Күннен де білім жарық

Жарияланған материалдың жеке номері: 87


Күннен де білім жарық
«Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай, Һәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек.»
Ахмет Байтұрсынұлы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін жақсы оқыту болып табылады. Осы себепті ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарлама білім берудегі ықпалды толығымен өзгертеді.
Бағдарламаның мақсаты болашақ мұғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімділік қажеттіліктерін қанағатттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу екенін естен шығармау керек.
Бұл бағдарлама оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға, өз ойымен ғана шектелмей топтағы достарымен қарым-қатынасқа түсе отырып, топтағы мүшелердің пікірлерімен санасуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік пікірін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Бағдарламаның Қазақстандағы нәтижесі қандай болмақ, бізге беймәлім, себебі ол жаңа ғана біздің білім беру жүйесіне енуде. Қоғамымыздағы барлық ескі атаулары әрқашан жаман емес, барлық жақсы атаулары әрқашан жақсы емес. Ең бастысы саналы үйрену бар жерде, сапалы үйрету де болатындығына кәміл сенемін.

Муканова Елик Тасыбаевна

Ақморла облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы Жақсы №1 орта мектебі

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
1117

Пікірлер: 0

avatar