Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқушылардың информатика пәнінен шығармашылықтарын дамыту

Жарияланған материалдың жеке номері: 305


Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады:Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
2. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – біз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.Осы орайда Қазіргі заманның негізгі талабы – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу,сондықтан жаңа технологияларды игеру және сабақта қолдану әр ұстаздың басты міндеті.
Жаңа форматты АКТ-ны меңгерген мұғалімнің жеке тұлғалық қасиетіне:
1. Проблеманы өз бетінше шеше білуі
2. Өз әрекеттерін үйлестіре білу
3. Дұрыс мақсат қоя білу
4. Бірлесе әрекет ету
5. Тәуекелшілдік
6. Бастамашылдық
7. Білім деңгейін арттыруға талпыныс
8. Өз еңбегі нәтижесін талдай және жинақтай білуі
Пән мұғалімдерінің сабақтарында 7 модульды басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақ өткізу-талап. Әр оқушы өзіне ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп, бірлесіп жұмыс жасауды қалайтынын дәстүрлі сабақтан белгілі, бірақ қолдау көрсету жеткілікті дәрежеде болмай жатады. Бұл жұмысты жаңа өзгерісте ұйымдастыру және әр сабақта диалог, сыни ойлау, жас ерекшелікке, талантты балаларды жетілдіру бағытында болуы үшін "Ортақ талқы", "Жұптық жұмыс", " Сұхбат алу", "Алтын балық аквариумы", "Рөлдік ойын", «Кеңес беру», «Ромб», «Миға щабуыл» , «Ыстық орындық» , «автор орындығы»тәрізді жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді таңдауға мән берілу керек. Топта оқушылар бір-біріне көмектесіп, идеяларын тыңдап, бірлесе талдап, белсенді оқушылар "көмекші" ретінде қызмет атқарады. Дәстүрлі сабағымызда "оқушыға не ұнады, не ұнамады, өзіне қойған баға туралы не ойлайды деп көңіл бөлмегенімізді байқауға болады. Ал жаңа форматты сабақтарда оқушылардан кері байланыс сұрау әдетке айналса: Сабақты өткізу тәсілі сендерге ұнады ма? Өзгерістер қалай әсер етті? Не нәрсе ұнады, ұнамады? Болашақта сабақты қалай өткізуді қалар едің? Оқыту технологияларының түрлері бойынша шығармашылық орта қалыптастыру. Оқушылар жаңа тәсілдерді қабылдауға, өзгеруге дайын екендігін, олардың мұғалімге берген кері байланыстарынан да байқалады. Олардың: "Осындай тапсырмалар тағы да болса", "Бұдан да қызықты әдістер жүргізілсе","Маған жұбыммен жұмыс жасау ұнады", "Маған шығармашылық жұмыс қатты ұнады" деген оқушы жүрегінен орын алған сөздер мұғалімнің келесі сабағын қалай жоспарлау керектігіне үлкен ой салары анық. Жаңа бағдарламаға сәйкес оқушылардағы өзгерістер:
Ø Оқушылардың сабаққа қызығушылығының артуы
Ø Оқу үдерісіне белсенді араласуы;
Ø Болжам, сұрақтарын құрастырып, нәтижелерін қадағалауы;
Ø Қателердің оқудың ажырамас бөлігі ретінде қарап, тәуекелге баруы;
Ø Өзіндік мақсат пен ішкі уәждің пайда болуы;
Ø Өз пайымдауын жасау қабілеті;
Ø Дарынды оқушының көпірше міндетін атқаруы;
Ø Маслоудың бесінші яғни өзін- өзі таныта білу деңгейіне ұмтылуы;
Ø Игеру тәжiрибесіне талпынысы;
Ø Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
Ø Топта өзара білім алмасуды тиімділігін түсіну;
Ø Қолдаушы дәрежесіне жетуі;
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қаблеттілік» атты жолдауында төртінші басымдық-адами капитал сапасын жақсарту бағытына ерекше көңіл бөлуі қуантады.Оның ішінде білім беру жүйесінің ролін өзгерту басты назарға алынған.Әсіресе ,сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталған білім берудің жаңа мазмұнын енгізу қажеттігіне баса мән берілген.
Заман талабына сай ІТ білімді және қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға , ұлтжандылықты дамытуға көңіл бөлініп,қазіргі кезде қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтылықты азайту бағытында желілік әдістердің ұсынылуы сияқты көптеген істердің атқарылуы бірден бір дәлел екені сөзсіз.

Татбенова Алтын Избановна

Атырау,Ж.Досмухамбетов атындағы лицей

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
63

Пікірлер: 0

avatar