Ұлағатты оқу орнын қалай толтырамыз?

Жарияланған материалдың жеке номері: 248


Ұлағатты оқу орнын қалай толтырамыз?

Әрине, балалықтан аттар, жастыққа бастар аралық-бозбала (бойжеткен) сын кезең ұлға да, қызға да бірдей. Балалықтан байсалдылыққа өтер басқа өткел де,жол да жоқ.Бірақ олардың сол сыннан сүрінбей өтуіне сүйеніш болар адамдар:ата-ана,құрбы-құрдас,туыс-туған екені белгілі. Қазақ ғұрпында, ана қызға ең әуелі ақылшы, әрі жанашыр. Ана ақылынан титтей де аулақ кету, ауытқу болмаған десе болады.

Қыз барлық өнегені анасынан алған. Сондығы болар, «қыз ұяты шешеге“ деген ғой.“Қыз жағадағы құндыз”. Ол баршаның бақыты.Көптің тәлімімен өсетін, нәзік қамқорлықты таңдайтын,талғайтын абзал да аяулы ұрпақ.Оның тәрбиесі көптің ісі.Қыз елдің көркі”.Әдепті, тәртіпті қыз ауылдың мақтанышы, ал, керісінше болса, ата-анаға сор, ауыл аймаққа күйік.Бойжеткендерге “қырық үйден тию” қойып, «қыз қылығымен” дегенді ерекше ескерткен.Бірақ мұның бәрі де қыз тәрбиесі үшін жеткіліксіз(бүгінгі таңда, тіптен орыны толмай жүр).Бойжеткен қыздарға ата-әже, әке-шеше жас жағынан тым алшақтау, құрбы-құрдас кейбір жағдайды шешуде өзі тәрізді тәжірибесіздік көрсетеді. Енді кімге иек артып,сүйену қажет?.Өмірдің өзі-”Жеңге,жеңге.” деп көрсетіп, сыбырлап: тұр емес пе?! Осы негізде қазақ әулетінде “Жеңге мектебі” өмірге келген.“Қызы бар үйдің қызығы бар” болатындықтан әр күн өткен сайын,өсіп келе жатқан қыздың физиологиялық ерекшеліктері сезіліп,жаңа тосын жағдайлары көбеюі рас. Осының бәрін суыртпақтап, білтелеп ұқтыратын кім еді? Әрине жеңге, ол болмаса әпекесі.Шындығында келін әулетке қосқан асыл жанды адамы,бақ береке нышаны.Сол шаңырақтың қыздары мен ұлдарына жанашыр жақын жан, жүрек сырын түсінісер ақылшы адамы.Ал, қыз үшін жеңгенің орыны ерекше.“Қызың өссе қызы жақсымен көрші бол,ұлың өссе ұлы жақсымен көрші бол” дейтін қазақ атамыз келінін кейде “қызым” дейді.Келін-қыз баланың табиғи ерекшелігі, жар сүю, бала асырап-күту, отбасындағы еңбектің дағдыларын үйретуші ұстаз.Қыз бала әулетте ерекше бағаланады.Ол ең әуелі өріс кеңітер ұрпақ,ауылдың сәні, шаңырақтың шаттығы қадірлі қонақ. Сондай-ақ, қазақ қыздары сәннің де,салтанаттың да ажары,табиғат сұлулығын, өз зейініне сіңіре білген,онымен үн қоса білген жаратылысынан ерекше дарын иелері. Олар-ән-күй,өлең-жыр, қолөнердің небір баға жетпес туындыларын жасаған,сақтап бізге жеткізген. Шынайы махабатты өмірінің ақырына дейін қастерлеп сақтап,ғашықтық жолында жанын пида еткен,өзінің ақ пейілді,нәзік сезімді жігіттері мен қыздарын жыр етіп,ұрпақтан-ұрпаққа таратып,ел есінде мәңгі қалдыру ата салтымыз.Осы салтты жүзеге асырушылар- жезделер мен жеңгелер, балдыздар мен қайындар,қайынсіңлілер болған. Олар осы салт арқылы жастарды мөлдір махаббатқа тәрбиеледі, бойжеткендерді жан-жақты түрде өмірге дайындады.Бұл тәрбие жақсы нәтиже берді. Айталық,:қазақ халқында бір елді аузына қаратқан бәйбішелер, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген сұңғыла шешен қыздар, жаудың жігерін құм еткен,желігін жүндей түткен адуын,асқақ,батыл әйелдер қаншама өтті!Он саусағынан өнер тамған қазақ әйелдері біздің бай қолөнеріміздің төлиесі. Бұл жеңге мектебінің сан қырлы іс-әрекетінің табысты нәтижесі.
Ұлттық тәрбиелеу ілімінде тәрбие мұраты өте айқын, әрі баршаға түсінікті еді.Оны қарапайым тілмен жеткізсек;Өмірге, «епті де.есті ата-ана» дайындау болатын. Ал,тәрбиелеу дегеніміз-баланың ықлас- ынтасын тарта отырып,ата-ананың өз айтқанына көндіруі,діттеген мақсатына жетуі. Сондай-ақ,тәрбиелеу мұраты мен мақсаты дәуір талабына сай болумен қатар,тәрбиелеушіге де,тәрбиеленушіге де түсінікті,қысқа,нұсқа еді.Айталық:«бек ұл,пәк қыз»,«айдарлы ұл,тұлымды қыз»,«иманды ұл,ибалы қыз», «айбарлы ұл,ақылды қыз»,«батыр ұл,батыл қыз»,«ісмер ұл,істі қыз», «Ер жігіт,есті қыз»,«шешен жігіт,ақын қыз» «Өрелі жігіт, өнерлі қыз»,«Қазақ жігіт,Қазақ қыз» «Ұлықты ұл, қылықты қыз», «Аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі қыз», «Ақылды жігіт,арлы қыз», т.б.
... Ұл туғанға күн туған емес пе..Шаңырақта ұл өсіп келе жатқаны, оның бозбалалық шаққа жетуі үлкен ғанибет."Ертең сегіз қырлы, бір сырлы" жігіт қалыптасуы шарт. Ол үшін үлгі-өнеге тәрбие қажет. Ұлдың бозбалалық шағында осы міндетті кім атқаруға тиісті? Ол -жезде. Жезде мектебі осы негізде өмір тақауырынан қазақ қауымында қалыптасқан. Жезде мектебінің бозбалаға өнер үйретудегі орны ерекше еді. Қазақ, өнердің тегін нағашыдан іздесе, оның көзінің ашылуын, баулу әрекеті жезделерге байланыстырады. Бозбалалар жездеде қандай өнер болса ең алдымен соны үйренеді. Жалпы қазақта жезде мен балдыздар тең құрбыдай әзілдесіп, қалжыңдасады, ой түпкіріндегі жасырын сырларын ашып бөліседі. Тіпті кәрі жезделер мен елағасы балдыздардың әңгіме-дүкені, қалжыңы үлгілі мектеп еді.Жезде бозбалаға ғана емес бойжеткенге де ардақты ақылшы. "Жақсы бажа тауып кел" деп тапсырып қана қоймай, өзі де тауып беріу үшін зыр жүгірген. Балдыздары жәбір көрсе, есесін, тіпті өшін ондырмай қайтаратын. Қазақ атамыз осы себепті "Әкенің жақсысы жездедей-ақ" деп баға берген ғой!Жезденің де, жеңгенің де міндетін қатар атқарған жезде де, жеңге де көп болған. Қазақ ортасында "жеңгетайлық "атты міндет пайда болған.Оның қызметі де, ақы-қақысы да есептеліп мөлшерленген.Адам өмірінде не болмайды? Әпкесімен тұрмыс құрған жезделерінің басына түскен өлім мен қайғыны да олар тең бөліскен. Кей жағдайда бойжеткендер әпкесінің орынын да басқан.Бұл салт жетімді жылатпай, жесірді тентіретпей, асырап-сақтау үлгісінің бір көрінісі.Әпкелі-сіңлілі арулардың тұрмыс шеңберінде бажалар тату-тәтті,ынтымақ берекелі өмір кешкен,бір-біріне қол ұшын беріп, қарайласып тұрған. Осыдан келіп, "төрт аяқтыда бота тату,екі аяқтыда бөле тату" болған ұрпақтар қалыптасқан.Бұл да, жезде мектебінің бір мақтанышы еді.Сондықтан,қазақ атамыз: «Әкенің жақсысы жездедей ақ»-деп бағалаған.

Ұлы сөз кірлеген көңілді тазартады, қажыған көңілге қуат бере алады.Асқан-тасқан көңілді басып,қараңғы көңілге шырақ жаға алады.Әулет мектебінде ұлы сөздерді үйрету ісі-оны балалар ойынына сіңіріп,ойынға ұластырып ұқтырған.Білім мен тәрбиені ұлттық балалар ойыны арқылы үйреткен. Айталық, бата,өнегелік сөздер (тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, тәлімдік сөздер т.б.)мақал-мәтел,жұмбақ,шешендік сөздерді балалар айтысы арқылы жаттатқызған. Ал,ғұрыптық жырларды да осы айтысқа айналдырып игерткен. Жоқтау,көріс,жар-жар, сыңсу,көңіл айту,естірту сияқты ұлттық үлгі-өнегелерді де.балалардың бас қосуында ұқтырған.Ұлы сөзде ұяттық жоқ деп түсінген қазақ,қыздарына бесік жыры,тұсау кесу жыры,бала бесікке бөлеу әндерін осы жеңге-жезде мектебінде үйретті.Қоштасу,сағыныш әндерін,арнау өлеңдерін би,музыка аспаптарын үйрету де,қол өнерін ұқтыру да осы мектептің үлесіне тиген. Үш өнерді (сөз өнері,музыка өнері және қолөнері) бозбала- бойжеткен жеңге-жезде мектебінде оқып үйренген. Зере,Ұлжан,Қызтумас,Айғаным әжелер осы мектеп түлегі.Олар да,анадан ертегі,жыр жаттап,әңгімелерді біліп туған жоқ.Қай ана осы мектепті көрмесе,одан тәлім-тәрбие алмаса,Бауыржан атамыздан бастап,бар қазақты «қорқытатын» болады,үрейлендіре алады.Кәзіргі,бата тілек айта алмайтын,өсиет үлгі қалдыра алмайтын,ұлы сөзге шорқақ аталардың көбеюі де осы мектепте оқымағандықтың кесірі.

Шаңырақ шаттығын орнатуға көмектесетін,жеңге-жезде мектебін тікелей жас отауға құрып,айналасындағы ауыл қыздарының, жігіттерінің, бойжеткендер мен бозбала-ларының, қалыңдықтар мен күйеу балалардың,келіндер мен күйеулердің білім алатын, тәрбие беретін, ұлттық үрдісін жаңғырту бүгінгі шақтың басты міндеті болып отыр.Ол бірер жерде,бастапққы қалпында,кей өлке,өңір,ұжым,қауымдабүгінгі заман талабына сай жаңа формамен келері,орнары қах.
Жеңге –жезде мектебінің бүгінгі таңда өте қажет болып отырған бір себебі қыздар мен әйелдер ортасындағы жаңа дәуірде пайда болған жеңіл жүріс пен жезөкшелік,арын сатып,жанын жалдау қатарлы заман дертімен батыл күрес жүргізу тақауыры. Зинақорлықпен күресу қазақ қоғамына ислам дінін қабылдау шағынан бастап нәтижелі жүргізілген. Осы күрес кеңестік дәуірде,жақсы жалғасын тапқан болатын. Ал,кейінгі кезде не түрлі жын-ойнақ орталықтары мен түнгі клубтардың ашылуы, батыстың баянсыз махаббаты мен еркінсүйіспеншілігіне еліктеу- жеңіл жүрістікті тым ұлғайтып жіберді. Енді елімізден ауа жайылып,қазақтың қыздары шет елге шығып,арын сатып,жезөкшелікті кәсіпке айналдыруы намысқа тиеді. Арғықазақ тарихында да,бұл құбылыс етек алса елдің ыдырауына апарып соққан.Алғашқы түрік мемлекеті де осы былықтың зардабын тартып,ыдыраған-ды.Бұл мерезді жоюды,қоғамнан аластауды басқа емес ең алдымен жеңгелердің қолынан келетін шаруа. Алайда,ата-ана,ағайын туыс көмегі де бар,олардың да ықпалы зор.Қазақ айтқан ғой: «Бір ұрғашының айласы қырық есекке жүк болар» «Қыз қырық шырақты ғой!» Иә,олар ақылды жұрт.Басқаның азғырындысында кетіп,адасқандар да бар ғой.Жалпы,оның нақ бастауы,шайтан болса,нәпсі себепкер.Жас шағында қызды солар–ақ тоздырып жібере алады. Алайда,«Дарақыдан- сорақы, сұмпайыдан-тұрпайы, саңыраудан-меңіреу» шығатыны да шындық. Дәубастан-маубас туады.Маубастан субас туады.Субастан қубас туады. «Әдепсіз әйелдің қолында,әдепті қыз өспейді».Әйтеуір мұның түбінде бір себебі бар.Себепті танумен бірге себепті туғызған болмысты тапсақ , бұл дерттен де арыламыз. «Желіккен жатырдан, құтырған ұл туады».Кейбір әйелдердің жас әрі мас,бірақ,ессіз жігітті қармағына түсіріп,төсектік қатынасқа өзі апарып, соңынан,зорлады деп,ақша талап етіп,сотқа сүйрегенін естігенде кірерге жер,өлерге көр таба алмайсың.Осының бәрін реттейтін,алдын алатын,ұл мен қызды ескертіп,жирендіретін жезде,жеңге мектебін жұмыстату керек-ақ.«...Адамды хайуандықтан адамшылыққа кіргізген-әйел. Адамзат баласының адамшылық жолындағы таппақ тағылымы әйел халіне жалғасады.Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең, тағылымды, бесігіңді түзе!»-дейді, М. Әуезов.

Жеңге және жезде мектебі күні бүгінге дейін жұмыстайтын, Монғолияда және Қытайда тұратын қазақтар тұрмысында атамекендегі қазақтардан екі түрлі өзгешелік кезігеді:
-Некесіз бала туу,некесіз отбасын құру,балиғатқа толмай балалы болу мүлдем жоқ болумен қатар ажырасып шаңырақ шайқалту тым сирек кезігеді.
-Оң жақта отырып қалған,жар таңдап,қалаулысына қолы жетпей «кәрі қыз» атанған жандар кезікпейді. Тіптен қаншама кем-кетік,мүгедек болса да,адам болып өмірге келген ұл да,қыз да,өмірден өз орнын тауып,ұрпақ сүйіп,ата-ана бақытына кенелу құқығы әркім де бар болғандықтан тұрмыс құрып,тіршілік жасайды.Бізде бұлар жүздеп емес мыңдап саналады.Тіпті сүрбойдақ,кәріқыз тобы қоғамда пайда болған.Ал,жалғызбасты әйел,жесір әйел-еркектер қауымы тағы бар.Мұндай келеңсіз жәйіттердің туу себебінің ең бастысы- жеңге мен жезде мектебінің ескерілмей ұмыт қалғандығынан болып отыр.
Осы шақта,қазақтың ұлттық тәрбиесінің қаймағы бұзылды,тұнығы лайланды. Жадағайлық пен жеңілтектік етек алды.Әдепсіздерді әдейі дайындағандай,көргенсіздер көбейіп кетті.Қайсы бір келеңсіздерді,қазақ қыздары мен келіншектеріне ондайдың оғаштығы жоқ дегендей жарнамалаған жабайы думандар тұмандата бастады.Өзіңді-өзің танып,біліп,тәрбиелемесең,өзгенің саған тигізер ықпалы жоқ,мына қайшылықты, құбыл-малы жалған дүниеде қалай қисақтасаң да,ыржақтасаң да,далақтасаң да,шолжаңдасаң да,ырбыңдасаң да, еркіндік берілді дегенді айғайлап жүрміз.Биязы әдеп,жібек мінез,инабатты иба,иманды құлық,пәктік пен мөлдірлік өмірде тұр ғой Қазақстанның мәдени мұрағатында да жоқ деп көйтетін болдық.Баласы бар балалар,партада отыр.
Ұлтқа тән ибалы,иманды,нәзік құбылыстар бырт-бырт үзіліп, қарабайыр қатынасқа түскен сүреңсіз өмір кешуге мықты кіріскен қоғамнан қашсаң да құтыла алмас секем жайлап,өмір өңсіз,тіршілік тұрлаусыз, сауық-сайран шаттықсыз, өлім-жітім азасыз,іс-әрекет еріксіз,сөзіміз түрпідей, сыртымыз кірпідей, көңіліміз түлкідей, ақылымыз таяз, қайғымыз ащымен жуылып, абыройымыз арақпен тазарған заманға тап болдық.Жастарға ұлы сөзді ұқтыратын,өмір мектебі атанған жезде жеңге мектебі жұмыстаудан қалғандықтан оның орны үңірейіп, алмастырар жаңа институт өмірге келе қоймаған-дықтан,көңілге кірбің ұялап,ойымыз он саққа жүгіріе бастады.Қорқыныш тым көбейіп кетті-Бауыржан Ата!Сіз бесік жырын айта алмайтын келініңізден,ертегі айта алмайтын әжелерден қорықтыңыз ғой!Е,жалған-ай!(Не деп кеттім,қара жерге хабар бармағай! Тәубе,тәубе!) Ал,біз,әйел(сәбиден бастап кемпірге дейін) затын көрсе болды хайуанша бас салатын мақұлықтарды,үйірімен әйел ұстаған қатынқұмарларды,ортамызды ойран еткен жанкештілерді,арын сатып,азып кеткен әйелдерді,дәулет үшін басқаны қойдай қырған баскесерлердің ортасында қалып,қорқудың қорқауына тап болдық!Бойымызда жан бар,әйтеу...Ол жан,шын жан емес,құр сүлдер ғана!
Осы қорқыныштың бір шетін аз да болса сейілтетін,жезде және жеңге мектебі керек-ақ. «Қадірін жеңге білмесе,бойға жеткен қыз ғарып»Асан қайғы. «Алдыңнан атыңды ұстап құрмет еткен,Жайдары жеңгең бар ма жарқылдаған,» Нармағанбет жырау
Рухани жаңарудың өкпек желі,самалға ұласып,самалы сатыр-сұтыр ететін боранға жетіп,бораны дауылға айналып,санамыздағы сасық ойлар мен тұрмыс салтымыздағы сорақылықтарды ұшырып әкетіп,Қазақ даласын тазалайтын,Қазақ ауасын сейілтетіен күн туды.Енді қарап отырмай,қамждану керек.


Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы)
14.04.2017

Қобдабай Қабдыразақұлы

зейнеткер

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
217

Пікірлер: 0

avatar