Меню
Артқа » » » Материал жариялау

«Мұражай педагогикасы және мұражайға саяхат»

  • 0.0 Рейтинг
  • 1468 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 37

«Туған жер алдындағы, оны жайлаған ел алдындағы парызды қастерлеу сезімі ғылыми жаңалықтар мен хабарламалардан ғана емес, көне – көз маұраны көріп, көңілге тоқу арқылы да тәрбиеленеді емес па?!» деген Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың пікірі мұражай ісінің ұлт болашағы мен бала тәрбиесінде алар орны ерекше екенін сипаттайды.
Мұражай –халықтың рухани қазынысының қайнар көзі.Өйткені, мұражай халықтың тарихын, мәдениетін, өнерін зерделеп сақтай білген ғылыми Орда.
«Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарымен танысудан басталады», -деп Ө.Жәнібеков ағамыз айтқандай, бүгінгі өскелең ұрпаққа ұлттық таным мен рухани тәрбие беруде, танымдық, тұлғалық қабілеттерін дамытуда мәдени мұрамыз бен көне жәдігерлеріміз жетекші роль атқарары сөзсіз.
Мұражай ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, тарих көшінде тінін үзбей жалғасып келе жатқан алтын желі.
Мұнда теориялық ойдың практикалық іске айналатын, ескі-құсқыны жинақтаушы емес, ұлт мәдениетінің озық үлгісін жасайтын, әрбір жәдігердің тарихын, құндылығын, маңызын зерделеп анықтайтын, оны ғылымға айналдырып болашаққа аманаттайтын күрделі құбылыс, ғылыми процесс жасалып отырады.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Өлке тарихының қасиетті мекені» атты еңбегінде: «Егеменді еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны ерекше. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибиесінен тағлым алу Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі», деп тарихи таным мен ұлттық патриотизмге тәрбиелеудегі мұражайлардың танымдық ағартушылық пәрменін ерекше атап көрсеткен.
Тәрбие беру жұмысы тәжірибиесінде мектеп мұғалімдерінің мұражайлармен байланыстарының әр түрлі формалары қалыптасқан:
- Мұражайда жүргізілетін оқу сапарын бірге дайындау, ұйымдастыру;
- Мұражай сабағын дайындауда мұғалім мен мұражай қызметкерінің байланысы;
- Мұражай мұрағаттарын көрнекті құрал ретінде пайдалану;
- Тәрбиелік мәні бар іс-шараларды бірге ұйымдастыру;
- Мұғалімдер үшін мұражайда дәрістер, семинарлар, конференциялар өткізу;
- Мектепке мұражай ұйымдастыруға көмектесу.

Мектеп пен мұражай арасындағы қарым-қатынастардың кең тараған түрі –мұражайға сапар.
Әйтсе де, жеке мұғалімдердің мұражайға оқушыларды бастап келуші қызметін атқарып, мұражай мен байланысы болмайды, шәкірттердің оқу сапарына алдын-ала дайындалмайды.
Шәкірттерді мұражайға баруды ұйымдастырарда негізгі үш кезеңдік жұмыс атқару керек:
1. Оқушыларды мұражаймен кездесуге дайындау.
2. Оқу сапарын жүргізу.
3. Мұражай мұрағаттарымен танысуда алған білімдерін бекіту
Мұғалім шәкірттерді мұражайға апармас бұрын оның мұрағаттарымен, экспозициялық көрмесімен танысып, ғылыми қызметкермен ақылдасып, пікір алысады.
Дайындық жұмысының жоспарымынандай негізде жасалады:
- Мұражай жайлы жалпы мағлұмат беру, мұражайлық ақпараттардың ерекшелігінен түсінік беру.
- Оқу сапарының мақсаты мен тақырыбын тұжырымдау:
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының сұрақтарын дайындау.
- Мұражайда өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру.

Мұражайдан кейінгі істелетін жұмыс түрлері:
- Мұражайға сапардан алған түсініктері мен ойларын мектеп сабағында сынып сағатында ортаға салу, әңгіме өткізу;
- Мұғалім тапсырмасымен мұражай сапарына сәйкес дайындалған хабарлама мен баяндамалар тыңдау.
- Мұражайдан алған білімдері мен әсерлеріне байланысты шығармалар жаздыру.
Мұражайдың әдеби-тарихи мұрағаттары, дерек-мағлұматтары дидактикалық құрал ретінде сабақтың негізгі мақсатына қызмет ете отырып, оқушыларға туған этнос-мәдениетін, әдебиетін, тарихын, әдет-салтын, жерін танып білудің ұлттық жүйесін, ұлттық мәдени мұраға құрмет сезімін оятып, ұлттық патриотизм рухын дарытады. Мұражай мұрағатымен жұмыс оқушының қызығушылығын арттаырып, өз бетінше шығармашылық әрекеттер жасауға, ғылыми іздену жұмыстарының негізін қалауға көмектеседі.
«Елімнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюіне жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Елдің де, жердің де иесі өзің екеніңді ұмытпа», -деген Елбасының асыл тілегімен аяқтаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 «Мәдени мұра» бағдарламасы.- Алматы, 2005.
2 Мәдениет журналы
3 Р.Харипова «Мұражайлардың мәдени бағытындағы жұмыс түрлері»
4 Р.Илясова «Қазіргі музей ісінің өзекті мәселелері»
5 К.Райымханов, Қатран.Д «Музей ісінің теориясы мен практикасы» Оқу
құралы.Алматы, 2005.

Байжігіт Ғалымжан Бейсенбайұлы

ОҚО Тарихи-мәдени-этнографиялық орталық Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі

Логин:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar