Менің жан дүнием

Жарияланған материалдың жеке номері: 78


Тақырыбы: «Менің жан дүнием»

Кездесуімізді Әл-Фарабидің сөзімен бастау «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»
Ендеше бүгінгі семинар – тренингімізде біз өзіміздің мінез-құлқымызды, бойымызда қандай жақсы қасиеттеріміз барын білетін боламыз. Және сонымен бірге әр қайсымыздың есіміміз неше әріптен тұрса, сонша дыбыс бар, ал сол әрбір дыбыс адамға белгілі бір образды беретіндігі туралы айтамыз. Тренингімізді бір-бірімізге жақсы тілек жазу арқылы бастайық.

1 жаттығу: «Жақсы тілек»
Әр қайсысы өзінің тілегін бір тілім қағазға жазып қорапқа салады. Жүргізүші оны араластырып өздеріне қайта алғызады, яғни өздеріне басқа тілек алып топта оқып оны сақтап қою.
Мақсаты: дұрыс ұйымдастыруға, топтың бірігуіне, көңіл-күйдің көтерілүіне септігін тигізу.
Сұрақ: 1) тілек жазу қиын болды ма?
2) сіздің тілегіңізді оқығанда қандай көңіл күйде болдың?
3) біздің тренингті жалғастыруға көңіл-күйіңіз жақсы ма?

2 жаттығу: «Жарайсың» жаттығуы
Мақсаты: Стресс кезіндегі қиыншылықта өзіңе-өзің сенімді болуды жетілдіру.
Әдісі: шеңбер бойымен отырып сыртқы және ішкі сезімдерімен бөлісу. (сытқы әдемілігі және ішкі әдемілігі, яғни жан сұлуы және тән сұлуы)
Белгі бойынша өздерінің жақсы жағын айтады кезектесіп. Тыңдаушылар саусағын бүгіп тұрып әр жақсы қасиетті естіген сайын «жарайсың» деп айтады. Егерде өзің туралы тек жаман ойласаң да бәрібір өзіңнің жақсы жағыңды мен осындаймын деп нақтыла. Егерде ұялып, сенімсіз болсаңдар осы жаттығуды орындар кезіңде ішіңнен: «Мен өзімді-өзім жақсы көрем, мен ерекшемін, мен қайталанбайтын жанмын т.б.» қасиеттерді айт. Әр кез сайын сіздің ойыңызға өзіңді жаман бағалау келгенде осылай қайтала ішіңнен дамыт, өзіңді-өзің тәрбиеле іштей «мен жақсымын» деп келесі белгі бойынша орын ауыстыру.

Сараптау:1) өзіңнің көп жақсы қасиетіңді есіңе түсіре алдың ба?
2) өзіңе-өзің «Бұны мен орындай алдым, қолымнан келеді!» дегенді айта алдың ба?
3) өте жаман қылық жасағанда өзіңе-өзің не дейсің?
4) не себептен өзіңе-өзің жақсы қасиетің жайлы айтқан жақсы?
5) отырған адамнан не үйрендің, не алалдың?




3 жаттығу: «Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойымыздан туындайды» психологиялық релаксация көрсету .
Мақсаты:Адамның өткеніне, қазіргі кезіне, болшағына ой салдыратын сөздер арқылы өміріне ой салдыру және нені дұрыс, нені бұрыс жасап жүргеніне баға бергізу.


4 жаттығу: « Мен қандай адаммын», «ағаш» психологиялық тест
Мақсаты: Адам есімі арқылы өздерінің бойындағы қасиеттерін анықтату. Өз аты-жөнін жазу арқылы есімі неше әріптен тұрса, сонша дыбыс бар, ал сол әрбір дыбыс адамға белгілі бір образды беретінін түсіндіру.
Мінез туралы жалпы ұғым
Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, оның айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін кісінің тұрақты және тұрлаулы жеке өзгешелігі мінез деп аталады. Мінез туа біткен қасиет емес, ол біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отырады.Мінезі мүлде бірдей болып келетін адам болмайды, бірақ өмір сүрген ортасына, қоғамына қарай типтік мінезі болады.Күнбе –күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды ер жүрек не байбаламшылболып сипатталадыОлай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық- еріктік қасиеттері жатады.Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең, талабы мен мүддесінде қайшылығы жоқ, сөз бен ісі байланысты адамдарды толық мінезді адамдар дейміз.
Ендеше 5 жаттығу: Ағаш суретті толықтыру арқылы диагностикалау.
6 жаттығу: «Темпераментті анықтау » тест
Әр оқушыға өздерінің темпераментін анықтатып және соған байланысты қандай мамандық таңдауға болатынына сеп білдіру.
Холерик темпераменті.Сәйкес келетін жұмыстың типтері: үлкен энергия жұмсайтын жұмыс түрлері сәйкес келеді. Қиындықтар мен кедергілерді жеңуді ұнатады.Жұмысқа тез кіріседі. Жоспарын іске асыра алады. Біреуге бағынғаннан гөрі өз бетінше жұмыс жасағанды ұнатады. Айтқанынан қайтпайды. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орынынвақателіктерін түзейтін тапсырмаларберген жөн. Холериктер флегматиктермен жақсы жұмыс жасай алады.,бірақ екі холерикті біріктіруге болмайды, олар бақталасып, шиеленіске келіп қалуы мүмкін.
Сәйкес келетін мамандық түрлері: телеоператор, әртіс, дипломат, журналист,кәсіпкер, керемет ұшқыштар, каскадер т.б.
Сангвиник темпераменті Бұл темпераменттің өкілін И. П. Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді,жұтты жатықамайды. Ұжым ішіндесангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кіресітін, әуесқой адам. Іске зауқы болмаса,жұмыстан тез суынып кетеді. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Оның осал жері-іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді. Ол онша кек сақтамайды, қазір біреумен ерегісіп қалса, біраздан кейін ашуы тез тарап кетеді. Көңіл –күйі тез өзгергіш ойға жүйрік,өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Жұмыстың типі: жұмысқа деген үлкен қабілеттілік ортаға тез бейімделеді, бір мезетте бірнеше жұмысты орындай алады.Жаңа жұмысқа үлкен қызығушылықпен кіріссе де тез суып қалады, жаңа бір жұмысқа ауысқысы келіп тұрады. Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Жауапты және қауіпті жерлерде жақсы жұмысшы. Жаңа мамандықтарды тез меңгере алады. Қол астындағы сангвиник жақсы жұмыс жасау үшін оның алдына үздіксіз жаңа да қызықты тапсырмалар қою шарт.
Сәйкес келетін мамандық түрлері: менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, инженер-технолог, жақсы жүргізуші, із кесуші т.б.Флегматик темпераменті И.П. Павловтың сипаттауынша, бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды, бір қалыпты, табандыжәне төзімді, еңбекқор адам. Жүйке үдерістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдайда да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді. Флегматик –салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бәспелікті сүймейді. Жұртпен қарым –қатынасы да бір сарынды жүріп жатады. Баяулық пен селқостық- флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып-қамдануға біраз уақыт қажет. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлықпен әрекет етуге төзімді болады.
Жұмыстың типі: флегматик жұмысқа да, оқуға да жайбасар. Дайындық кезеңіне көп уақыты кетіп қалады. Шыдамдылығы мен табандылығы арқасында үлкен жетістіктерге жетеді. Бір сарынды жұмысты сүйеді. Лидер, ұйымдастырушы болуды қалай қоймайды. Жұмыс жағдайы өзгере қалса еңбек өнімділігі тез төмендеп қалады. Асықпай шешім қабылдауға жақсы. Қол астында флегматиктер жұмыс жасайтын болса, олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн. Адамдармен араласқаннан гөрі компьютермен жұмыс жасағанды ұнатады. Егер медицинаны таңдаса, онда хирургтен гөрі жақсы терапевт шығады. Сәйкес келетін мамандық түрі: бухгалтерия, экономика, агроном, инженер, жүргізуші, ғылыми –ботаник, астроном, физик, математик, электрик.Меланхолик темпераменті Бұл типтің өкілдері аса сезімтал, соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдармен оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.
Жұмыстың типі: меланхоликтердің жұмысқа қабілеттілігі көңіл-күйлеріне байланысты ,тез шаршап қалуы мүмкін. Қиындықтары мен қысымы мол мамандықтар қайшы келеді. Жаңа ортаға қиын бейімделеді. Жұмыста меланхоликтерге үнемі қолдау мен демалыс қажет. Олар өте байқампаз. Халықпен жұмыс жасайтын мамандықтар, және өз бетінше компьютермен жұмыс жасаған оларға ұнайды.
Сәйкес келетін мамандық түрлері: педагог, өнер, сәнгер, копозитор, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, радиомеханик.
Темпераментке байланысты қарым-қатынасқа түсуі
Сангвиник- көңіл көтергіш, әзілқой.
Холерик- өзіне бағындырады,үстем, айтқанынан қайтпайды.
Флегматик – Салмақты,байсалды
Меланхолик- тәуелді, ойын ашық айтпайды
Тестің қорытындысын сол жерде белгілеп, әр оқушыны таныстыру.
Қорытынды сұрақ беру арқылы кері байланыс орнату
1.Бүгінгі тренингтен қандай әсер алдыңдар?
2.Тренингтен не ұнады не ұнамады?
Темпераментті анықтау
Аты – жөні :____________________-_______________ сыныбы_______
Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.
1 А) Мазасыз, күйгелексіз
Б Көңілді, ақжарқынсыз.
В Сабырлы, байсалдысыз.
Г Ұйалшақ, қысылып- қымтырыласыз.
2 А Ұстамсыз, қызбасыз
Б Белсенді іс те ширақсыз.
В Ретті, нақтысыз
.Г Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.
3 АШыдамдысыз.
Б Бастаған істі аяқсыз қалдырасыз.
В Сақ, парасаттысыз.
Г Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады
4. А Қарым – қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.
Б өзіңізді асыра бағалайсыз.
В Шыдамсыз.
Г Өз күшіңізге сенбейсіз.
5 А. Батыл, белсендісіз
Б Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.
В Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз
Г Жалғыздықты ұнатасыз.
6 .а Бірбеткейсіз.
Б Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.
В Аспай- саспай бір қалыпты сөйлейсіз.
Г Сәтсіз жағдайларда үнжорғаңыз түсіп, сасасыз.
7 .а Дау – дамайда тапқырсыз
Б Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз
В Ұстамды, шыдамдысыз
Г Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.
8. А Тәуекелге бейімсіз.
Б Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.
В Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.
Г Тез шаршап қаласыз.
9. АІске анда – санда ғана араласасыз.
Б Кез келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз
В Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.
Г Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады
10. А. Қайтымы жылдам, секемшілсіз.
Б Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.
В Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.
Г Еріксіз әңгімелесушінің мінез- құқымен үйренесіз.
11 .А Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.
Б Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз
В Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.
Г Істе шапшаңдық танытпайсыз

Темпераментті анықтау тестінің кілті. Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі. А – Холерик – ыстыққанды.Б- Сангвинвк, жеңілқанды. В Флегматик - Суыққанды. Г – Меланхолик, ауырқанды.

Танагузова Ұлбосын Аутжановна

Алматы обл.Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылы Қ.Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектеп-гимназиясы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2975

Пікірлер: 0

avatar