Оқытудың "сынып - сабақ" жүйесі.

Жарияланған материалдың жеке номері: 247


Оқытудың «сынып-сабақ» жүйесі.

ЮНЕСКО деректері бойынша кезкелген мектепте оқушылар контигентінің интеллектуалды даму деңгейін былайша көрсетуге болады екен. Дарынды балалар 1-2 пайыз ; - ақыл-ой дамуы жоғары балалар - 15-20 пайыз ; - ақыл-ой дамуы қалыпты балалар - 65 пайыз ; - ақыл-ой дамуы нормадан төмен – 15-20 пайыз ; - ақыл-ой дамуы тежелген балалар - 4-5 пайыз. Осы негізге сүйене отырып мектептерде саралап оқыту мәселелері көтеріліп жүр. Психология ғылымдарының докторы Ю.З. Гильбух ұсынған саралап оқытудың мына психодиагностикалық жүйесі басшылыққа алынуда.
Бірінші деңгейдегі сынып : - оқу қарқыны жеделдетілген сынып дарын балалар мен қабілет деңгейі жоғары балаларға арналады. Олар арнайы бағдарламамен оқытылады.
Екінші деңгейдегі сынып : - қалыпты даму деңгейіндегі балаларға арналады. Олар мемлекеттік стандартқа негізделген оқу бағдарлама бойынша оқытылады.
Үшінші деңгейдегі сынып : - интеллектуалды даму деңгейі нормадан төмен балаларға арналады. Бұл сыныптарда бала саны аз болуы керек. Оқыту әдістемесі даралап оқыту жүйесіне сәйкестендіріледі.

Барлық жағдайда бір мектеп көлемінде сыныптарды саралап оқыту мүмкін бола бермейді. Сынып оқушыларының үлгерім деңгейі әртүрлі болғандықтан сабақ материалын барлық оқушыға бірдей ортақ шапшаңдықпен оқыту мүмкін болмаған жағдайда технологиялық әдіс амалдары ішіндегі «сынып-сабақ» жүйесі пайдаланылады. Бұл жүйенің өзіндік ерекшелігі мынадай :
- сыныптағы оқушылар 6-7 баладан тұратын шағын топтарға біріктіріледі. Әр топта үлгерім деңгейі жоғары, орташа, төмен оқушылардан құралады. Әр топтың өзіне лайықталған оқу материалымен жұмыс істеу жылдамдығы болады.
- топтағы оқушылар жұптасып оқу тапсырмаларын орындайды. Бір-бірінің орындаған жұмысын дайын үлгіге сәйкес тексереді. Топ ішінде білімдеріне олқылығы бар оқушыға өзара көмек, қолдау элементтері қолданылады.
Әр топтың орындаған жұмысы қорытындысы шығарылады. Алдын ала белгіленген жұмыс көрсеткішіне жеткен топтың жұмысы бағаланады.

- Білім олқылығын бар оқушылардың шағын топтарына оқу материалы шағын мөлшерде алдын ала жүйеге түсіріліп беріледі. Бақылау тапсырмалары мен сұрақтар нақтыланып, ықшамдалады Оқу материалын игерудің минимумы анықталып, соны меңгеруі мақсат етіледі.
-оқушыларға теорема, ережелерді жаттатқызбай, мазмұнын түсініп, жауап бере алатындай бөлігін меңгеру талабы қойылады. Жаттығу мен бақылау тапсырмалары алдын ала оқушыларға белгілі болып, өз бетінше дайындалуына мүмкіндік жасалады.
-бақылау тапсырмалары 3 деңгейде жоғары, ортадан жоғары, орташа деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың өздері таңдап алады. Ол тапсырмалар - орындау үлгісі бұрыннан белгілі немесе орындау жолы ұсынылған тапсырмалар болуы мүмкін.

Білім мен дағды көрсеткіштері.
1. Білімі , - оқу материалымен жұмыс істеу әдістерін біледі.
Терминдер мен негізгі ұғымдарды , нақты деректерді, ереже мен формулаларды есте сақтауы тиянақты.
1. Түсінігі. - материал мазмұнын қайта айтып бере алады. Материалдың сызбанұсқасын, кестесін, диаграммаларын жасай алады. Жаңа ақпараттың білімдік қажеттілігін суреттеп бере алады. Дерек, дәлелдеме, құбылыс заңдылықтарының себеп-салдарын түсінеді.
3.Пайдалана алуы - Алған білімін, заңдарды, формулаларды, практикада пайдалана біледі. Термин, ұғымдар, тұжырымдамаларды жаңа ситуацияда пайдалана алады.
4.Анализ - Оқиғалар мен деректерді , заңдылықтардың өзара байланысын анықтай алады. Бүтінді бөлшектеу, бөлшекті бүтінге айналдыру прициптерін біледі. Таныс емес астарлы тұжырымдарды анықтай алады. Талдаудағы қате логиканы, қате деректер мен оның салдарын, таным мен көзқарастар арасындағы алшақтықты көре алады. Қорытынды тұжырым, ақпарат құндылығын ажырата алады.
5.Синтез - Ойын жеткізе сөйлей алады, хабарлама мен баяндама жасай алады. Қолға алған жұмысын жоспарлай біледі. Жаңа сызбанұсқа, құрылым схемасын жасай алады. Шығармашылық ойын жаза біледі. Қажетті болғанда әртүрлі салалардағы білімін пайдала алады.
6.Бағалауы - Жазбаша түрде материалдың құрылымы мен логикасын сипаттай алады. Белгілі бір деректер төңірегіндегі қорытындылардың дерекке сәйкестілігіне баға бере алады. Өзі мен өзгелердің қызмет нәтижесін , өз білімінің деңгейін бағалай алады.

Сәкен Бозаев . Атырау облысы , Құлсары қаласы.

Сәкен Бозаев

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1190

Пікірлер: 0

avatar