышты кейіпкерлерді ойлап құрастыру арқылы өз бойларындағы қорқыныштарын жеңеді.Ойлау бұл жерде психотерапия ролін ойнайды.

Жүнісова Нұршаш

ШҚО Семей қаласы №38 мектеп-лицей

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
917

Пікірлер: 0

avatar