Наурыз - жыл басы !

Жарияланған материалдың жеке номері: 337


«Екпетал мектеп балабақшасы»КММ


Бекітемін:
Балабақша әдіскері: Меңдіғожина С.Б.






Өткізген: Тәрбиеші Бисенғалиева Л

19 наурыз 2018 ж
Тақырыбы: Наурыз - жыл басы!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік,
қасиеттерін қалыптастыру.

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады
Жүргізуші: -Құрметті қонақтар, сүйікті балалар, Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді.Бәріңізге де Жаңа жыл бейбіт жылы болсын!
Күн мен айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйсеніп,
Сәлем берем иіліп!
Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.
Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.
Наурыз – жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні

«Амандасу рәсімі»
Айару : Амансыз ба?
Ұлыс оң болсын!
Жансұлтан :Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Мәдина : Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Нұрхат : Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала алыс кетсі
Төртеуі қосылып:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Балалар, қонақтар бір-бірімен құшақтасады.
Жүргізуші: Малдар төлдеп , қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – ортаға балабақша бүлдіршіндерін шақырамыз.

Жүргізуші:

Наурыз келді,көктем келді тағы да,
Мұсылман ел күтуші ел сағына,
Наурызым жана – жылым берекем!
Уа, халайық құтты болсын мерекең –деп наурыз тойына келген қонақтарға сөз кезегін береміз.
Мектеп директоры Жумағулова Гулнур Амангелдіқызына береміз.
Ата –аналар атынан:

Наурыз кіреді: (Нұргул ) Вальс әуенімен залға Наурыз аруы кіреді.
Науыз аруы:- Есенбісіз, қырмызы гүлдей жайнаған берекелі елім.
Менің жырым да, сырым да, нұрым да өздеріңіз. Бір тал шыбығымыз екеу болып өссе, ол ортақ мерей. Ортақ той болғай деп тілеймін

Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілтіп ән-күй жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы-мен болам!

Күн мен түн шығады. (Айжұлдыз бен Бақыт )
Күн:Күн сәулесі мол күнмін.
Түн:Жұлдызы мол түнмін.
Күн мен түн:Ұзақтығы бірдей болып,
Теңелеміз бұл күні
Наурыз аруы:Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды
Жүргізуші: Гүл өссе жердің көркі,
Қыз өссе елдің көркі –деген, осы ғой, ортамызға келіп, айналаны гүлге ораған Наурыз аруы төрлетіңіз, біздің өнерімізді тамашалаңыз. Біздің бүлдіршіндер сізге арнап
Ән «Наурыз келді»
Жүргізуші: Аса таяқ, дауылпаз, сыбызғыдан,
Төгілген күй толқиды домбырадан.
Жырлайды қазағымның сырын шертіп,
Сырлы сезім,назды әуен, сиқырлы күй - ортада қыз бен жігіт айтысы: Нұрхат пен Айарудың орындаында:
Нурхат:
Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
«Айтыс» десе сәнденіп
Қыздар іздей бастаймыз
Айару
Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Нурхат
Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Айару
Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Нурхат
Түрлендіріпқамшыөрсем
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады
Айару
Мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік Көрсет сәнді қамшыңды Біздер баға берейік
Нурхат
Тойға барам дегенсоң
Домбыра ұстап жетіп ем
Шашақталған қамшымды Үйге тастап кетіп ем
Айару
Қалып қойсан қамшыңыз
Тағы тойға келерсіз
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз
Нурхат
Қоштасайық халықпен
Ақындарын піртұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде
Рахаттана бір жұтқан
Қыздардың орындауында : «Домбыра биі»

Жүргізуші : Көктем толы әніміз
Көркем өнер сәніміз
Өлең ән мен той тойлап
Өрнектейміз бәріміз
Егін өзі толқытқан
Елдің көңілін шалқытқан
Наурызға бас иеміз – деп Наурыз мерекесіне арналған

тақпақтарымызды қарсы алыңыздар.


Айару
шаттығымыз жырымыз.
жаңа наурыз жылымыз
ақ тілеумен осындай
бақ боп үйге кіріңіз

Аяулым
наурыз келді құт болып.
мына бізге сүт болып.
аққа аузымыз толады
бар жақсылық болады
Бақыт
ән айтылды күні бойы,
бұл мереке бізге ойын
көжесі көп, шелпегі көп
жақсы көрем наурыз тойын.
Айжұлдыз
наурыз келді,наурыз
арқа-жарқа ауылмыз
салт дәстүрді сақтаған
ағайын-дос бауырмыз
Нұрхат
кең даланың ежелгі,
қазақ дейтін халқымыз.
өзге ұлттай біздің де
бар дәстүр мен салтымыз

Жансұлтан
ұлыс күні қазан толса,
ол жылы ақ мол болар.
ұлы кісіден бата алсаң,
сонда олжаң мол болар.
Нурсейіт
алақай, аулада наурыз!
күлімдеп келіп тұр.
бәріне базарлық беріп тұр,
бақшаға береке еніп тұр.
Каусар
қанаттары желбіреп,
келе жатыр құс қайтып.
нәзік үні елжіреп,
наурыз келді қуантып.

Мадияр
наурыз келіп еліме,
нұрға толды айнала.
жүздерінде қуаныш,
шаттанып жүр бар бала.
Ернұр
дала гүлге оранды,
құстар елге оралды.
бүршік жарып ағаштар,
шашын өріп таранды.


Көрініс:(бір әуен жіберу)Мадияр сөзі
Музыка залға бір бала атқа мініп шауып келген «Сүйінші, сүйінші» менің әжемнің ауылында «Ашамайға міңгізу» тойы басталды.Келіңіздер! Көрініздер! Қуанышқа ортақ болыңыздар –деп жар салады.
Жүргізуші :Міне ботам, сүйіншініңді ала ғой деп оған ырымын беремін.Ал балалар ендеше ауылға тойға барайық.
Ауылға келдік:
Алмагул әже: Сәлеметсіздер ме, ботақандарым! Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Міне наурыз мейраммен менің немеремнің тойіда бірге келіп қалды!
Кіріңдер, төрлетіңіздер, жоғары шығындар.
Менің немерелерімнің тақпақтары тыңдаңдар.

Балнур
Осыншама жақсылық
алып келген наурызым!
Ақкербез
Төрлет бізге нұр беріп,
шуақ шашып ақ жүзің
Динара.
Уа, халайық, халайық!
әсем әнге салайық

Рамазан
Наурыз тойын көңілді
бірге қарсы алайық

Мәдина
сәнді көктем - наурыз!
наурыз тойы - жырымыз.
көңіл гүлдей жайнасын.
құлпырсын күн мен ай.
құтты болсын наурыз!

Султан
қош келіпсің наурыз!
арман тойы халықтың.
қуанышы халықтың,
құтты болсын қадамың!

Сағындық
би биледік бәріміз!
егін өңін толқытқан,
елдің көңілін шалқытқан.
бас иеміз - наурыз!


Жүргізуші :Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!-
ортада 2кіші топ балалары «Тұлпар» биі

Алдар мен Қожанасыр келіп кіреді. (Самал мен Қарылғаш)
Алдар: Армысыздар,халайық!
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум халқым менің!
Жүргізуші: Амансыздар ма, Алдар ата, Қожанасыр аға-хош келдіңіздер, төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыздар.
Алдар: Мен Алдармын,Алдармын,
Сайтанды да алдаймын.
Сараңдарға қаттымын,
Кедейлерге балдаймын.
Қожанасыр: Мен Қожамын, Қожамын
Шегі жоқ бұл даңқымның.
Өмірімді арнармын,
Бақыты үшін халқымның.
Екеуі қосылып: Ақпейілмен дос болам,
Жамандарды қостаман.
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құт әкелсін Наурызым!
Алдар көсе бастап балалармен бірге «Асық ату» ойыны ойналады.
Ойын «Асық ату»
Қожанасыр бастап «Күш сынау» ойыны ойналады.
Ойын «Күш сынау» .
Бәрекелді балалар сендер өте күшті екенсіңдер! Өте өкінішті біз досымыз екеуміз енді бөтен балалардың Наурыз тойына баруымыз керек .Сау болыңыздар!
Балалар: Сау болыңдар!
Ендігі кезекті ата –аналарға береміз.
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
Наурыз белгілері:

Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”

Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”

Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”

Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”

Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”

Жүргізуші : Наурыз шаттық әніміз!
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз баршаға
Би билейміз бәріміз- деп ортада қазақтың ұлттық биі «Қара жорға»даярлық топ балалары.
Ата анамен қосылып Арқан тарту ойыны ойналады.
Жүргізуші: Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы
Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық- балалар мына әженің ауылында тұсаукесер тойы өтіп жатыр екен.
Света деген келініңіздін кішкентайының тұсауын сізге кестіртпекші Әже мына жиналған халық та ата-салтын тамашаласын.
Әуен жіберу «Тұсау кесу» әнін орындайды.
Жүргізуші: Ала жіпті алайық,
Әжеңе алып барайық.
Ержетті деп айтайық,
Шашуын жеп қайтайық!
(Ортаға тұсау кесуші шығып, баланың тұсауын кеседі )

Әже: (Алмагүл)
Қаз ,қаз балам,қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам
Қаз,қаз балам қаз балам,
Тақымыңды жаз балам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Әже: Шашу шашып, көріндігін береді.
Жортқанда жолың болсын!
Маңдайың ашық болсын!
Еліміздің үлкен азаматы бол!
Арғымақтай жүйрік бол!
Асқар таудай биік бол!
Аумин!
Ән шашу: « Наурыз - шашу! »
Әже шашу шашады.
Жүргізуші : Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка)
ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже)
- Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
- Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ
- Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды?
- 7 түрлі
- Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз
- Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған.
- Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар.
(ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді)
ӘЖЕ: РАҚМЕТ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (шығып кетеді).
Ән «Наурыз көктем»

Жүргізуші:
Ән қосылып әніңе Сән қосылып сәніңе Ырысты боп жаңа жыл Бақдарысын бәріңе Ой қосылып ойыңа Бой қосылып бойыңа Аман-есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!

Лаззат Бисенғалиева Болатбекқызы

Ақтөбе қаласы ,Ойыл ауданы, Екпетал мектеп балабақшасы

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
39

Пікірлер: 0

avatar