Эссе "Менің педагогикалық ұстанымым"

Жарияланған материалдың жеке номері: 101


Менің педагогикалық ұстанымым

«Ұстаздық еткен жалықпас, уйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз болудағы қиын да жауапты , шығармашыл еңбекте, мұғалімнің ержүрек, батыл болғаныжөн деп ойлаймын. Ұстаз- ұлағатты есім. Шәкірттерінбілім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар берер адам деген ой сонау бала кезімнен менің санамда қалыптасқан.

Мұғалім мамандығына жастайымнан бейімделгенмін деуге болады. Көзімді ашып коргенім, құлағыммен алғаш естігенім де – мұғалім. Мені ешқашан «оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін» деген сұрақтар мазалаған емес. Әркім бір мамандыққа ыңғайланады, ал біздің педагогикалық гендерімізата-бабадан мұра болып қалған. Анам,әкем, ағай, апайларым, інілерім-бәрі оқытушылар. «Біз мұғалімдер династиясымыз» десек болады. Бұл дәйек менің мамандық таңдаудағыф алғашқы жетістігімнің бірі болды және тек қана осы жерде, балаларға тәрбие, білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген сенім берді.

19-20 жасымнан мұғалімдік жұмысқа кірісіп кеттім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, түсініктерін арттыру үшін маған қайта-қайта оқуға тура келеді. Осылайша менің бірінші ұстанымымпайда болды: басқаларды оқыту үшін, бірінші- өзім оқып, әрдайым ізденісте болуым керек.

Әр уақытта жұмыста өзіме сабақ бола алатын ұстаздарды көруге тырысамы, бұл маған күш, жігер береді, жұмысқа деген сенімділікке итереді. Ондай адамдардың алғашқылары болғандар- аяулы анам мен әкем. Өмірлік идеяларым десем де болады. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»дегендей олардан ата-ана тәрбиесімен қатар, педагогикалық-әдістемелік те тәрбие алудамын. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалымды таба білуім керек.

Ғұлама ғалым, ұстаз, ойшыл философ Ахмет Байтұрсынов: «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретінөнер-білім, сол өнер-білімге үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білер едік» деп армандаған егемендігімізге жеттік.
Ұмытылуға айналған салт-дәстүріміз жарыққа шығып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алды, ата заңымыз қабылданды. Ата қанымен, ана сүтімен бойымызға сіңген үлкенді сыйлау, құрметтеу, адамгершілік, ізгілік, ұяңдық, пәктік сияқты ұлтымыздың жақсы қасиеттерін, тәлімін, дәстүрін бала бойына сіңіре жүру, менің жұмысымдағы тағы бір кәсіби ұстанымым дер едім. Менің өз еліме, өз халқыма деген махаббатым шексіз, мен өз халқымның ақжарқын, қонақжай, жарқын мінезін, үлкен ізеттілік пен сыпайлық танытатын дәстүрін қашанда жоғары бағалаймын. Оны басқаларға айтып паш ету- тіл маманы ретінде менің міндетім деп білемін. Осындай үлкен міндеттерді алдыма қойып, өз шәкірттерімнің ой-санасына білім нәрін құйып, болашақ ұрпақты заман ағымына сай тәрбиелеп, үнемі жаңалыққа ұмтылсам деймін.Еңбегімнің жемісін ұзағынан көрсем деймін. Ол дегеніміз- оқушыларымның жеңістері, дарындылық қасиет- қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі т.б. Бұның бәрін мен, педагогикалық ұстанымдарының табыс формуласы десем де болатын шығар...

Қорыта айтсам, менің қызметтегі ұстанымым, мұратым—зиялы және білімді тұлға тәрбиелеу үшін өз әдістемелік шеберлігімді, тәжірибемді қашанда жетілдіріп отыру, оқушыларымды алдыңғы қатардан көру және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.

Қапасова Г.К.
қазақ тілі мен әдебиет
пәндерінің мұғалімі

Гульжан Капасова Камбарқызы

ВКО г.Риддер КГУ"Средняя школа №17 "

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1959

Пікірлер: 0

avatar