"Менің өмірлік ұстанымым

Жарияланған материалдың жеке номері: 316

Материал тегін жариялап, сертификат алу


Менің өмірлік ұстанымым.

Адам өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше адамгершілікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық ол ұстаздық . Бұлай айтудың өзі, ұстаз еңбегі біріншіден, адам өмірі тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі оқушыларымен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуде. Жыл сайын алдыма келіп отырған шәкірттеріме зер сала қараймын. Қараймын да ойланамын. Үмітпен талпынған олардың алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштен сезінемін. Сондықтан менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуы тиіс, өйткені сол жалынды оқушылардың жалынын байқап, жаға білу алдына қойған арман мақсатына дұрыс бағдар беру мұғалімнің парызы.

Қазіргі таңда ұстаз шәкіртіне білім негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Сондықтан білімді, еңбекқор бала жанын түсіне алатын болса ғана, ұстаз мақсатына жете алады деп ойлаймын. Бұл нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Мен өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын.
Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым; Жүрекке жол таба білу... Ұлтыма деген рухани діңгегі мықты, теңіз үстінде еркін самғай алатын, білім мен тәрбиеге сусынданған қос қанатын заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу.

Елбасымыз: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында. Себебі еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді»,-деген еді. Олай болса, өркениет өзегі – білім, ғылым, тәрбие десек, бұл мәселеге де өз үлесімді қосуым керек деп ойлаймын.
Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Елбасы тарих қатпарынан белгілі бір атаның ұлдары бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, «Мәңгілік Елге» даңғыл жол ашылатынын, Жаңа Стратегияны жүзеге асыруда қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетінін, бабалар өсиетіне адал, іс-қимылда ірілік көрсету қажеттігін тұжырымдай келе, бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену арқылы ғана XXI ғасыр Қазақстанның «алтын ғасырына» айнала алатындығы туралы ел-жұртына жеткізіп қойған жоқ, оған сенімді .
Біз үшін үлкен мақтаныш көшпелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Әлемдік деңгейдегі бұл көрме, еліміз үшін жаңа қатынастар құруға мүмкіндік бере отырып, Республикамызға жаңа жолдар ашты. Ал «Болашақ энергиясы» атты өткізу тақырыбы бойынша бүкіләлемдік өзекті мәселе – энергия көздерінің таусылуы туралы жаңа идеялар мен шешімдер талқыланды.

Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге - мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз елеіміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге - мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Абай атамның «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым

Турежанова Асель Жаксылыковна

Қостанай облысы,Әулиекөл ауданы ММ "Әулиекөл ауданы И.Я Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебі"

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
117

Пікірлер: 0

avatar