"Жаңартылған білім бағдарламасы-болашақ кепілі"

Жарияланған материалдың жеке номері: 273


«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре білуінде.Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білудің бірден бір жолы.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Осы бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілуі өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.Жалпы осы тілдік дағдыларды дамытуда, мен үшін тиімді болған әдістерге тоқтала кетсем.Сабақты бастауға арналған идеялар ретінде:
1. «Артығын алып таста» Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын көрсетіңіз (олар сабақ мазмұнына бойлау үшін). Олар қай сөз немесе суреттің қалғандарына қатысы жоқ екенін анықтауы керек.
2.« Бұл жауап болса, онда сұрақ қандай болады?» Оқушыларға нақтылау беріңіз жəне осы нақтылауға əкелген алғашқы сұрақты анықтауды сұраңыз.Мысалы: Ол қайда барады? деген тақырыпты анықтау үшін, мен сұрақтын жауабын айттым «ол мектепке барады».Сендер осы сөйлемге сұрақты қалай қояр едіңдер? Мұндай жұмысты Мынау не?, Бұл кім? тақырыбын өткен кезде жүргіздім.
3.«Құпияға толы зат» оқушыларға затты көрсетіңіз. Олардан оның не екенін жəне сабақпен қандай байланысы бар екенін анықтауды сұраңыз.
Жазылым,оқылым,айтылым дағдыларын дамытуда диаграмма әдістерін қолдану өте тиіміді.Солардың бірі:
1.Дара диаграмма әдісін мен «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі негізгі
кейіпкерледі жазу кезінде.Сондай-ақ «Аңдар», «Үй жануарлары», «Отбасы»
тақырыбында қолдандым.
2. «Хикая картасы» әдісі білім алушылар қызығушылықпен орындады.Мен
бұл әдісті «Ол қайда барады?» тақырыбында қолдандым .Білім алушылар
тауға,үйге,дүкенге,саябаққа барамын деп жазып және суретін салды.
3. « Ойдағыны табу» әдісі қолдандым.Тақырып төңірегінде бір оқушыны
шығарып,оны не туралы ойланып отырғанын әр оқушы топшылайды.Сен бір
аң туралы ойланып отырсың? Қандай аң туралы ойланып отыр деп
ойласыңдар? Эдуард қайда барамын деп ойланып отыр.Әркім әр түрлі жауап
берді,біреуі тауға,біреуі саябаққа деп жауап қайтарды.Содан соң не туралы
ойланғанын оқушыдан сұрадық.
Табиғи әдіске сәйкес жаттығулар өзге ұлт өкілдерін оқытуда өте тиімді әдістердің бірі.
1. Мұғалімнің әңгімесі сыныптағы объектілерге және суреттердің мазмұнына шоғырланады;
2.Оқушылар дайын болмаса, сабақ барысында басқа оқушылармен жұмыс жасай отырып,қайталау жұмыстарын жүргіземін.Содан соң сұрақ қою арқылы оқушының қаншалықты еске түсіргенін байқаймын.
3. Сұрақ қойғанда ақырын және анық сөйлей отырып, бір сөзден тұратын жауап беруге жағдай жасаймын. Яғни сұрақтар иә/жоқ деп жауап берілетін сұрақтардан бастап кеңейтілген жауап талап ететін сұраққа қарай біртіндеп күрделене береді.Сондай-ақ дұрыс/дұрыс емес,ақиқат/жалған сөздерін қолдандық.Мысалы: Мынау оқушы ма? «иә» немесе «Бұл-оқушы» деп жауап беруге үйренді.
3. Оқушылар белгілі бір сөздерді күнделікті қолданады деп күтуге болмайды.Сондықтан өткен сөздерді байланыстырып немесе қайталап отыру керек.Мысалы; тыңдаймын,жазамы,оқимын,сурет саламын,сөйлеймін сөздерін «Қазақ тілі сабағында не істейміз?»-деп ым-ишарамен көрсету арқылы еске түсіріп отырдық.
4.Сондай-ақ «Тыңдау-көру-орындау» әдісі оқушылар үшін өте қызықты болды. Оқушылар жаңа сөздерді ым-ишарамен көрсету арқылы тапты.Бір оқушы сурет саламын сөзін көрсетсе,екінші оқушы оның не істеп тұрғанын айтады.Бұндай іс-әрекетті жазамын, сөйлеймін, тыңдаймын, тебемін, ойнаймын, үй жануарларын көрсету арқылы жүргізілді.Бір оқушының іс-әркетті орындату арқылы да жүзеге асырдым.Қарындашынды ал,дәптеріңді бер.
ТҮҚ жаттығуларын қолдану оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырады.
• «Ақпараттағы ақау» жаттығуын – оқушылар рөлдік ойын арқылы жаттықты.Мысалы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдады,содан соң әр оқушыға рөл бөлініп,кейіпкердің сөздері таратылды.Бұл тапсырмада оқушылар қызығушылықпен орындап,өздерін сол кейіпкер ретінде сомдауға тырысты. «Мен ертегі білемін» тақырыбында оқушылар «Бауырсақ» ертегісін рөлге бөліп орындады.Сондай-ақ «Көлік түрлері» тақырыбында жол жүру ережесіне сай рөлдік ойын көрсетті.Әр оқушы мәшине,автобус,велосипед болып бір оқушы бағдаршамның рөлін атқарды.
• «Пазл» әдісі – оқушылар бүтін сөз,сөз тіркесін,сөйлем бөліктерін біріктіреді.
• Тапсырманы аяқтауға арналған жаттығулар – миға шабуыл жасау арқылы шешуді талап ететін тапсырма берілді. Мысалы «Мақта қыз бен мысық» бен «Бауырсақ» ертегісін қалай аяқтар едің? деген сұрақ төңірегінде сурет салу жұмысы берілді.Әркім өз бетінше ертегіні аяқтады.
Үш тілділік-заман талабы.Осы мақсатта сабақ барысында оқушылармен ағылшын,орыс,қазақ тілінде тақырып бойынша сабақтарөткізілді.Бұл оқушылардың «Көлік түрлері» тақырбында көліктің атауларын үш тілде айта білуіне мүмкіндік берді.Сахналық көріністер арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. «Саяхат» тақырыбын қайталағанда оқушылар мектепке кіммен баратын көрсетті.Мысалы: бір оқушы атасы,анасы,әкесі болып ойнады.Екінші топ мектепке немен баратынын көрсетті,яғни олар мәшине,автобус,велосипед болды.
Сабақтың рефлексия кезенінде «Бес саусақ», «Өз миынды суретте», «Бес қадам», «Бір минут қана», «Жетістік баспалдағы», «Рефлексияляқ нысана» қолдануға болады.
Қорыта келе, мен сөзімді ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Смагулова Бекзат Боранбайкызы

Қарағанды облысы, Саран қаласы №7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты

Ұстаздарға арналған сертификаттар
18
Декабрь
0
507

Пікірлер: 0

avatar