Меню
Артқа » » » Материал жариялау

Заман талабы

  • 0.0 Рейтинг
  • 459 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 147

Заман талабы.
Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісіңдер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор.
«Тіл үйреніңдер, жан-жақты болыңдар» дер едім. Тілдің қажеттілігі артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады.
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару Солтүстік Қазақстан Облысының Петропавл қаласындағы Қазақ –Түрік мектеп-лицей-интернатының да басты мақсаты болып табылады. Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау демекші, жазғы демалысқа қарамастан,оның үстіне тегін, Қазақ –Түрік мектеп-лицей-интернатының ұстаздары Елбасымыздың үш тілді жетік меңгеру керек деп айтқан сөзіне өз үлестерін қосуда. Қала бойынша әр мектептен 5- 6 сынып оқушылары осы лицейге ағылшын тілі курсына барып жүр. Курсты өте білімді, жан-жақты, дарынды , инабатты ұстаздар сабақ беруде.Сабақтарын әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы , ойын арқылы өткізіп, балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын оятуда.Өз балам осы курсқа асыға барады. Үйге келіп ұстаздардың берген тапсырмаларын шын ниетімен орындап, ағылшын тілінде сөйлеп, бізді де таң қалдырады. Ұстаздарға ата-аналар атынан үлкен алғыс білдіремін. Алтыннан қымбат уақыттарын қазіргі заманда біздің балаларымыздың оқу-біліміне қиып отырғандары үшін мұғалімдер мен ҚТЛ -нің директоры Аубакиров Ержан Бейімбетұлынна үлкен алғыс !
Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Раисова Нұргүл Сүннатқызы

CҚО Петропавл қаласы "№9 орта мектеп"КММ

Логин: raisova_1977

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Пікірді ешкім жазбаған.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
avatar