«МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР»

Жарияланған материалдың жеке номері: 310


Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Мелькомбинат негізгі орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-психологі
Кошбаева Сабина Саматовна
«МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚИЫНШЫЛЫҚТАР»
Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі – психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі – мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Мектеп қабырғасында орын алатын жанжал немесе түрліқақтығыстардың туындауына себепкер болатындар: ол - оқушының өзі, ұстазы және де, қанша таңғаларлық болса да, оқушының ата-анасы. Оқу орнында туындаған кез келген мәселелерді үнемі берілген тізбек бойынша шешіп отыру қажет. Егер де сіздің балаңыз белгілі бір оқытушының сабағына қатысудан толықтай бас тартып, ұстазы жайлы негативті пікір қалдырып, оның әрекетінен теріс бағаны күтіп отырса – онда сіздің балаңыздың мектептегі өмірінде қиыншылықтар пайда болды деген сөз.
Пайда болған мәселелердің себептері
Ұстаз бен оқушы арақатынасындағы келеңсіздіктің пайда болу себептері көп болуы мүмкін.
Олардың кейбірі мыналар:
• оқушы үлгерімінің төмендігі;
• мұғалімнің жоғары талаптары;
• оқушының өзгелерден ерекшеленіп көрінуге деген талпынысы;
• қатарластарының, сонымен қатар ата-анасының көңілін өзіне аударып, олардың арасында абырой жинау;
• оқытушымен бәсекеге түсу;
• ұстазға түсінікті оқушының шектен тыс қалыпсыз тәртібі;
• мұғалімнің шәкірттері арасындағы «сүйкімділері» мен «сүйкімсіздері»;
• мұғалімдер ортасында баланың еңбекпен тапқан беделі;
• ата-ананың балаға қысымы.

Не істеу керек?
Мұндай жағдайларда төмендегі жолдармен көмек көрсетуге болады
Орын алған жағдайды талдау
Біріншіден, балаңызға ішінде жинақталған сырын ақтарылып айтуына жағдай жасаңыз. Оны мұқият тыңдаңыз. Оның мұғалімге деген ашуының сыртқа шығуына кедергі бола көрмеңіз. Екіншіден, бейтарап болыңыз. Бірден айыптап, кінәлап, қандай да бір үкім шығарудан аулақ болғаныңыз жөн. Үшіншіден, екі жақтың өзара қатынасында баланың қай тұста қалғанын анықтап алу қажет. Бұл жерде олұстазын ренжітеді немесе ұстазы оны ренжітіп жүр.
Ата-ананың міндеті
Екі жаққа бірдей әділ бола отырып, өз балаңызға сенім білдіруді ұмытпаңыз. Оның сізге айтқандарына күмәнмен қарамаңыз және де мұғалімін сөзсіз айыптап, жамандағанына да көз жұма сенбеңіз.Балаңыздың әрекеті дұрыс болмаған жағдайда оныөзіне айтуға қорықпаңыз. Сонымен қатар өзіңізді үлкендер қатарынан екенмін деп те оқытушының сөзін сөйлеп, оның позициясына өтіп кетпеу керек.Жалпы кімнің әрекетін оң деп бағаласаңыз да, өзіңіздің соңғы шешіміңізді балаңызға түсіндіріп айтыңыз. Онымен барынша шынайы және ашық болыңыз.
Эмоционалды қолдау
Осы кезеңдебалаңыз сізден қолдау күтеді. Оның бойындағы барлық қате-кемшіліктерімен, сәтсіздіктерімен қабылдауыңыз –ол үшін өте маңызды. Мұндай сезімді екеуара бір ақтарылып сөйлескеннен қалыптастыра алмайсыз. Бір-бірлеріңізбен жиі сырласып, балаңызды қуаттандырып, байланыстарыңызды күшейткен дұрыс. Сонда ғана балаңызға қателесу қиынға соқпайды. Мойнына артылған үміт пен сенімді ақтай алмай қаламын деген сенімсіздіктен арылады.Ата-ана да баласы жайлы кез келген ақпаратқа оң көзбен қарап, ашық болуы керек.
Басымдықтарды орналастыру
Алдымен мына мәселені анықтап алыңыз. Сіз үшін не маңызды? Балаңызбен сенімді байланыс па, әлде мұғаліммен дипломатиялық қарым-қатынас па? Үлкендермен ынтымақтастық позициясын қалайтын ата-ана өзінің қызығушылығы, бостандығы және тәуелсіздігі үшін күресіп келе жатқан жеткіншектің алдында мәңгіге беделін жоғалтып алуы мүмкін. Бұл жағдайда балаңыз сізге ешқашан сенім артпауы да ғажап емес.
Адамдық факторы
Ұстаздың тұлғалық артықшылығын, яғни жеке адамның факторы жайлы да ұмытпаған жөн. Кей кезде үлкендер арасында беделді тұлға педагог болып табылатындықтан, оның мақұлдауын, ұнатуын, бір сөзбен айтқанда, «махаббатын» қалаймыз. Сол себептен балаңызға мына жағдайды түсіндіру керек. Ұстаз білім береді және ол шәкірттерінің барлығын бірдей жақсы көруге міндетті емес. Оны жақсы көретін оқушы болуы керек.

Не істеуге болмайды?
Сіздің балаңыз бен ұстазының арасындағы қарым-қатынастың дұрысеместігін байқасаңыз бірден жағдайды қолға алғаныңыз жөн болады. Мұндай мәселегемән бермей жүріп қалмаңыз. Мұғалім мен оқушысы арасындағы күрделі қарым-қатынас күнделікті болып жататын оқиға емес.Себебі, дәл осындай уақытта балаңыздың бойы мен ойында дүниеге деген көзқарасы қалыптаса бастайды. Осы кезде ол өзінің мақсат-міндеттерін айқындайды.
Және де ешқашан балаңыздың көзінше оқытушысын сөз қылмаңыз, сынамаңыз, жамандамаңыз. Тіпті ұстазының іс-әрекеті дұрыс болмаған жағдайдың өзінде де қателікке бой алдырмаңыз.

Алдын алу
Ұстаздармен серіктестік қарым-қатынаста болыңыз. Педагогпен тығыз байланысыңыз түрлі қиындықтардың алдын ала алады. Мұғалімге осындай қарым-қатынас орнатудың қажеттілігін түсіндіру арқылы оның дара ерекшеліктерін қабылдай біліңіз. Әдетте оқытушы мен оқушы ара-қатынасы эмоционалды болып жатады. Бұл көбіне қазіргі уақытта балаларға ата-ананың назары мен қамқорлығының жетіспеушілігінен болады. Осындай жағдайда баланың өмірінде мұғалім маңызды адам ретінде қалыптаса бастайды. Ал ұстазы оған қолдау көрсетпесе немесе қолдау көрсете алмаса, оны қабылдамаса, міне, осы кезде қиындықтар пайда болады. Сол себептен де сіздің ата-аналық махаббатыңыз, кез келген жағдайды дұрыс қабылдауыңыз бен балаңызға деген сыйластығыңыз ауадай қажет.Сіздің осындай мәселелерге оң көзқарасыңыз маңызды жағдайлардың алдын ала алады.

Жеткіншектерге кеңес:
Кейбір ұстаздарыңның сабағына құстай ұшып барасың, ал кейбіреулерінің сабағына ұшпақ түгіл аяғың жүрмейді. Неге олай деп өз өзіңе сұрақ қойдың ба, жас жеткіншек?
- Егер ұстазыңмен қарым-қатынасың нашарлап жүрсе, сен алдымен оның орнына өзіңді қойып көр.
- Ұстаз өзіндік әлсіздіктері мен қиыншылықтары бар тірі адам екенін ұмытпағайсың.
- Өзінің сабағына мүлдем ынтасыжоқ оқушыларды оқыту мен қызықтыру мұғалімге қиын соғады.
- Сен ұстаздарыңа жоғары талаптар қоясың. Ал өзіңе қандай да бір талап қойып көрдің бе?
- Сен қаншалықты дау-дамайға жақынсың? Кей кездері даулы жағдайды өзің өршітіп жібермейсің бе?
- Мүмкін сен өз құқығыңды талап ететін боларсың?
- Әлде сен ұстазыңа тіл тигізу арқылы сыныптастарыңның құрметіне ие болып, өз ісіңнің дұрыстығын дәлелдегін келе ме?
- Сабақ уақытында серуендеу арқылы қатарластарына қиқарланған түр көрсетесің бе?
- Ұстазыңмен қарым-қатынасыңды дұрыс сақтап, жанжалға жеткізбеуге болады ма?

Менің ақыл-кеңесім ұстазыңмен қарым-қатынасыңды дұрыстауға және мектепте орын алған дауды шешуге көмектеседі деп сенемін.

Ұстаздармен тәртіп ережесі
• Мұғалім сені жақсы көруге міндетті емес. Оның мақсаты – саған білім беру. Ал сенің мақсатың – ұстазың берген білімді меңгеру. Егер де сен ұстазыңның талаптарын орындап отырсаң – ешқандай да ұрыс-керіске сылтау табылмайды, түсініспеушілік орын алмайды.
• Айналандағылардың саған деген қарым-қатынасы қалай болғанын қаласаң, сен де ұстазыңа сондай қарым-қатынас жаса. Маңызы жоқ айтыс-тартыстардан аулақ бол. Ақ пейілді, әдепті, сыпайы және қайырымды бол.
• Ұстазыңның алдында ешқашан жағымпазданба.
• Сенің кесіріңнен ұстазың күлкілі, әрі қиын жағдайға қалмасын десең – зердесіз қалжың мен ойындар ұйымдастырушы болма.
• Ұстазыңның сені бағалағаны қанағаттандырмаса, қойған бағасын әділетсіз деп тауып, онымен келіспесең – ұстазыңды сынама, оған тіл тигізбе, ашуланба. Оның өзімен жеке сөйлесуге тырысып бақ. Оның оқытатын сабағында үлгеріміңді дұрыстағын келетінін түсіндір.
• Ұстаздардан қорықпа және өзіңді де кемсітуге жол берме. Оның қателескенін немесе әділетсіздік танытып отырғанын байқасаң – жеке пікіріңді әрдайым айтуға тырыс. Әрқашан әділ, әрі сыпайы бол.

Кошбаева Сабина Саматовна

Алматы облысы, "Ескелді ауданы әкімдігінің Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуна

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
57

Пікірлер: 0

avatar