Мен мамандық таңдаймын

Жарияланған материалдың жеке номері: 131


Мен мамандық таңдаймын
Өзін – өзі білген – ер бақытты,
Өзін – өзі билеген – ел бақытты.
Халық мақалы
Еліктеу, құштар болу, ұнату бұлар жақсы қасиеттер. Жолдан өтіп бара жатқанда жол полициясын көрген кезде, сондай кісі болсам екен, бұзақыларды ұстасам екен деп соларға еліктейсің. Я болмаса солдатты көріп әскерге барғымыз келеді. Жалпы әрбір бала кішкентай күнінен бәріне құштар болып өседі. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап барша балалардың ойында, «Мұғалім» деген ұлы есім болады. Сол кісілерге ұқсап өмір сүргілері келеді. Содан кейін бірте – бірте теледидар, әлеуметтік желілер сияқты қазіргі заманғы дамыған құралдарды пайдалана отырып, оқушылардың таным түсінігі кеңейіп, әр түрлі мамандыққа деген қызығушылығын оятып, ойларында сол мамандыққа деген арман оты лапылдап жанады.
Мамандық таңдау қазіргі таңда үлкен мәселе. Себебі, ол сенің өміріңнің бастауы. Жоғарғы сынып оқушылары үлкен өмірге қадам басқан сәттен бастап өз болашағын ойлауы тиіс. Әркім өзіне «Қандай мамандық маған ұнайды?» я болмаса, қай салада жақсы жетістікке жетемін деп сұрақ қоюы керек. Бірақ қай мамандықты алсаң да, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, қызығушылығы бар. Ол үшін адам бойында сол мамандыққа деген махаббаты болуы тиіс. Егер біреудің сілтеуімен оны жүзеге асырсаң, сен ол жұмысты жасап ешқашан опа таппайсың.
Мамандық өмірде өте көп. Бірақ жаныңа жақынын таңдай білу де – өнер. Ең бастысы, өлмейтін мамандық таңдап, өз еліне бір үлесіңді қоссаң болғаны.
Тұрарова Гүлнұр
Сарқан ауданы, Сарқан қаласы
Ақын Сара атындағы орта мектептің 11 «А» сынып оқушысы

Айжан Мұратбекқызы

Ақын Сара атындағы орта мектеп

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
893

Пікірлер: 0

avatar