таза бұлақ

Жарияланған материалдың жеке номері: 208


Қостанай облысы Аманкелді ауданы
Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Сыныбы :3
Пән мұғалімі : Құрманғалиева Ақбота
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ .
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қазақтың көрнекті жазушысы ,ұлы ғалым, ағартушы ұстаз Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, автордың айтайын деген негізгі идеялық ой- мұратын ашу.
Дамытушылығы:оқушыларға бағыт бере отырып,өз бетімен ізденуге, жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру,өмірмен байланыстыру.
Тәрбиелігі:әңгіме арқылы еңбек ету,жақсылық жасау,адал , таза болуға,еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Диалог, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, топпен жұмыс, бағалау рефлексия.
Көрнекілігі:Ы.Алтынсарин портреті, сюжетті суреттер, слайдтар
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,
Бейне бір сендер жеміс, мен бәйтерек.
Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,
Ұшқыр ой, ашық көңіл,білім керек!
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: Кел,ба-ла-лар,оқы-лық
2-топ: Ба-ла-ның ай-ла-сы.
3-топ:Та-за бұ-лақ .Алтынсарин шығармаларының атауымен сынып оқушыларын топқа бөліп алдым.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен сабақты қайталау.Баланың айласы .
1-топ.Ы.Алтынсарин өмірі туралы жинаған мәліметтерін баяндайды.
2- топ.»Жақсылыққа жамандық бар « дәлелдейді.

3- топ.:»Жақсылыққа тек жақсылық бар»дәлелдеу.
Жаңа сабақ.Суретпен жұмыс:Өзен.
-Суреттен не көріп тұрсыңдар?
-Бұлақ тың суы қандай?
-Бұлақ суының қандей пайдасы бар?
- Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдыңа нені елестетеді?
Қызығушылықты ояту: Таза бұлақ орыс тілінде Чистий родник.Ағылшын тілінде frech spring.
Мәтінмен жұмыс:
1- абзац 3 топқа беріледі.
2- абзац – 1 топ
3- абзац-2 топ
4- абзац-3 топ
Мәтінді оқып, түсінгендерін бір- біріне түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс.
Тастақ- тасы көп жер .
Қайнар-бұлақтың бастау көзі.
Ғибрат-үлгі
Сусаған-шөлдеген.
Мәтінді сахналау.Оқушылар мәтінді сахадайды.
Үш жолаушының қайсысының пікірі дұрыс деп ойлайсыздар?
1-жолаушының пікірін қолдаушылар.
2-жолаушының пікірін қолдаушылар.
3-жолаушының пікірін қолдаушылар.
Мақал- мәтелдер айту.
1-топ: Еңбекқорлық
2- топ:жақсылық
3-топ:Тазалық.
Берілген сөздерге қарсы мәндес сөздер айтқызу.
Еңбекқорлық-жалқаулық,жақсылық-жамандық,тазалық-салақтық
.Өмірмен байланыстыру.
Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясы бар.
Қостанай қаласында Ы.Алтынсарин атындағы мектеп- интернат бар.
Арқалық қаласында Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институты.
Ауданымызда Ы.Алтынсарин атындағы мектеп бар.
Аудан бойынша Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған ұстаздар ды таныстырып, үлгі ету.
Сабақты бекіту:
-Ы.Алтынсарин өміріндегі ең үлкен белес не деп ойлайсыңдар?
-Ы.Алтынсариннің кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті не деп ойлайсыңдар?
-Осы «Таза бұлақ» шығармасы нені айтқысы келді?
«Жақсылық тамшысы» ойыны.

Мейірім, адалдық, тазалық,әдептілік,мәдениет,қайырымдылық,еңбекқорлық
Әрқайсысыңның төмендегідей жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жүрегі таза болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
«Жүректен- жүрекке»ақ,адал,пәк,мейірімді,қайырымды,еңбекқор.
Адам болғым келеді.
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегіммен, жаныммен,
Бал- бұлақтай мөп- мөлдір таза болғым келеді.

Отты ,ойлы жыры бар, ақын болғым келеді.,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде – кісі болғым келеді.
Оқушыларды бағалау.3 балдық жүйемен бағалау.
1.Үй тапсырмасын қорытындылау-0-3
2.Ауызша сұрақтарға жауап беруі 0-3
3.Жаңа сабақты түсінуі,ой қорытуы 0-3
4.Мақал-мәтел айтуы 0-3
5.Қарсы мәндес сөздер айтуы 0-3
6.Ойынға қатысуы 0-3
5-18-21 балл
4-12-17 балл
3-6-12 балл
2-1-5 балл .

Құрмангалиева Ақбота Онжанқызы

Костанай облысы Аманкелді ауданы Ә.Боранбаев орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
805

Пікірлер: 0

avatar