Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Ресми құжаттарда қолданылатын терминдер

  • 0.0 Рейтинг
  • 1166 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 90

Ресми құжаттарда терминдерді қолдану
1. Негізгі нормативтік құқытық кесімдер атауларының құрамына кіретін бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады. Мысал:
• Қазақстан Республикасының Жер және Су кодекстері;
• «Мемлекеттік функциялар мен бюджетаралық қатынастарды орталықсыздандыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (егер құжаттың атауы болмаса, жарлық деген сөз кіші әріппен жазылады. Мысалы: Президент жарлығын дайындауға әртүрлі салалардың мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер тартылуы мүмкін);
• «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы (бірақ тіркестердегі заң күші бар деген сөздер кіші әріппен жазылады. Мысал: «Жылжымайтын мүлікке құқытарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Ресубликасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы №2727 заң күші бар Жарлығы).
2. Мынадай сөздер кіші әріппен жазылады: өкім, қаулы, заңнама, хаттама, бұйрық, шешім.
• Қазақстан Республикасы президентінің өкімі;
• Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы;
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы;
• Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімі;
• ҚР Парламенті Мәжілісінің қаулысы;
• ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының бұйрығы;
• ҚР Үкіметі мәжілісінің хаттамасы;
• Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімі;
3. Бағдарламалардың, халықаралық шарттардың, келісімдердің, конвенциялардың, сондай-ақ делегациялардың, комиссиялардың атауындағы бірінші сөз бен жалқы есімдер бас әріппен жазылады:
• ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасы;
• ҚР Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулық;
• ҚР Үкіметтік делегациясы;
• Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия.
• Мемлекеттер арасында жасалатын келісімдерде, шарттарда келісімдердің, шарттардың атауы «арасындағы» деген сөзден кейін келетіндіктен, келісімнің, шарттың негізгі атауы ретінде одан кейінгі сөз бас әріппен басталады:
• ҚР Үкіметі мен Чех Республикасы Үкіметі арасындағы Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім;
• Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты конвенция.

Купашева Жанар Тулегеновна

Орал қаласы, А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Логин:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar