Өрелі ой өрілген конференция

Жарияланған материалдың жеке номері: 180


Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде осы жылдың 25 қараша айында ұлы педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл, мектебімізге Ыбырай Алтынсарин есімі берілуіне 15 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсариннің идеялары: кеше, бүгін, ертең» атты аудандық конференциясы оздырылды.
Бұл игі бастаманың негізгі модераторлары аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Б.Р.Батырова, аталған мектептің директорының міндетін атқарушы Э.М.Дакишева және мектеп психологі Г.Б.Шапикова болды. Ұлы ағартушының мұрасын зерделеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын тәрбие және білім алу жүйесінде пайдалану - конференцияның басты мақсаты болды. Бұл шараға аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен оқушылары, мектеп басшылары қатысты. Конференция екі панельдік сессия кезеңін қамтыды. Келген қатысушылар тіркелгеннен кейін өз мектебіміздің хор мүшелері «Егемен Қазақстан» атты әнімен шараны алғашқы болып ашты, оқушылар үш тілде Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқып, 5-6 сынып оқушылары Ыбырай атамыздың әңгімелерінен сахналық қойылымын, кейін «Ыбырай - өмір жолы» атты бейнебаян көрсетілді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Э.М.Дакишова келген қонақтарға Ыбырай атамыздың өмірі мен шығармашылығына, мектепке ұлы тұлғаның есімінің 15 жыл толу сәтін ерекше толғаныспен баяндап берді. Соңынан мектеп психологі Г.Б.Шапикова 4 қарашада Астана қаласында өткен «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім» атты халықаралық конференциясына қатысқанын, сол басқосуда алған әсерімен бөлісті. Жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Х.Измагамбетова «Ы.Алтынсарин - выдающийся просветитель казахского народа», бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Утешева «Ы.Алтынсарин еңбектері - рухани тәрбие негіздері» атты баяндамаларын оқыды.
Конференцияға қатысушылар екі панельдік сессияға бөлінді, яғни мұғалімдер сол мәжіліс залында қалып, оқушылар басқа кабинетке барып жұмыстарын жалғастырды. Мұғалімдердің сессиясында жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі С.О.Үсенова «Ы.Алтынсариннің шығармаларындағы адамгершілік тәрбие мәселелері және бүгінгі қоғам», бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.О.Султангереева «Үш тілді білім берудің Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларымен сабақтастығы», екінші санатты тарих пәнінің мұғалімі Т.У.Ажғалиев «Ы.Алтынсарин шығармаларындағы ислами дүниетаным», бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Қ.Утегалиева «Воспитание в прозведениях Ыбырая», екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі С.Т.Ахметкалиева «Ы.Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы» атты баяндамаларын оқып, әрі тақырыптарына сай слайдтарын көпшілікке ұсынып, ақын өмірінен мол деректер ұсынды.
Оқушылардың панельдік сессиясында 7-сынып оқушылары ақынның «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің түп нұсқасын түгел жатқа айтты. Мектептің 11- сынып оқушылары Серік Мұхтар «Даланың жарық жұлдызы – Ыбырай», Сагатдинова Гүлзина «Ыбырай – қазақтың дара ұстазы», 8- сынып оқушысы Бурамбаева Жаңылсын «Ыбырай – великий сын казахского народа» атты баяндамаларымен қатысушы оқушыларға ұлы ағартушының еңбегі мен болашақ ұрпақ үшін істеген игілікті істерімен таныстырды. Мектеп психологі Г.О.Шапикова оқушыларды «Отан», «Табиғат», «Қарым-қатынас», «Білім» атты төрт топқа бөліп, тренинг өткізді, олар берілген тапсырма бойынша жоба қорғады. Конференцияға қатысушыларға сертификаттар табысталды. Келген қонақтарға естелік ретінде осы конференцияның бағдарламасы, ақын өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаян мен оқылған баяндамалар жазылған диск, Ыбырай бейнесі бар бейджик берілді. Аудан мектептерінің басшылары сөз алып, мектепке сый ретінде картиналар сыйлады. Шараға келген қонақтар болашақта оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің зияткерлік және рухани әлеміне баулу, педагогтің тарихи мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру жұмыстарын нығайту, ағартушының шығармаларын оқуға қызығушылықтарын ояту, оның педагогикалық мұрасын қолдану бойынша білім беру ұйымдарында тәжірибесін тарату, конференция жұмысының нәтижесін педагогикалық, ата-аналар арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау керек деген ұсыныстар айтты. Жалпы конференция өз мәресіне жетті. Мұғалімдер де, оқушылар да риза болып, шараның әсерлі, қызықты өткенін, ақын туралы мол мағлұмат алғанын, Ыбырай еңбектерінің идеялары мәңгілік, құнды екенін тағы бір дәлелдегендей болды.
Г.О.Султангереева
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ
1-санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Султангереева Гулайым Орынгалиевна

Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
604

Пікірлер: 0

avatar