В.С.БИБЛЕРДІҢ МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

Жарияланған материалдың жеке номері: 79


В.С.БИБЛЕРДІҢ МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫН БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

А.Ештаева – ОҚО, Төлеби ауданы, 1 мамыр жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Мәдениет кашан да болмасын бірінші кезекте. Мәдениетті философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен, яғни қоғамның барлық болмысымен байланыстырған. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы мәдениет оның құндылықтарын көрсетеді. Біздің айтпағымыз мектеп табалдырығынан басталатын мәдениет диалогы. Мәдениет туралы барлық ойшылдарымыз айтып кеткен болатын.

В.С.Библер ұсынған мәдениет диалогы мектебі белгілі бір ойға немесе белгілі бір мәдениетті ұғынушыларға негізделген біртұтас мектеп білімінің концепциясын құрайды. Бұл В.С.Библердің философиясы қазіргі мектептегі дамыта оқытушыларға көкейкесті идея болмақ. Бұл педагогикалық концепция әр үш сөзден өзінің дәстүрлі мағынасын жоймай қазіргі қоғам жағдайымен және мәдениетпен сәйкес келетін дидактикаларды радикалды түрде қайта жаңғыртады [1]. Диалог мәселесі оқытуда және тәрбиелеуде ойдан шығарылған өз алдына жаңалық болып табылмайды, бірақ технология жағынан қарасақ, қарым-қатынас мәселесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше мән береді. Бұл технологияның пайда болуына М.М.Бахтиннің «диалогтың мәдениеті туралы» идеясы, Л.С.Выготскийдің «ішкі сөйленімдер» идеясы және В.С.Библердің «мәдениеттің философиялық ойлары» бағдарламасы түрткі болды.

«Мәдениет диалогы» технологиясының концептуалды идеясы:

- Диалог, диалогтік тұлғаның ішкі мазмұнының құрамдас компоненті болады.
- Полифониялық дыбыстар өзін қоршаған әлемге сәуле түсіретіні сияқты диалог тұлғаның еркіндігінің жағымды мазмұны болады
- диалогиялық қарым-қатынас кезіндегі мәдениеттің алғашқы формасынан адами ойлаудың жоғарғы табыстарына дейінгі ойлаудың мәдени схемасы құрылады
«Мәдениет диалогы» технологиясы екі функцияда орындалады:
1. Оқытуды ұйымдастыру формасы
2. Ғылым мазмұнының ұйымдастырушылық принципінде:
а) диалог – түсініктің пішінделуімен және ойдың қалыптасуымен анықталады; б) мәдениет дилогы қазіргі мәдени контексте күнделікті сұрақтардан және таңырқаудан өрістейді;
в) оқушының түйсігіндегі диалог шығармашылық ойлаудың негізі сияқты ақындар мен ғұламалардың даусы;
Мәдениет диалогы технологиясының ерекшелігін В.С.Библер атап көрсеткен болатын:

1. Оқытудың барлық үдерісіндегі мәдени ерекшелігі мен ойлау кезеңдерін жобалау:
- антикалық ойлау – эйдетикалық;
- ортағасырлық – қалыптаса бастаған ойлау;
- жаңа кезең – рационалистік ойлау;
- қазіргі кезең – релятивизм;

2. Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі; 3. Әр сынып мәдениеттің әр деңгейіне жауап береді, тарихи мәдениет, ортағасыр, жаңа кезең – осы мәдениеттер ХХІ ғасыр мәдениетіне ойысады. I-II сыныптар: таңырқау – бұл түсіне бастаудың түйіні, келесі сыныпқа деген өзгеріс, пәндерді игеруі. Мысалы, сөздің, санның, табиғатты, сананың, заттардың пайда болу жұмбағы.

III-IV: Антикалық мәдениет.
V-VI: Ортағасыр мәдениеті.
VII-VIII: Қайта өрлеу.
IX-X: Қазіргі мәдениет
XI: Арнайы диалогиялық сынып.

4. Әрбір оқу цикліндегі оқыту ішкі дилогтың пайда болуынан құрылады, айналаға деген көзқарастан туындайды, өмірдегі құбылыстардың тылсымдығынан бастауыш сыныпта негізделу қалыптасады.

5. Оқыту оқулықтың негізінде емес, әңгімелесушімен пікір алмасу барысында, ойын сан жаққа жүгірту барысында құрылады. Қорытындысында, оқушы жұмысының жемісі, мәдениеттің басқа адамдарымен араласу негізінде және ішкі диалогтарының негізінде шындыққа ұласады.

6. Әрбір сынып бағдарламасының авторы – педагог. Әр автор-педагог балалармен бірге жаңаша бір күштермен танысып отырады. Бұл келер ұрпақ үшін қайталанбас, бергісіз. Сонымен қатар проблемаларды шеше алатындай дәрежеге сатылай жетеді. В.С.Библердің «мәдениет диалогы» технологиясын қолдана отырып, бүкіл адамдық өмірдің мәдениеті сақталады және тереңдетіледі.
Мектеп пәндерінің негізінде қазіргі оқушылардың миында қалыптасқан болмыстың жұмбақтары мен таңырқаудың арқасында түйін жобаланады. Бұл көзқараста ес-ойлауға, ойлау-еске айналады. Сөйтіп, бұл тізбектерде тежеу мен ойдан құрау процесі жүреді. Сонда «ес-ойлау-ес» тізбегі құралады. Сонымен, сынып-жас ерекшелік-мәдениет ойлары талқылауға түсуі мүмкін.

Соған қарамастан, В.С.Библердің технологиясы қызықты көрінеді және білім алушылар соқтығысатын жұмбақтар көрініс табады:
А. Сөз жұмбағы. Мұғалім мынадай мәселелерге назар аударуы керек: сөздің құралуы, сөздер бір мезгілде грамматикалық заңдылықтарға ұшырауына, сөйленім ішінде кейде бірге, кейде бөлек жазылатынына, сөздердің әртүрлі жанрларда кездесетініне назар аудару керек.
Б. Сан жұмбағы. Әлемнің математикаға қатысы, сан турлы идеяның туындауы диалогта мындай кезеңдерде кездеседі:

1)өлшеу, 2) бөлінбейтін бірліктер, заттар, 3) қысым – температура, мускулды міндет, т.б. Сан – мүмкін емес үйлеспейтін идеализацияның минимум үш формасы, қиылысы.
В. Табиғаттың тылсым жұмбағы. Оңаша бір өзіндік пайда болу және табиғи біртұтастық – құм және ауа, күн және түн, шөптер, ағаштар. Шексіз әлем – жер, планета, «жиналған тамшылар». Табиғаттың берері – бөлігі – басталуы, мүмкіндіктері, соңы. Жаратылыстану ғылымдарының – механика, физика, биология- жеке-жеке ғылым болып қалыптасуы, бір-бірінен алшақ орналасуы. Жердің формасы қандай?
Табиғаттағы арайлап атқан таң, қызарып батқан күн, жүйткіген бұйра бұлттар, сан құбылған сағым, жарқыраған құйрықты жұлдыз, құм, биші қайың тәрізді құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді. Осынау таңғажайып құбылыстар – табиғаттың ең тамаша сыйы. Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады. - адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту;

Г. Сана-сезім жұмбағы. Бұл жұмбақтың орны 1-2 сыныптар үшін орны ерекше.
Д. Тарихи жұмбақтар. Ғылым эволюциясы. Апта, ай, күннің, күнтізбенің уақыттың пайда болуы. Жыл санауымыздан қанша жыл бұрын секунд, минут, сағат пайда болды. Тарих және мәдениет. «Мен қалай пайда болдым?», «Өлім деген не?»
Мектеп қабырғасында ойын түрлері арқылы да оқыту ең маңызды әдістердің бірі болып саналады.
Бұл ойдың негізгі түйіні – іс-қимыл әдісі. Бұл – ес пен ойлаудың жаңаша шекарасы, ойын – мәдени әрекет. Мынадай көзқарастар ұсынылады:
A. Қай шығарманы болмасын ролдерде сомдау. Пәнді оқығанда да театрда ойнағандай игеру.
• Сабақтың әдістемелік ерекшелігі – диалог
• Сабақта туындаған проблемаларды шешу емес, қиындықтардан шығу жолдарын іздеу, жұмбақтардың шешу жолдарын қарастыру.
Мәдениет сөзінің астарында адами байлықтың жиынтығы ғана емес, В.С.Библердің еңбегінде көрсеткендей адам өмірінің рухани феномені жатқанын байқаймыз [2].
1) Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.
2) Мәдениет – өркениеттен ерекшеленетін, одан әрі жалғаса беретін әлем құбылысы.
3) Мәдениет – мәдениет диалогы - бір-біріне сәйкес мағынаны білдірмейді, бірақ адам өміріндегі феноменді білдіреді, өркениеті, дамуы, білімі т.б.
Мәдениет диалогы – баланы мәдениетке үйрету, адамды мәдениетке дағдыландыру.
М.М.Бахтин айтқандай мәдениет екі мәдениет бар жерде ғана болады, және диалог болған жерде болады. Мәдениет диалогы концепциясында диалог сөзі белгілі бір мағынаны білдіреді. Диалог – бұл бір немесе бірнеше адамның сұхбаттасуы ғана емес, әртүрлі ойлардың жарыққа шығуы, тоғысуы. Мәдениет – қашан да драма. «Мәдениет – деп жазады В.С.Библер – ХХ ғасырда ерекше орын алды, мәдениеттің диалог түрінде бір-бірімен кездесетін, дербес тұлғалардың санын арттырды, өрлеу табалдырығында бірін-бірі қолдады – міне, мәдениет пафосы осыдан көрінді [3].
Бәрінен бұрын европалық мәдениетке деген тарихи көзқарастар болды – антикалық, ортағасырлық, жаңа заман. Әркім ойлау қабілеттерінше түсіну деген не, болмыс деген не, адам деген не т.б. нәрселерді ақыл-парасатымен ойлай бастады. Қазіргі мәдениет бұл мәдениеттерді бірінен кейін бірі даму баспалдағында қалыптасқан деп қабылдамайды, бірақ біруақытта маңызы бар қажетті диалог деп санайды.

Көрсетілген технологияда мектеп деген сөздің өзі ерекше мағынаны білдіреді, яғни өркениет мектебі адамды мәдениетке жетелейді, ерекше мәнге ие болады. Шығарушы педагогикалық құрылғы мектептің өзі біртұтас мәдениетпен, белгілі бір ақыл-оймен, тұлғаның қалыптасқан идеясымен байланысты. Ортағасырдан жаңа заманға өту барысында мектептің мағынасы түбімен өзгерді, мысалы, соңғы жетістіктерге жеткен адам ойының жоғарғы санасы – теориялық ұғымдарды қабылдаған білімді адам деген идеал пайда болды. Қазірдің өзінде мектеп мағынасы өзгеруде, жаңа педагогикалқ құрылғылар туындады, «білімді адамнан», «мәдениетті адамға», «құнды да мағыналы қызмет формаларының спектрлары, бір-біріне ұқсамайтын мәдениет, әртүрлі іс-әрекет пен ойлау» сияқты қозғалыстар болды.» [4]. Жаңа білім мазмұны, мектептің жаңа идеясы туындауда.

В.С.Библердің диалогы мектебінің концепциясы мектептегі оқытуда төмендегідей кезеңдерде қаралды.
1-2 сыныптар – таңырқау көзқарасы ұғым түйінімен шиеленіскен оқулықтарды мәдени-тарихи сипатта қарасырған дайындық кезеңі. Бұл сыныптарда негізгі пәндері сөз, сан, табиғаттың пайда болу, тарихи оқиғалар туралы жұмбақтар болды. Бұл кезде математика, физика, тіл білімі сияқты ғылым салаларына алғаш рет қызығушылығы пайда болады.
Бұл сыныптардағы педагогикалық тапсырма – айтып өткен жұмбақтар ғана қызықтырмайды, кенеттен пайда болған таңқаларлық, түсінбейтін нәрселерге деген түсініктерді талап ету. Бұл сұрақтардың соңы таңырқау нүктелеріне алып келеді. Бұл нүктелерде Библер: «психологиялық, логикалық ойлау-сана, сана-ойлау деген тізбек құрылады. Бұл таңданарлық түйіндерде тежелу мен ойлап табу процесі жүреді.» .
Осылай әр сыныптарда мәдениет диалогы дами түседі. Сонымен қатар логикалық ойлау қабілеті кезеңдерде әртүрлі жүреді.
Осы жоғарыда айтылған мазмұнға сәйкес оқу қызметіндегі көріністер өзгереді [5].
Оқу қызметі мектеп жасындағы тұлғалардан тұрады, мысалы, ойын мектепке дейінгі жаста болады. Мектеп жүйесіндегі оқу қызметтері өздерінің ұғымдары болады, мектеп бағдарламасындағы тапсырмаларды өз деңгейінде шеше алатын жасқа сәйкес келеді. Және айта кететін жай осы кезеңдерде мектеп диалогы да қалыптасады. Кейде бұл көрініс рефлекстенбейді, мектеп жүйесі оқу қызметінің мазмұны мен мағынасынан шығып кетеді. Белгілі бір жүйесі қалыптасқан мектеп сияқты институтты игеретін әрбір мәдениет оқу қызметтерін түсінеді.
Баланы бәріне үйрету керек емес. Бұл жердегі мәдениет прогресспен, идеясымен байланысты. Әрбір жаңа мәдениет өзіне алдыңғы алынып тасталған түрлерін қосып алады. Осы алынып тасталған формалары білім алушыға беріліп қоюылуы тиіс еді. Әдебиет пәніне келетін болсақ, өмір сүріп жатқан дүниелер, яғни әдебиет тарихы мен қазіргі әдебиет мазмұнын құрайтын түрлері оқытылу керек.
Мектеп жасында өзінен мектепке дейінгі кезеңді алып тастайды, мектепке дейінгі жетістіктерін қайта жандандырып қосып алады. Сол сияқты жоғары мектеп жасындағы өзінен орта жасты алып тастайды. Осындай прогресс идеясы жұмыс жасай береді.
Мәдениет диалогы мектепте мәдениеттің өзі деп түсіндіріледі. Бұл қағидада мәдениет бірден жаңармай, өз кезеңімен дамып отырады.
ХХ ғасырда мәдениет дегенде ең бірінші негіздемесін қарайды, әртүрлі түсініктерді талқыға салды. Диалогта осы талқыланған түсініктер мен әртүрлі ойлар ХХ ғасырда пайда болады.
Міне осындай кезеңмен жас ерекшелігі де байланысты. Әрбір азамат өзін оқушы, студент орнына қойып көреді. Олар да әр кезеңді бастан кешіреді. Баланың жетілуі мәдениеттің жетілуімен пара-пар. Алғашқы кезеңдеріндегі мәдениетті сақтай отырып адам баласы дами түседі, мәдениет диалогы да өрістей түседі. Мәдениет диалогын мектеп қабырғасында қарастырғанда түсінікке, дәстүрлі жас ерекшелігі мен педагогикалық психологиясына назар аудару керек.
Адам баласы әртүрлі мінезді болып келеді, бірақ әрбір жаста кейбір қызметтер жетекші ретінде ерекшеленеді. Бұл жаста бала қатарластарына қарағанда іштей біртұтас даму үстінде және жаңа білімі қалыптаса бастаған тұлға ретінде көрінеді.
Диалог ұғымы бізге Платоннан белгілі. Диалог негізінде Мен-Сен деген философия жатыр. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мәдениет диалогын оқушыларға қолдану.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Библер В.С. Школа диалога культур // Советская педагогика. 1988 г. № 8; Школа диалога культур. Основы программы. Кемерово. 1992; Школа диалога культур. Идеи. Опыт. Проблемы. Кемерово 1993.; Практический опыт работы в русле идей ШДК описан и проанализирован в работах: Курганов С.Ю. Первоклассники и учитель в учебном диалоге // Школа диалога культур. Идеи. Опыт. Проблемы; Курганов С.Ю. Школа диалога культур: Красноярский опыт // Народное образование. 1990 г. №№ 7, 10-12; 1991 г. №№ 5-8; 1992 г. №№ 9-10; 1993 г. № 1.
2. Библер В.С. От наукоучения – к логике культуры: Два философских введения в XXI век. М., 1991. 413 с.; Его же. Культура. Диалог культур (Опыт определения) // Вопр. философии. 1989. № 6. С. 31–42.; Его же. Нравственность. Культура. Современность. М., 1990. Его же. К философии культуры // Замыслы. М. 2002.
3. К философии культуры // Библер В.С. Замыслы. М., 2002.
4. Библер В.С. «Ах, какой воспитанный, образованный, просвещенный, культурный человек!..» (Об историческом, личностном и педагогическом споре этих определений) // Замыслы. М., 2002.
5. Берлянд И.Е. Учебная деятельность в школе развивающего обучения и в школе диалога культур // Дискурс. 1997. № 3-4. С. 117-142.

Ештаева Айжан

ОҚО, Төлеби ауданы, 1 мамыр жалпы орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
3687

Пікірлер: 0

avatar