Экология жастар көзімен...

Жарияланған материалдың жеке номері: 10


Экология жастардың көзімен...
Бірінші шығармамды экологияның тарихымен бастағанды жөн көрдім. Бәріміз білетіндей экология терминін 1866 жылы Э. Геккель енгізген болатын. Экология ғылмы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организімдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зеріттеді.
Ана құрсағынан шыр еткен саби жарық әлемге келсімен көрікке тұнып тұрған тартымды ағаштарды, аспан шыңымен таласқан биік тауларды, сылдырап аққан бұлақтарды, айналада болып жатқан жұмыстың сыңғырын, құстардың бұлбұлдай үнін, әлемнің нұр сыйлаған жарық күнін естіп көріп ерекше ерендей күйге түседі, бұл күй – Табиғат күй.
Қазіргі таңда бізді қоршаған орта қандай күйде деген ой келеді. Біз өмір сүріп жатқан ғасыр жиырма бірінші ғасыр деп аталды, бұл техниканың дамыған заманы. Жанымызда зымырап жатқан көлік, түтіндері аспанға будақтап жатқан зауыттар бұлардың бәрі табиғатқа кері әсерін тигізетіні айқын. Технологиялар мен техника дамыған біздің заманымызда экология мәселесі ең бір күн тәртібінен түспейтін мәселе болып тұр. Экология дегеніміз жеке организімнің қоршаған ортамен қарым қатынасы десек, сол биологиялық жүйеде бүгінгі орын алып отырған бұзушылыққа кім кінәлі ? Ауаның ластануы, орман тоғайдың өртенуі, өзен көлдің бүлінуі.... Бұның бәрі адамзаттың іс- әрекеті дер едім.
Расымен де, бүгінгі экологиялық жағдайдың ушығуына өзіміз себепкер болдық. Табиғат ұсынған байлықты үнемдеп жұмсау орнына, таусылмастай көріп, қос уыстап шашамыз келіп.
Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күнің қажетілігінен туындамайды, ол ертеңгі күнің проблемаларынада жауап береді. Адамның көңіл күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануы шөлді-шөлейтті жерлердің кеңейуіне ормандардың азаюуына, қышқылды жаңбырлармаен келетін күкірт және азот оксидінінің мыңдаған тонналарының жер бетіне әкеліп отыр, ал олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандығы белгілі. Қалалардағы атмосферааусының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр. Экологиялық қалдықтардың көптеп төгілуі, теңіздердің мұнай қалдықтарынан ластануы су астынадағы тіршіліктің нашарлауы бұның бәрі экологиялық жағдайға көптеп әсерін тигізуде. Елмізде баршамызға белгілі КСРО кезінде көптеген атом сынақ аймақтары болды сол сынақтардың өткізілу нәтежесінде ауамыз бүлініп жеріміз құнарсыз болып қалды. Мысал ретінде қасымыздағы Тайсойған полигонын алайық, бұл полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ өсімдіктер жамылғысын, жануарлармен мен су құбырларын ластады. Ғалымдардың айтынша зымырандар түскен жерде көптеген элементер мөлшері көбейген, жәнеде бұл жерде қоршаған ортаның ластануынан жергілікті тұрғындар арасында өкпе, жүрек қан тамырлары мен қатерлі ісік арулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелрдің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарлаған. Ел басымыз Н.Назарбаевтың қолдауы мен атомды сынақ алаңы жабылған болатын, ел басымымыға алғысымыз шексіз. Міне елімізде бұрын болған сынақтардың нәтижесінде халқымыз ата бабаларымыз қанын төгіп қорғаған жер ластанып бүлінуде. Ертеңгі біздің болашағымыз ол денсаулығы бай халқымыз, сондықтан дені сау болу үшін ең алдымен бізге таза ауа, өсімдіке толы жасыл әлем керек, сонда ғана адам өмірі шуақтана түспек.
Айтылады тағы міне заман зар,
Оу, пенделер бәрің бері қараңдар.
Мынау бес күн жалған пәниде,
Судың да сурауы бар екенін,
ұмытпайық адамдар.
Дегендей әрдайым есімізден шығармайық.
Ең байлыққа толы жеріміз бар. Сол байлық бізге атадан мұра болып, бізге қалды. Біз енді сол мұраны жоймай, ысырап қылмай, өз ұрпағымызға жеткізуіміз керек. Ол үшін, айналаға, Табиғат- Анаға аяушылықпен қарайық, замандастар!

Шамғонова Жанар Болатқызы

БҚО Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
2844

Пікірлер: 0

avatar