Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Ұстаз болу ол адамның ұлылығы

  • 0.0 Рейтинг
  • 955 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 142

Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға деп Абай атамыз айтқандай нағыз ұстаз болу- ол бақыт.
Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді,өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.Солардың бірі №3 жалпы орта мектебінің директоры «қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі Байназарова Жанар Асылбекқызы жайлы айтқым келеді.
Ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ұлағатты ұстаз өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Жанар Асылбекқызы-ның ұстаздық өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.
Саналы ұрпаққа сапалы тәрбие беру жолында ешбір шаршамаған,талмаған әрбір шәкіртіне оң жол көрсете білген.Өз білімін ұштастыра отырып терең біліммен шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған жан.Жанар Асылбекқызының заман талабына сай білім беру жолында өте үлкен ізденісте болуының өзі бір ғанибет.Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі, қазақи ақжарқындығы мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық, тек қана шәкірттеріне емес сол сияқты басшы ретінде мектебіміздегі жас мамандарға көмектесіп,оларды ізденімпаздыққа үйретіп келеді.
Жанар Асылбекқызының күлімдеп жымиғанының өзі бір шуағын төгіп тұрған нұр дерсің.
Біздің №3 жалпы орта мектебіміздің көркейіп,өсуі,әрбір оқушының алған жетістігі Жанар Асылбекқызымен бірге жұмыс жасап келе жатқан ұстаздардың еңбегі деп білемін олар Ақкүміс Сенбайқызы,Күміс Жасқалиқызы,Мейірімхан Қуанқызы,Құралай Нұртайқызы,Хамид Тұрсынбайұлы, Жамила Мұңалқызы,Мейрамгул Нұрбатырова,Меруерт Әділқызы, Қымбат Жұмаханқызы,Нұрпейіс Аманжолұлы,Жеңісгул Измаганбетова,Алтынай Имашева .
Осы орайда мына жыр шумағы есіме түсіп тұр:




Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы деген өлең біздің Ұстаздарға арналғандай.
«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім»,-деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты,бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Ұстаздық жолында Жанар Асылбекқызы өнерлі де өнегелі шәкірттерін үнемі мақтан тұтады.
Ол тек қана нағыз ұстаз ғана емес ,өз отбасының мәуелі бәйтерегі.
Ұстаздар мерекесінде Жанар Асылбекқызын және ол басқарып отырған №3 жалпы орта мектебінің ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін.

№3 жалпы орта мектептің информатика пәні мұғалімі:
Жаумитбаева Жанаргүл Саламатқызы

Жаумитбаева Жанаргуль Саламатовна

№3 жалпыорта мектебі,Баянды ауылы,Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы,

Логин:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar